Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

 Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі 4-сабақ
Сабақ мақсаты: Оқушылар Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын түсінеді, халықаралық қатынастардың дамуындағы рөліне баға береді.
Ұйымдастыру бөлімі
БЫМ Ұлы Жібек жолының тарихын бүгінгі өмірмен қалай байланыстыра аламыз?
Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
Зерттеу және талдау
Т 1-тапсырма. Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырып, кесте ұсыныңыз. Кестеде Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын
• Саяси (1-топ)
• экономикалық (2-топ)
• мәдени (3-топ)
салалар бойынша топтастырып, маңыздылық дәрежесіне қарай жіктеуді тапсырыңыз.
Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы
Саяси Экономикалық Мәдени
Мұғалімнің бағалауы
Бағалауы критерийі: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы рөліне баға береді.
Дескрипторлар:
Ұлы Жібек жолының саяси не экономикалық саладағы байланыстарды дамытуы туралы пікірін білдіреді;
Саяси/ экономикалық байланыстарды дамытудағы маңызына кемінде екі дәлел келтіреді;
Қарама-қарсы пікірге контраргумент келтіре алады.
Б Сабақ соңында «Ұлы Жібек жолының дамуы халықаралық қатынастардың нығаюына әкелді ме, әлде керісінше қайшылықтардың күшеюіне әкелді ме?» деген сұрақ арқылы дәлелді қорытынды жасатыңыз.
М Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелгендігін қазіргі өмірмен байланыстырыңыз. Елбасының «Жаңа Жібек жолының» жаңғыруы жобасымен таныстырып, сабақты қорытындылаңыз......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий