Қазақ хандығының құрылуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

 Қазақ хандығының құрылуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән:Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3 Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы
Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.9 – Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау;
6.2.3.4 – М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру;
6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек сұлтандардың саясатына баға береді.
(Б) БЫМ. Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту үшін бастапқы ынталандырушы материал ретінде Г.Ю.Цезарь, Керей және Жәнібек хандар, Рубикон өзенінің суреті беріледі.
 Суреттерден не көріп тұрсыңдар?
 Бұл суреттерді не байланыстырады?
 Қандай қорытынды шығаруға болады?
(С) Оқушылар «Рубиконды көшіп өту» ұғымын талқылайды, барысында жаңа мемлекетті құруға қолайлы сәттің келгені, оның неізін қалаушылардың тәуекелге бел буғандығы туралы айтулары ықтимал.
(М) Егер оқушылардың жауап беруі қиындық туғызған жағдайда олардың ой-пікірін төмендегі жетелеуші сұрақтарды қоя отырып, тыңдаңыз.
• 14-15 ғасырларда Қазақстан аумағында қандай ірі мемлекеттер өмір сүрді?
• Ақ Орда ханы Барақтың тікелей мұрагері бола тұра Керей мен Жәнібектің хан болмау себептері неде?
• Рубиконды кешіп өту деген не?
• Қазақ хандығын құру мен Рубиконды кешіп өтудің арасында қандай байланыс бар?
• Қазақ хандығын құру үшін қандай қолайлы жағдай туды?
Жаңа сабақтың тақырыбын, зерттеу сұрағы, мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
Зерттеу және талдау
Т. Дерекпен жұмыс
1-топ.
1-дерек. «Қазақ хандығының құрылуы». (Қосымша 1)
Деректі талдауға нұсқаулық:
1) Оқиға орнын сипатта, басты кейіпкерлерін анықта.
2) Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары мен себептерін түсіндір.
3) Оларды ұзақ және қысқа мерзімді себептерге жікте және сылтауын ажырат.
Дескриптор:
- Оқиға орнын сипаттайды (картадан көрсетеді), басты кейіпкерлерін анықтайды
- Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын түсіндіреді
- Қазақ хандығының құрылуының себептерін ұзақ және қысқа мерзімді себептерге жіктейді.
2-топ.
2-дерек. «Қазақ хандығының сыртқы саясаты». (Қосымша 2)
Деректі талдауға нұсқаулық:
1) Қазақ хандарының одақтастары мен қарсыластарын анықта;
2) Керей мен Жәнібек хандардың стратегиялық маңызы бар қалалар үшін жүргізген күрестері ақталды ма?
3) Керей мен Жәнібек хандардың іс–әрекетіне, тұлға ретіндегі қызметіне, адамгершілік қасиеттеріне баға беру.
4) Егерде бұл оқиға біздің заманымызда орын алса, не болар еді?......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 899



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?