Дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары (7 сынып, IV тоқсан)

  Дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары (7 сынып, IV тоқсан)

Пән:География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Халықтар географиясы
Сабақ тақырыбы: Дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)7.4.1.3 халықтың этникалық және діни құрамына байланысты дүниежүзінің тарихи-мәдени (өркениеттік) аймақтарының қалыптасуын түсіндіреді;
7.1.1.3 географиялық дереккөздермен (карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар) жұмыс істейді.
Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, сыныпта қолайлы орта қалыптастыру, сыныпты топқа бөлу.
Топқа бөлу: Сыныптағы оқушы санына байланысты тақтаға 2 немесе 4 оқушыны шығарып, мына сұрақтар қолданылады.
Футбол ойыны сияқты бөліну үлгісі: тақтаға шыққан оқушыларға
№1 сұрақ. Сіз кімді шабуылшы ретінде тобыңызға аласыз?
№2 сұрақ. Сіз кімді қорғаушы ретінде тобыңызға аласыз?
№3 сұрақ. Сіз кімді қақпашы ретінде тобыңызға аласыз?
№4 сұрақ. Сіз кімді тренер ретінде тобыңызға аласыз?
Өткен сабақпен байланыс. Еске түсіру тапсырмасы: Төменде берілген діндер картасын пайдалана отырып төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыздар.

1. Будда діні тараған 3 елді жазыңыз.
2. Ислам діні тараған 5 елді жазыңыз
3. Әлемдік 3 діннің таралу аймақтарын жазыңыз
Бағалау дискрипторы
Оқушы діндердің таралу аймақтарын картадан таба алады Себебі
Жоғары
Орташа
Төмен
Жаңа сабақ.. Мұғалімнің сабақты қысқаша түсіндіруі
Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
№1 Тапсырма: Топтық жұмыс.
Ғаламтор желісін пайдалана отырып әлемде қалыптасқан өркениеттер тізімін жазыңыздар және қандай ерекшеліктері бар атап өтіңіздер.
№2 Тапсырма:
Өркениеттік белгілер мен тарихи-географиялық аймақтардың қалыптасуының арасындағы байланыстарды түсіндіріңіздер.
№3 Тапсырма: Жеке жұмыс.
Тарихи-мәдени аймақты жоспар бойынша сипаттаңыздар
Тарихи мәдени аймақтың аты-
Тарихи мәдени аймақтың бөліну себебі-
Тарихи мәдени аймақтағы 1 ел-
№4 Тапсырма:
Қазақстан аталған тарихи мәдени аймақтардың қайсысына жатады?
Қазақстанға қатысы бар тарихи мәдени аймақты картадан дөңгелектеп сызып көрсетіңіз.
Бағалау дискрипторы
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор
Оқушы
Ғаламтор желісін пайдалана отырып әлемде қалыптасқан өркениеттер тізімін жазады және қандай ерекшеліктері бар атап өтеді
1 Әлемде қандай өркениеттер бар екенін біледі
Өркениеттердің ерекшеліктерін ажырата алады
Өркениеттік белгілер мен тарихи-географиялық аймақтардың қалыптасуының арасындағы байланыстарды түсіндіреді
2 Өркениеттік белгілер мен тарихи-географиялық аймақтардың қалыптасуының арасындағы байланыстарды түсіндіре алады
Тарихи-мәдени аймақты жоспар бойынша сипаттайды
3 Тарихи-мәдени аймақты жоспар бойынша сипаттай алады
Қазақстан қандай тариқи аймаққа жататынын анықтайды және картадан көрсетеді
4 Қазақстан қандай тариқи аймаққа жататынын анықтап картадан көрсете алады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 458



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі