Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізді? (2сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

 Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізді? (2сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар: 5.4В Сарматтар
Сабақ тақырыбы: Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізді? (2сағат)
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): 5.3.2.1 сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау
Сабақ мақсаттары: Сарматтардың көрші/ шалғай елдермен саяси қатынасын зерделеп талдау. Әскери өнердегі әйелдердің рөлін анықтау.
Өткен тақырыпты қайталау. Сәйкестендіру. Сарматтардың қоныстанған аймағы мен ескерткіштерін сәйкестендір.
1 Атырау облысы, Жылыой ауданы Сынтас ексерткіші А
2 Ақтобе облысы Мартөк ауданы Аралтөбе ескерткіші В
3 Елек өзенінің бойы Бесоба ескерткіші С
Жауабы
1 2 3
В С А
Дескрипторлар:
Қазақстан территориясын мекендеген сарматтардың археологиялық ескерткіштерін біледі;
Сармат қорғандарының орналасуын анықтайды.
Б Сыныпқа Қазақстанның ежелгі картасын ұсыныңыз. Картамен жұмыс жасау арқылы оқушыларға келесі сұрақты қою:
• Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізуі мүмкін?
• Оның себептері қандай?
Оқушылардың болжамдарын тыңдау.
М Сабақ тақырыбы, сабақ мақсаты мен табыс критерийлерімен таныстырып, сарматтардың жорықтары туралы қысқаша айта кету
Зерттеу мен талдау
Б/Т Деректермен жұмысты ұйымдастыру.
Т Тапсырма «Үш қадамдық сұхбат». Оқушылар мәтінмен жұмыстанады, сосын «Конверт сұрақ» тәсілімен сұрақтарға жауап береді.
«Үш қадамдық сұхбат» құралының алгоритмі
Орналастыру:
Сыныптағы оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Сыныпта шағын топтармен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалуы керек.
Жұмыс алгоритмі:
Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В.
1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.
2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.
3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.
Өзара бағалау мүмкіндігі бар. Бағалау критерийін оқушылармен бірге шығарып, жоғары ұпайды анықтауға болады.
Мысалы:
Жүйелі әңгімелеу – 1 ұпай
Сұрақты жауапсыз қалдырмау – 1 ұпай
Уақытқа бағыну – 1 ұпай
Кедергі келтірмеу – 1 ұпай
Барлығы – 4 ұпай.......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий