Атлах шайқасы «халықтар шайқасы» болды ма? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

 Атлах шайқасы «халықтар шайқасы»  болды ма? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Атлах шайқасы «халықтар шайқасы» болды ма?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау
көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
Сабақ мақсаттары: Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау.
М Шайқас, соғыс туралы суреттерді көрсету және олардың себептерін сұрау.Оқушылар соғыс немесе шайқастардың себептерін анықтайды. Мысалдар келтіреді. Нәтижесінде оқушылар шайқастың,соғыстың жер үшін, билік үшін, тәуелсіздік, т.б. болатындығы туралы тұжырым айтады (оларды тақтаға жазып қоюға болады).
М Оқушылар сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырылады(оқушыларды сабақ мақсатын құрастыруға қатыстыруға болады)
Зерттеу
Б Атлах шайқасы туралы мәтін ұсынылады.
оқушылар «5 W» стратегиясы бойынша Кімдер? Не? Неге?Қашан? Қайда? сұрақтарға жауап жаза отырып, Атлах шайқасы туралы ақпарат алады.
Тапсырманың жауабы 2-3 оқушыдан тексеріліп, толықтырылады.
Б Кескін картамен жұмыс. Атлах шайқасының орнын, Тан империясының және арабтардың жаулап алу бағыттарын көрсетіп, кескін картаға түсіреді.
Б Алған білімдеріне сүйене отырып,Атлах шайқасына қатысушы ретінде «сұхбат алу». Оқушылар бір- біріне сұрақтар қояды. Мысалы:Сіз не көрдіңіз?
Бұл қай жерде болды? Соғыс немен бітті? т.б.
М Оқушылардан алдыңғы сабақтан есте қалған екі нәрсені сұрау.
-Не естеріңде қалды?
-Не таң қалдырды?Оқушылар жұпта бір-біріне пікірлерін айтады.Мұғалім қалауы бойынша бір жұптың жауабын тыңдайды.
М Оқушылардың бүгін топта жұмыс істейтінін айтады.Оқушылардың білімдерін топта бағалау критерийлерін ұсынады.Оқушылардан танысып, сұрақ болса қоюларын сұрайды.
Талдау
Т Атлах шайқасының маңыздылығы жайлы дерек
ұсынылады (Василий Бартольд зерттеулері бойынша)
Содан соң әр топқа Атлах шайқасы маңыздылығының әртүрлі себептері жазылған карточкалар беріледі, оқушылар оны топтастырып және оған ат қою керек. Оқушыларға қалай топтастырудың жолдары айтылмайды.
Атлах шайқасы туралы қытай тарихшылары оқиғаның қалай болғанын жазып алды.
Қазіргі кездегі түркі тілдес халықтар (мысалы қазақтар) Атлах шайқасын ұлы жеңістерінің бірі деп санайды.
Тан империясы 751 ж. Атлах шайқасынан кейін ұзақ уақыт шабуылдарын жалғастырды.
Атлах шайқасына қарамастан арабтар мен қытайлықтар бір – бірімен қарым – қатынасты жалғастырды.
Атлах шайқасында түркі әскері арабтарды қолдады.
Атлах шайқасы Орта Азияға ислам дінін таратуға бірден – бір жолы болды (Қазақстанды қоса алғанда) түркі халықтардың көбісі ислам дінін соңына дейін қабылдаған жоқ, өйткені арабтар Атлах шайқасында жеңіске жеткен еді.
Соңында Қытай Орта Азияны жаулап алуды тоқтатты.
Араб күші Атлах шайқасында қытайлықтардың қағаз жасаушыларын тұтқынға алып, бүкіл араб әлеміне тарата бастады.
Орта Азия халықтары Атлах шайқасынан бұрын қағазды пайдаланып келген еді.
Атлах шайқасы Орта Азия халықтарына түркі әскерінің күштілігін, шеберлігін көрсетуге ықпал етті.
Араб жазбалары Атлах шайқасына көп көңіл бөлмей жазды, өйткені сол сәтте бұл оқиғадан гөрі өзге маңыздырақ оқиғалар болған еді.
Араб тарихшылары Атлах шайқасы жайлы кейін жаза бастады, нақтырақ айтсақ, күштері, биліктері әлсіреген сәтте.
Т Топта талқылап болғаннан кейін маңыздылығына қарай қалай топтастырғандарын түсіндіреді. 3 топ бір топқа қонаққа барады. Егер басқа топта өзгешелік болса, олар өз өзгерістерімен бөліседі.Сұрақтар қояды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 537



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!