Қазақстанның басты орографиялық нысандары (9 сынып, I тоқсан)

 Қазақстанның басты орографиялық нысандары (9 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Литосфера
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның басты орографиялық нысандары
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.3.1.2 Қазақстанның басты орографиялық нысандарын сипаттайды
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның орографиялық нысандарын картадан анықтап сипаттай біледі.
«Эстафета» ойыны. Қазақстанның физикалық картасынан таулар мен жазықтарды көрсетіп, жарысады.
Терминмен жұмыс. Отография терминіне түсінік бер
Картамен жұмыс. Топпен бірлесіп Қазақстанның физикалық картасынан басты географиялық нысандарды көрсетеді.
(С) Өткен сабақты еске түсіре отырып, Қазақстанның басты орографиялық нысандарының орналасу ерекшеліктерін, геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымдарын сипаттап, талдайды. Жер бедерінің қалыптасуындағы тектоникалық қозғалыстардың рөлін анықтайды.
(Т) Зерттеу жұмысы: Топтарға бірігу. Топтар Қазақстанның орографиялық аймақтарын таңдау бойынша бөліп алады.
Әр аймаққа шағын зерттеу жүргізеді:
Жазықты сипаттау жоспары:
1. Географиялық нысанның аталуы
2. Материкте орналасуы
3. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа созылуы
4. Басқа материктердегі ұқсас орографиялық нысанмен салыстыру
5. Ауданы
6. Қай географиялық нысандармен шектеседі
7. Жер бедерінің геологиялық құрылымы: литосфералық тақта, оның бөлігі, геологиялық жасы
8. Абсолюттік биіктігіне қарай жазықтың түрі
9. Пайдалы қазбалардың түрлері мен таралу заңдылықтары
10. Шаруашылықта пайдаланылуы
Тауды сипаттау жоспары:
1. Географиялық нысанның аталуы, ұзындығы, бағыты
2. Қай материкте орналасқан, жоталардың бағыты
3. Қандай географиялық нысандармен шектеседі
4. Басқа материктердегі ұқсас орографиялық нысанмен салыстыру
5. Жер бедерінің геологиялық құрылымы: литосфералық тақта, оның бөлігі, геологиялық жасы
6. Абсолюттік биіктігі, абсолюттік биіктігіне қарай таудың түрі
7. Пайдалы қазбалардың түрлері мен таралу заңдылықтары
8. Шаруашылықта пайдаланылуы
Жұмысты орындауға қойылатын талаптар:
1. Таза, әдемі, ұқыпты, көркем түрде безендіру
2. Географиялық дереккөздерді (кешенді карталар, атлас, сызбалар) тиімді пайдалану
3. Жұмыс еркін формада ұсынылады.
4. Қызықты деректерді (бейнебаян, энциклопедия т.б. қосу)
5. Уақытты тиімді пайдалана білу
Кескін картамен жұмыс
Басты орографиялық нысандарды кескін картада белгілейді.
Кескін картаға географиялық нысандарды дұрыс түсіру ережесімен таныстыру.
Оқушыларға алдын ала тізім беру:
Шығыс-Еуропа жазығы, Батыс Сібір жазығы, Тұран жазығы.
Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 571



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!