Наймандар, керейіттер және жалайырлар 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

 Наймандар, керейіттер және жалайырлар 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Наймандар, керейіттер және жалайырлар 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Сабақ мақсаттары: Қазақстан аумағындағы Х-ХІІІ ғасырлардағы Найман, Керейіт, Жалайыр мемлекеттерінің басқа мемлекеттермен сабақтастығын талдау
Ұйымдастыру.
Б Сыныпқа 1-сабақ басында қойылған сұрақты қайта ұсыныңыз: «Найман, керейіт және жалайырлардың Орталық Азиядан Қазақстан аумағына қоныс аударуына қандай себептер әсер етуі мүмкін?»
Оқушылар дәйек келтіре отырып, өз жауаптарын ұсынады.
Оқу мақсаты мен бағалау критерийін таныстырыңыз.
Ж/ Т Тапсырма.
Найман, керейіт жалайырлар мемлекеттерінің ерекшеліктерін талдау:
1-топ. Түрік қағанатымен салыстыру
2-топ. Қарахан мемлекетімен салыстыру
3-топ. Найман, керейіт, жалайыр мемлекеттерін өзара салыстыру.
Бағалау: топтық
Бағалау критерийі:
Найман, керейіт, жалайыр мемлекеттерінің ерекшеліктерін талдау.
Дескрипторлар:
• Түрік қағанатымен салыстыра отырып, найман,жалайыр, керейіттердің ішкі - сыртқы саяси жағдайының, қоғамдық құрылысының ерекшелігін атайды.
• Қарахан мемлекетімен салыстыра отырып, найман,жалайыр, керейіттердің ішкі - сыртқы саяси жағдайының, қоғамдық құрылысының ерекшелігін атайды.
• Найман, жалайыр, керейіттердің ішкі - сыртқы саяси жағдайының, қоғамдық құрылысының ерекшелігін атайды.
• Түрік қағанаты, Қарахан мемлекетімен ұқсастықтарын көрсетеді.
Б Талқылау:
- Қазақстан аумағына найман, керейіт, жалайырлардың қоныс аударуы қалай жүрді? Негізгі себептерін атап, оларды басты оқиғаларымен байланыстырыңыз.
- Найман, керейіт, жалайырлардың Қазақстан аумағына қоныс аударуының нәтижесінде қандай этникалық өзгерістер орын алды?
- Бұл этникалық өзгерістердің маңызы неде?
М Оқушылардың берген жауаптарына сүйене отырып, қазақ халқының этникалық құрамы мен мемлекетінің қалыптасуындағы Х-ХІІІ ғғ. қоныс аударған тайпалардың рөлінің маңыздылығы туралы сабақ қорытындысын жасау.....

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий