Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері (9 сынып, III тоқсан)

 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері (9 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақтың тақырыбы: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері
Оқу мақсаты: 9.3.4.2- ерекше қорғалатын аумақтардың (қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар) құрылу мақсатын түсіндіреді
Сабақ мақсаттары: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпараттарды жинақтау, ерекшеліктеріне тоқталу, пікірлесу арқылы ойларын жүйелеу. Қорытынды жасай білуге үйрету.
- Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Жағымды атмосфералық ахуал.
Мұғалім:
Оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге «Атаулар туралы үш сұрақ» арқылы белсенділендіреді.
(Сабақтың басында жаңа тақырып бойынша тақтаға үш ұғымдарды жазып, оқушыларға сұрақтар қойыңыз)
(С) Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.
(С) Оқушылар қорық, қорықша, ұлттық саябақ термин сөздерін еске түсіреді
Оқушылар мәтінді оқып, бейне материалды көріп, І тапсырманы орындайды.
(Д) І тапсырма. «Ерекше қорғалатын аумақтардың» құрылу мақсаты мен ерекшелігін анықтаңыз:
Ерекше қорғалатын аумақтар Құрылу мақсаты Ерекшеліктері
табиғи қорықтар
мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар
қорықшалар
Дескриптор Білім алушы
- Еліміздегі Ерекше қорғалатын аумақтардың құрылу мақсатын түсіндіреді;
- Ерекше қорғалатын аумақтардың ерекшелігін анықтайды.

Оқушыларға ауызша және смайликтер арқылы кері байланыс беріледі.
(Ж) ІІ тапсырма. Карта бойынша ерекше қорғалатын аумақтардың қай облыстың территориясында орналасқандығын анықтаңыздар:
Дескриптор Білім алушы
- карта бойынша ерекше қорғалатын аумақтардың қай облыстың территориясында орналасқандығын анықтайды.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
(Т) ІІІ тапсырма. Таңдауыңыз бойынша қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтардың біріне сипаттама беріңіз:
Жоспары:
• Атауы мен құрылған жылы;
• Құрылу мақсаты;
• Географиялық орналасуы;
• Қызыл кітапқа енген жануарлары мен өсімдіктері.
Дескриптор Білім алушы
- ерекше қорғалатын аумақтардың бірін жоспар бойынша сипаттайды
Берілген уақыт аяқталғанда әр топтан баяндаушылар кезекпен сөз алады. Топ ұжымы бірігіп жұмыс жасайды, қорытындылайды.
Әр топ жасаған жұмыстарын қорғап болған соң марапатталады.
Марапаттау. Мұғалім топтардың жұмысын бағалайды және мадақтайды. Номинациялар беріледі:
o «Ең ұйымшыл топ»
o «Ең креативті топ»
o «Ең белсенді топ»
o «Ең шебер топ»
o «Ең тапқыр топ».....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 454



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!