X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

  X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер 1-сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылар қазақ жерінде құрылған мемлекеттерге қатысты саяси үдерістерді түсінеді және мемлекеттерді картадан көрсетеді. X-XIII ғасырларда қоғамдық өмірдегі орын алған өзгерістерді және бұл өзгеріске әсер еткен факторларды қарастырады.
Б Бастапқы стимул. Оқушыларды тақырыпқа қызықтыру үшін уақыт сызығын көрсетіп, болжау жасату.
Сабақтың тақырыбы және мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстыру.
Б Сабақтың кілт сөздерімен жұмыс (Қосымша 1) : дамыған орта ғасырлар, Ұлы Жібек жолы, Қарахан, Қыпшақ, Дешті Қыпшақ, Жалайыр, Керейт, Найман, Ислам діні, Сәулет өнері.
Әр оқушыға бір кілт сөзден таратылады, ол басқа оқушыларға көрсетпеуі керек. Шеңбер бойымен оқушыларды орналастырып, бір оқушы кілт сөзін бастап айтады. Келесі оқушы алдыңғы оқушының кілт сөзін айтып, соңында өз кілт сөзін ауызша айтады, осылай шеңбер бойымен оқушылар бір-бірінің кілт сөздерін еске сақтап, жалғастырып кетуі қажет. Кілт сөздерді жазып алуға болмайды, есте сақтап отыру қажет, айтқан кезде ретімен әрі барынша тез айту керек. Бұл тәсіл жаңа сөздерді еске сақтап, жылдам ойлауға ықпал етеді.
М Қысқаша шолу. Оқушыларға дамыған орта ғасырлардың саяси картасын көрсету. Картадан Қарахан мемлекеті, Қыпшақ хандығы, наймандар, керейіттер, жалайырлардың аумақтарын, Ұлы Жібек жолының тармақтарын көрсетіп, мемлекеттер тарихына қысқаша шолу жасау.
Сабақтың зерттеу сұрақтары:
• X – XIII ғғ. Қазақстанның саяси картасында қандай өзгерістер болды? Саяси картадағы өзгерістердің себептері неде болды?
• Ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және қосалқы себептері қандай?
Зерттеу мен талдау
1-тапсырма. (Ж/Т)
Х-ХІІІ ғғ. саяси картада қандай өзгерістер болды? Бұл өзгерістердің себептері неде болды? Қай мемлекеттер ыдырап, қандай мемлекеттер құрылды? Қай мемлекеттер сақталды?
Қосымша 2 (берілген карталарды салыстыруды ұсыныңыз)
Дескрипторлар:
 Х-ХІІІ ғғ. өмір сүрген 4 мемлекетті атайды.
 Дамыған орта ғасырларда өмір сүрген 4 мемлекеттің хронологиясын біледі.
 Картада дамыған орта ғасырлық 4 мемлекеттің аумағын және астаналарын белгілейді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 778



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!