Ғұндардың жаугершілік жорықтары антикалық кезеңнен ортағасырға өтудің бір факторы ретінде (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

 Ғұндардың жаугершілік жорықтары антикалық кезеңнен ортағасырға өтудің бір факторы ретінде  (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4A Ғұндар
Сабақтың тақырыбы: Ғұндардың жаугершілік жорықтары антикалық кезеңнен ортағасырға өтудің бір факторы ретінде
Оқу мақсаты: Халықтардың Ұлы қоныс аударуының оң және теріс салдарларын анықтау
Тарихи деректерді талдау негізінде, антикалық кезеңнен орта ғасырға өтудің заңдылықтарын қорыту
Сабақтың мақсаты: Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орны және Атилланың өмірі туралы оқушылардың алған білімдерін саралау.
Тақырыпқа байланысты суреттер (карта) беріледі. Оқушылар тақырыпты айқындайды.
Тапсырма – 1. Өз білімдеріңді пайдалана отырып, «Ғұндар» тақырыбына интеллект карта құрастыр.
Тапсырма – 2. Картаны пайдалана отырып, Батыс Ғұн империясымен шектесетін мемлекеттер мен жер-су атауларын анықтап, сипатта.
Тапсырма – 3.Мәтінмен жұмыс. Жазылым.
1.Ғұндардың батысқа жорығы тарихта неліктен «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталады? Өз ойыңды жаз
2.Неліктен Еуропа мемлекеттері оларға қарсы тұра алмады?
Тапсырма – 4. Бес саусақ стратегиясы арқылы мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықта.
Қалыптастырушы жұмыс. Эссе. Кері байланыс.
1. Ж Сабақта көрген білгенін, сезгенін cтикерге жазуды ұсынылады.
-Сұрақтар
-Ұсыныстар. (бағыттаушы сұрақтар)......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий