X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

  X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер 3-сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылар қазақ жерінде құрылған мемлекеттерге қатысты саяси үдерістерді түсінеді және мемлекеттерді картадан көрсетеді. X-XIII ғасырларда қоғамдық өмірдегі орын алған өзгерістерді және бұл өзгеріске әсер еткен факторларды қарастырады.
Б Ой қозғау. Алдыңғы сабақтардан алған білімдерін еске түсіртіңіз. VI-IX ғасырларда өмір сүрген мемлекеттерге тән ортақ белгілерді атаңыз. Ортақ саяси, экономикалық, мәдени белгілерді топтастырыңыз.
Сабақтың тақырыбы және мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстыру.
Б Х-ХІІІ ғасырлардағы саяси картаны шығарып, аумақтық өзгерістерді талдау. Картадан Қарахан мемлекеті, Қыпшақ хандығы, наймандар, керейіттер, жалайырлардың территорияларын, Ұлы Жібек жолының тармақтарын көрсетіп, қысқаша шолу жасаңыз. (Қосымша 1)
Оқушылардан VI – IX ғғ. саяси картадағы тайпалық одақтар мен мемлекеттердің орналасуын X – XIII ғғ. өмір сүрген мемлекеттердің территорияларымен салыстырып, белгілеуді сұраңыз. Өзгерістерді анықтап, оларға түсіндірме беруді сұраңыз.
Зерттеу мен талдау
Тапсырма. (Т)
Х-ХІІІ ғасырлардағы өзгерістерді салалар бойынша талдау тапсырмасын ұсыныңыз. Мәтін мен суреттерді қолданады. (Қосымша 2)
1 топ – мәдениет
2 топ – экономика
3 топ – саясат
4 топ- шаруашылық
Оқушылар ақпаратты постерге «кілемше тоқу» әдісі бойынша төрт жағына жазып, қорғайды.
Топтардың бірін-бірі бағалауы
Бағалау критерийі: Х-ХІІІ ғасырлардағы мемлекеттердің дамуындағы өзгерістерді талдайды.
Дескрипторлар:
 Мәдениет саласындағы ең басты екі өзгерісті атайды.
 Экономика саласындағы негізгі екі өзгерісті анықтайды.
 Саяси жүйедегі негізгі екі өзгерісті анықтайды.
 Шаруашылық саласындағы маңызды екі өзгерісті түсіндіреді.
Мұғалімнің бағалау критерийі бойынша оқушыларға кері байланысы.
Рефлексия: Білдім-Білемін-Білгім келеді.....

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий