Ғаламдық проблемалар (10 сынып, IV тоқсан)

 Ғаламдық проблемалар (10 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Сабақ тақырыбы: Ғаламдық проблемалар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)10.7.1.1. Адамзаттың ғаламдық проблемаларын жіктейді.
Сабақ мақсаттары: Ғаламдық проблемаларды анықтайды.
Ғаламдық проблемаларды жіктейді.
сәлемдесу
түгелдеу
ынтымақтастық атмосферасын құру үшін жасалатын әрекет. Оқушылар шеңберге тұрғызылады, ғаламдық мәселелер жайында бар білетіндерін ортада бөліседі.
 Жаңа тақырып бойынша жетекші ұғымдар мен түсініктер:
Ғаламдық проблема ұғымы.
Ғаламдық проблема түрлері
Жаңа тақырып бойынша тірек схемалармен жұмыс
«Түсіну» теориялық білім
Ғаламдық проблема ұғымы. Адамзаттың ғаламдық мәселелері
ХХ ғасырдың соңғы 10 жылы дүние жүзі халықтары алдында көптеген шиеленіскен және күрделі проблемаларды қойды. Олар ғаламдық проблемалар деген атқа ие болды.
Ғаламдық проблемалар дегеніміз – бүкіл адамзатқа қатысты проблемалар. Олар дүниежүзілік қоғамдастық елдерінің арасындағы қарым - қатынастарды, қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды, ресурстармен қамтамасыз етуді бірлесіп шешу мәселелерін қамтиды. Ғаламдық сұрақтар мен қоғамдық жауаптардың болуын, оларды шешу үшін кең көлемді халықаралық ынтымақтастық болуын талап етеді.
Ғаламдық проблемалар өзінің бір – бірімен әрекеттесуінде өзінше мынадай үшбұрыш құрайды.
АДАМ – халықтың әлеуметтік дамуы;
ҚОҒАМ – экономикалық дамуы;
ТАБИҒАТ – айналадағы ортаға ықпалы.
Проблема түрлерінің байланысы:
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ ПРОБЛЕМА:
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРОБЛЕМА:
ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМА:
Ғаламдық проблема түрлері
Сипаттары жағынан ғаламдық проблемалар әр түрлі, бірақ олардың бәрінің арқауы адамзаттың географиялық бірлігі және оның аман қалуы идеясы.
Ғаламдық проблемаларды қаншалықты қуатты болса да бірде - бір мемлекет, не мемлекеттердің бірде - бір тобы өз күшімен шеше алмайды. Тек бейбітшілік жағдайында барша елдер күш біріктіргенде ғана, өзара тәуелді екендігін баршамыз ұғынып, жалпы адамзаттық міндеттер бірінші орынға қойылған күнде ғана халықтар ертеңгі күнге сенімді бола алады, әлеуметтік және экологиялық апаттардың алдын алуға болады және түптеп келгенде аман қалудың амалы да осы. Ядролық қыс» концепциясы.
Ядролық жарылыстардың салдарынан жаппай өрт шығып, атмосфераға орасан көп мөлшерде күйе, күл, улы газдар жайылады. Ұнтақ күлден түзілген қою бұлт күннің сәулесін жерге жеткізбей, кері шағылыстырып жібереді. Жер үстін қара түнек -«ядролық түн» басады. Осының салдарынан планетаның радиациялық балансы бұзылады, жер бетіндегі температура әп - сәттің арасында шамамен 15 - 20 градусқа төмендейді. Атмосферадағы циркуляция жүйесі түбірімен өзгергендіктен, бұл орасан зор климаттық апат бірнеше аптада бүкіл жер шарына жайылып, тіршілік атаулы құриды.
Ядролық қыстың түсуінің математикалық үлгісінің жасалуы - терең, орны толмас, адамзаттың жер бетінен құрып кету қаупін туғызатын ядролық апаттың планеталық ауқымы.
«Жылу әсері» парниковый эффект ғылыми болжамы. Климатолог - ғалым М. И. Будыко т. б. ғалымдар «Жылу әсері» парниковый эффект ғылыми болжамы бойынша климаттың ұдайы жылынуы нәтижесінде қалыптасқан ғаламдық өзгерістер соңғы жүз жыл ішінде Жердегі орташа температура 0, 6 ºС көтерілді. Жылу әсері дами беретін болса ғаламдық температура 3 - 4 ºС көтерілетін болса, Антарктида мен Гренландия, Солтүстік мұзды мұхит мұздықтары еріп Дүниежүзілік мұхит деңгейі 66 км көтерілген болар еді. Бұл бүгінгі адамзаттың ¼- і тұратын жерлерді басып кетеді.
Тапсырма 1
1. Жергілікті жердегі және мемлекеттегі проблемалар туралы туралы не білеміз және не білемін деп ойлайсыз? 3 минут ішінде білгендеріңіздің тізімін жасап шығыңыз.
2. Енді жұбыңызбен 3 минут ішінде пікір бөлісіңіз де, өзіңіздің жазғандарыңыздан 3 немесе 4 мысал айтыңыз.
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС.
ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ТОПТАСТЫРУ:
5 минут \ 1 минут талдау
І топ: ТАБИҒИ – КЛИМАТТЫҚ проблемаларға талдау жасап, жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
Ғаламдық залалы бар табиғи апаттарға ірі жер сілкінісін, вулкандар атқылауын, гейзер, цунами, алапат дауылдарды жатқызуға болады.
ІІ топ: ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ
проблемаларға талдау жасап, жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
• Азық - түлік проблемасы;
• ЖҚТБ — сізге де төніп тұрған қатер!
• Семей полигоны;
• Мұнай қалдықтарымен ластану проблемасы
ІІІ топ: САЯСИ БАҒЫТТАҒЫ проблемаларға талдау жасап, жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
• БЕЙБІТШІЛІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАРУСЫЗДАНУ ПРОБЛЕМАСЫ
• Екінші Дүниежүзілік соғыс
• Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларын тастау — Екінші дүниежүзілік соғыс барысында АҚШ - тың Жапонияға қарсы атом қаруын қолдануы;
• Экономикалық артта қалған елдер;
• «Ядролық» елдер;
• Босқындар проблемасы;
• «Терроризм»
Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, презентацияда берілген қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 895



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі