Елдерді ластану деңгейі бойынша топтастыру (10 сынып, II тоқсан)

 Елдерді ластану деңгейі бойынша топтастыру (10 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Геоэкологиялық зерттеулердің негіздері
Сабақтың тақырыбы: Елдерді ластану деңгейі бойынша топтастыру
Оқу мақсаттары: 10.3.2.3 Ластану және бұзылу деңгейі бойынша әлем аумағын аудандастыру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
Мемлекеттерді ластану деңгейі бойынша аудандастырып, үйренеді.
(М) Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады. Жағымды жаңалық немесе жақсы тілектер айту ұсынылады (мұғалімнің жоспары бойынша)
Сабақтың тақырыбы анықталады. Оқу мақсаттары (ОМ) мен бағалау критерийлері жарияланады. Мұғалім: Жапырақтарды жағу кезінде, ауаны ластайтын, адамның және жануарлардың денсаулығына зиянды әсер ететін улы канцерогенді заттар шығарылады.
Европада жапырақтарды қайта өңдеуін мысалға келтіреді.
(К) Ой қозғау. Оқушыларға тақтадан «Дүние жүзінің экологиялық ең қауіпті қалалары» Рейтингті құрастырған GGMCF жобасы, 2018 ж. Мұғалім сұрақ қояды:
o Қандай ерекшелік байқадыңдар?
o Экологиялық қауіпті қалалар қандай меммлекеттерде орналасқан?
o Не себептен бұл қалалар қауіпті экологиялық аймақтарға айналған?
Оқушылар жеке ойланады, жұпта талқылайды, топтан бір оқушы жауап береді.
(М) Мұғалім оқушыларға ауа сапасының индексі туралы ақпарат береді. Ауа сапасы туралы ақпарат Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Еуропалық агенттіктің (EEA, eea) анықтамасына сәйкес келетін еуропалық ауа сапасы индексінің көмегімен ұсынылады.europa.eu). Индекс Еуропалық заңнамамен реттелетін бес негізгі ластаушы заттар бойынша есептеледі: O3 (озон), NO2 (азот диоксиді), SO2 (күкірт диоксиді), PM2, 5 және PM10 (диаметрі тиісінше 2,5 микрометрден кем өлшенген бөлшектер және 10 микрометр).
Мұғалім сұрақ қояды:
- Неліктен ауа сапасын анықтауда осы көрсеткіштерді өлшеген маңызды?
- Қандай аймақтарда ауаның сапсаы жоғары/төмен деп ойлайсыңдар?
Оқушылар топта талқылап, жауаптарын сыныпқа ұсынады. Мұғалім жауаптарын толықтырады. Кері байланыс ұсынады.
(Т) Жеке жұмыс. Оқушыларға дүние жүзі елдерінің «Ауа сапасының картасы» таратылады. Оқушылар картаны талдай отырып, келесі сұрақтарға жауап береді:
1. Карта бойынша ауа сапасы деңгейі әр түрлі мемлекеттерді жіктеңіз (кемінде 5 ел)
2. Карта бойынша дүние жүзінің қай аймағының ауа сапасы ең жоғары? Себебін түсіндіріңіз
3. Карта бойынша дүние жүзінің қай аймағының ауа сапасы ең төмен? Себебін түсіндіріңіз
4. Ауа сапасын білу неліктен маңызды?
5. Ауаның ластануы басқа қандай ластануға әсер етуі мүмкін?
Оқушылар тапсырманы орындайды. Жұпта жауаптарын ұсынады. Дескрипторлар бойынша өзара бағалау жүргізеді.
Мұғалім қажет жағдайда оқушылардың жауаптарын толықтырады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 818



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?