Наймандар, керейіттер және жалайырлар 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

 Наймандар, керейіттер және жалайырлар 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Наймандар, керейіттер және жалайырлар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Сабақ мақсаттары: Қазақстан аумағындағы Х-ХІІІ ғасырлардағы Найман, Керейіт, Жалайыр мемлекеттерінің даму ерекшеліктерін талдау
Сәлемдесу. Жағымды ахуал орнату.
Бастапқы стимул тудырушы материал.
Оқушыларға VI – IX ғғ.және Х-ХІІ ғғ. Қазақстанның ортағасырлық картасын салыстыруды және Қазақстанның саяси картасындағы өзгерістерді анықтау тапсырмасын беріңіз (найман, жалайыр, керейіт тайпаларының орналасуына баса назар аудартыңыз).
М Оқушылармен келесі сұраққа талқылау ұйымдастырыңыз: Найман, керейіт және жалайырлардың Орталық Азиядан Қазақстан аумағына қоныс аударуына қандай себептер әсер етуі мүмкін? Оқушылардың пікірлері мен болжамдарын тыңдап, аталған тайпалардың Қазақстан аумағына қоныстану себептерін түсіндіріңіз.
Тапсырма.
Топтық жұмыс. «Орта ғасырлардағы саяси сахнадағы найман, керейіт және жалайырлардың рөлі қандай?» сұрағы бойынша ой талқы ұйымдастырыңыз.
Әр топқа келесі мәселелер қамтылған мәтін таратыңыз:
1-топ. Ішкі саяси жағдай
2-топ. Сыртқы саяси жағдай
3-топ. Қоғамдық-саяси құрылыс
Дескрипторлар:
- Найман, керейіт, жалайырлар қоныстанған аумақтағы өзгерістерді анықтайды;
- Найман, керейіт, жалайырлардың аумағы мен астанасын картада көрсетеді;
- Ішкі және сыртқы саясатындағы негізгі фактілерді анықтайды;
- Көршілес тайпалармен өзара қарым-қатынастарының нәтижелерін талдайды;
- Басқару жүйесінің ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Жұмыс нәтижелерін қорғау формасы: презентация.
Презентацияны өзара бағалау үшін келесі критерийлерді қолдануды ұсынуға болады:
1. Кем дегенде 3 слайд;
2. Әр слайдта 3-тен көп емес сөйлемнің болуы;
3. Әр слайдта кем дегенде 2 иллюстрацияның болуы;
4. Слайдтардың өзара байланысты және бірізділіктің болуы.
Презентацияны қорғау барысында басқа топтардың назарын тапсырмаға аудару үшін жеке тапсырма беріңіз:
Бір топ – Саяси тұлғалар туралы басты ақпаратты жазып отыру (Наркеш Даян, Торы хан, Күшлік, Жамұқа, Мұқалы);
Екінші топ – Басты оқиғалар хронологиясын жазу (1201 ж. құрылтай, 1204 ж. шайқас, 1201 ж. Жамұқаның гурхан деп жариялануы).
Тапсырма соңында оқушылар мұғалімнің көмегімен найман, керейіт, жалайырлардың орта ғасырлардағы саяси үдерістердегі рөлін түсіндірулері керек.......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий