Елдер аумағының морфологиялық ерекшеліктері (7 сынып, IV тоқсан)

 Елдер аумағының морфологиялық ерекшеліктері (7 сынып, IV тоқсан)

Пән:География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экономикалық география
Сабақтың тақырыбы: Елдер аумағының морфологиялық ерекшеліктері
Сабақтың мақсаттары: 8.6.1.3 Ел аумағының морфологиялық ерекшеліктерін талдау
8.2.2.1 Географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсету.
Амандасу. Топтарға бірігу.
Сыныппен сәлемдесіп, сабақты меңгерту мақсатында оқушыларды 4 топқа бөлу.
 Мемлекет
 Анклав
 Территория
 Формула
Сабақ тақырыбымен таныстыру. Сабақтың тақырыбынан мақсатын оқушылардың өздері құрастыру және берілген 2-слайдтағы сабақ мақсатымен салыстыру, талдау. Бағалау критерийімен танысу.
Қызығушылықты ояту: ой шақыру.
 Дүниежүзіндегі елдердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
 Ел территориясы немесе ел аумағы дегеніміз не?
 Дүниежүзіндегі елдер территориясының айырмашылығы мен ұқсастығы бар ма? Қандай?
Жетелеу сұрақтары арқылы сабақ тақырыбын ашу.
Сыныппен жұмыс. Терминдермен жұмыс. Оқушылардың тақырыпқа қатысты басты түсініктерді түсіну.
• Берілген негізгі ұғымдарды (Геокеңістік, аумақ, акватория, мемлекет шекарасы, анклав, аумақтық теңіз) мағынасымен сәйкестендіру және өзара талқылау. /таныстырылым 5 слайд/
• Дайындық уақыты: 3 минут
• Пікір алмасу уақыты: 4 минут
Кері байланыс: өзара тексеру, пікір білдіру.
Мұғалімнің таныстырылымдағы ақпарат арқылы оқушылардың пікірін бекіту. /таныстырылым 6 слайд/
Топтық жұмыс.
Топтық жұмысқа кіріпе.
Топтық жұмыс мақсаты: берілген мәліметтер арқылы ел аумағының морфологиялық ерекшелігін талдаңыздар.
Тапсырма: аналитик, картограф, мамандары ретінде мәтін мен қосымша мәліметтерді оқу арқылы кесте дайындаңыздар.
Рөлдер: Аналитиктер: мәтін арқылы таңдауыңыз бойынша мемлекет аумағының пішініне мысал келтіріп, кесте толтырады.
Картографтар: топтағы 2 ел контурының мәтін бойынша пішінін анықтап, картадан көрсетеді, сипаттайды.
• Жауапкершілік пен серіктестік құндылықтарын ұстана отырып, топтық жұмысты уақытылы аяқтаймыз. /Таныстырылым 7 слайд/
• Дайынды уақыты: 7 минут
• Қорғау уақыты: 2 минуттан
• Өзара бағалау уақыты:4 минут
Бағалау критерийі мен дағды Дескрипторлар Топқа ұсыныс пен пікір білдіру.
Қолдану:
Ел аумағының морфологиялық ерекшеліктерін талдай алады
Талдау
Сыни тұрғыдан ойлау
Географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсете алады. Ел аумағының морфологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын негізгі терминдерді түсінеді.
Ел аумағының пішіні бойынша ерекшелігін сипаттайды.
Мемлекеттердің пішініне қарай елдерді топтастырып, әр пішіннің артықшылығын және кемшілігін түсіндіреді.
Таныстырылым арқылы топпен жасалған жұмысты талқылау.
Мұғалім оқушылармен топтық жұмысты бекіту мақсатында таныстырылымдағы ақпараттарды қорытындылайды. /таныстырылым 8-слайд/
Мұғалім таныстырылым арқылы /9-слайд/ ел аумағының жинақылық формуласын есептеуді сыныпқа түсіндіреді.
Оқушылардың түсінгенін бекіту үшін сұрақтар қойып, жеке тапсырманы түсіндіреді.
Жеке тапсырма арқылы елдерді кесте бойынша талдай алады.
• Жеке жұмыстың мақсаты: Мемлекет аумағының жинақылық формуласын қолдана отырып Қазақстан республикасының және Франция мемлекетінің жинақылық индексін есептеңіз. /таныстырылым 11/
• Дайындық уақыты: 5 минут
• Қорғау уақыты: 3 минут
Жеке жұмысты бағалау критерийі. /таныстырылым 12/
Бағалау критерийі мен дағды Дескриптор Ұсыныс/Пікір
Қолдану
Ел аумағының морфологиялық ерекшеліктерін формула бойынша есептей алады. Ел аумағының морфологиялық ерекшеліктерін формула арқылы есептейді.
Кері байланыс: Бағалау критерийлері бойынша пікір алмасу
Сабақты бекіту. Жетістік тақтасы арқылы сабақтағы қызықты мәліметтерді тіркеу......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 010



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!