Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

 Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 6.1.2.1 – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау;
6.3.1.11 – қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау.
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Тәуке хан кімнің баласы?
2. Тәуке хан қай жылдары билік етті?
3. Қазақ хандығының астанасы?
4. Тәуке хан кімдердің билігін көтерді?
5. Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталды?
6. Ханның заңы не себепті “жеті жарғы” деп аталды?
7. “Жеті жарғы” заңдар жинағы қай жерде қабылданды?
8. Тәуке ханның заңы неше бөлімнен тұрды?
9. 1694 ж Тәуке хан қай елмен дипломатикалық қатынас жасады?
10. Тәуке хан кезеңі қалай аталды?
Б/Ж Оқушылардың назарына екі сурет беріледі. Біреуі – жұмысшы, екіншісі – кәсіпкер. «Сіздің ойыныңызша, кәсіпкер жұмысшыға тәуелді ме немесе жұмысшы кәсіпкерге тәуелді ме?» – деген жетелеуші сұрақтар қойылады.
Б/Ж Келесі кезекте оқушыларға хан, би, сұлтан, молда, малшы, батыр деген жазуы бар карточкаларды таратылып беріледі. Оқушылардың міндеті жоғарыдағы әлеуметтік топтың өкілдеріне 3-4 сөйлемнен тұратын сипаттама беру. Оқушылар бұл тапсырманы жұптасып, топтасып орындай алады.
Осыдан кейін сабақтың тақырыбына шығу және сабақтың мақсаттарын түсіндіру
Сіздің зерттеуіңіз:
 Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау;
 Қоғамдық-саяси өміріндегі батыр, би, сұлтан, жыраулардың қоғамдағы қызметтерін анықтау;
Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің билік жүйесінің ерекшеліктерін анықтау.
Б Оқушыларға Қазақ хандығындағы қоғамдағы қатынастар мен әлеуметтік топтар туралы фильм ұсынылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді:
1.Фильмнің негізгі ойы неде?
2.Қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастардың ерекшелігі неде?
3.Қандай қорытынды шығара аласындар?
Оқушылардың пікірлерін тыңдағаннан кейін сыныпты топтарға бөліңіз.
1 - тапсырма
Т Оқуышларға қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтар туралы мәлімет беріледі. Оқушылар мәтінді оқып шығып, әлеуметтік топтарды экономикалық еркіндігіне байланысты пирамидаға тізбектеп шығады.
Ескертпе: топтарға әр әлеуметтік топтың өкілдері жайлы дайын мәлімет беруге немесе интернет көздері арқылы өздері іздестіріп, ашуларына болады.
Бір сәт тоқталып, ойланыңыз.
• Сіздің ойыңызша, Қазақ хандығында қандай әлеуметтік топ экономикалық тұрғыдан еркін болды?
• Орта ғасырларда ең басты байлық не болып табылды?
• Не нәрсе еркіндікті қамтамасыз етті? Әр әлеуметтік топтың экономикалық рөлін түсіндіріп беріңіз.......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий