Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы (7 сынып, IV тоқсан)

 Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы (7 сынып, IV тоқсан)

Пән:География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Дүние жүзі елдері
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы
Сабақтың мақсаттары: 7.6.1.1 елдерді географиялық орнына байланысты топтастырады (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде);
7.6.1.2. елдердің географиялық орнын жоспар бойынша сипаттайды (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде);
7.2.1.1 тақырып бойынша картосхемаларды жасай алады;
7.1.1.3 географиялық дереккөздермен (карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар) жұмыс істейді
Амандасу.
Топқа бөліну.
Сабақтың тақырыбын, БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІН таныстыру.
Қызығушылықты ояту:
(С) Суреттер мен терминдерді сәйкестендіру:
физикалық география мен геоморфологиялық түсінік бойынша аумақтардың ірі аймақтық бөліктері, өзіне топ қайталанбайтын жалпылама сипаты болатын аудандаудың бөлігі.
Материкішілік елдер толықтай құрлықпен қоршалған немесе жағалау сызығы жабық теңіздер бойынша өтетін елдер

Аралдық елдер Жан-жағы сумен қоршалған құрлықта тұратын елдер
Мұхит жағалаулық елдер
Мұхитпен еркін байланысып және мұхит суымен шайылып жатқан елдер
Түбектік елдер
Құрлықтың мұхитқа немесе теңізге сұғына еніп жатқан бөліктерінде орналасқан елдер
Архипелагтық елдер Аралдар тобында орналасқан елдер
Өзін-өзі бағалау:
Тапсырма 1.ТЖ:Толық мәтінмен жұмыс жасай отыра, кескін картаға материк ішілік, жағалаулық, түбектік, аралдық, архипелагтық және жер көлемі бойынша алып, ірі, орташа, шағын мемлекеттерді белгілеу: /7мин/+/5 мин/
Мәтін
Қазіргі кезде дүние жүзінде 200-ден аса тәуелсіз ел бар. Елдердің қалыптасуы ұзақ таризи кезеңді қамтиды. Жер шарындағы елдердің шекаралары, мемлекеттік құрылымы дүние жүзінің саяси картасында бейнеленеді.
Дүние жүзі елдері көптеген белгілеріне қарай ажыратылады.Елдерді топтастырудың ең көп тараған түрі-жерінің ауданы мен халқының санына қарай топтастыру. Жерінің ауданы жағынан ең үлкен 7 ел бар, олардың әрқайсысының ауданы 3 млн км2-ден асады.Олар: Олардың жерлерін қосса, Жер шарындағы құрлықтың тең жартысын құрайдыБұл елдер бүкіл материкті( Аустралия)немесе оның тең жартысын ( Канада) алып жатыр.
Елдер Ауданы
(млн. шаршы. шақырым)
1. Ресей 17,7
2. Канада 9,9
3. Кытай 9,6
4. АҚШ 9,2
5. Бразилия 8,5
6. Австралия 7,7
7. Үндістан 3,3
Ірі елдер: Ауданы 1 млн шаршы шақырымға тең:СуданАлжир,Ливия, ауданы 500 мың шақырымнан астам елдерге: Франция, Испания жатады.
Сонымен қатар жері өте шағын елдер бар. Мысалы, Ватиканның ауданы-1 км2, ол Рим қаласының кішкене бөлігін қамтиды. Микромемлекеттер:
• Андорра
• Лихтенштейн
• Монако
• Сан-Марино
• Ватикан
• Сингапур
Елдерді географиялық орнының ерекшеліктеріне қарай да топтастырады. Оған байланысты материктің ішкі бөлігіндегі, теңіз жағалауындағы, түбектердегі, аралдардағығ архипелагтағы елдер болып бөлінеді. Дүние жұзінде теңізге тікелей шыға алмайтын 40-тан астам ел бар.
- Материкішілік елдер- толықтай құрлықпен қоршалған немесе жағалау сызығы жабық теңіздер бойынша өтетін елдер. Мысалы: Қазақстан,Швейцария.
- Аралдық елдер- жан-жағы сумен қоршалған құрлықта тұратын елдер.Мысалы: Мадагаскар,Индонезия
- Мұхит жағалаулық елдер-мұхитпен еркін байланысып және мұхит суымен шайылып жатқан елдер. Мысалы:Канада,Россия, Панама.
- Түбектік елдер-құрлықтың мұхитқа немесе теңізге сұғына еніп жатқан бөліктерінде орналасқан елдер. Мысалы: Испания, Италия,Индия.
- Архипелагтық елдер- аралдар тобында орналасқан елдер.
Бағалау: критерий бойынша бағалау
Тапсырма 2. Жж: а) Қазақстанның географиялық төлқұжатын дайындау:
Мемлекеттің географиялық құжаты: ..................................., S= ........ км2
Ел атауы Географиялық орны Экваторға қатысты (атауы мен координаты) Солтүстік шеткі нүктесі........... ..............................................
Оңтүстік шеткі нүктесі............... .............................................
Бастапқы мередианға қатысты (атауы мен координаты Батыс шеткі нүктесі...................... ............................................
Шығыс шеткі нуктесі..................... ................................................
Қай материкте орналасқаны: .........................................................................................
Физикалық-географиялық орны (аралдық, жағалаулық, түбектік, архипелагтық)..................................
елдің шекарасындағы физикалық нысандарды................... ..........................................................................................................
б) Қазақстанның географиялық жағдайының артықшылығы мен кемшілігін түсіндіру, кемшіліктерін жою жөнінде идеяларымен бөлісу.
Бағалау: Жұпта жасыл және сары стикерлер арқылы бірін-бірі бағалау
Тапсырма 3. Жж: Қазақстан республикасының дүниежүзінің саяси картасындағы орнын көрсететін картосхемалар құрастыру:
Критерийі:
1. Қазақстан Республикасы орналасқан материкті айқындау
2. Қазақстан Республикасының географиялық орнын анықтау
3. Шекаралас елдерін көрсету
4. Экватор мен бастапқы меридианға қатысты орнын белгілеу
Бағалау: Жұпта жасыл және сары стикерлер арқылы бірін-бірі бағалау
Дифференциация:1. Ребусты шешіңіз:
(Перу)
(Польша)
2. Түбекте орналасқан елдерді астаналарымен жаз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 382



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!