Қолайсыз атмосфералық құбылыстар Атмосфера (7 сынып, II тоқсан)

 Қолайсыз атмосфералық құбылыстар Атмосфера  (7 сынып, II тоқсан)

Пән:География
Ұзақ мерзімді жоспарм бөлімі: Гидросфера
Сабақтың тақырыбы: Қолайсыз атмосфералық құбылыстар Атмосфера
Оқу мақсаты:7.3.2.7 Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)
Сабақтың мақсаты: Қолайсыз атмосфералық құбылысардың әсерін анықтай алады.
І. «Ұйымдастыру аялдамасы».(сабаққа қажет болған жағдайда «Талап қою/Сұраныс бойынша аялдамасын»ұйымдастыруға болады)
Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.Оқушыларды топқа бөлу.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және тақырыпқа шығу мақсатында «Мига шабуыл» жаттығуы арқылы тақырыпқа шығу.
1.Қыста жылымықтан кейін суықтың қайта түсуінен жер бетінің мұз болып қатуы (көктайғақ)
2. Ыстық күнде, ауаның ылғалдылығы төмен болған кезде жауын-шашынның ұзақ уақыт және елеулі түрде жетіспеушілігі (құрғақшылық
3.Қоршаған ауаның орташа плюстік температурасының бірнеше күн бойы 10 және одан да астам градусқа артық болуын айтады. (Қатты ыстық)
-Бұл жаттығу/ жұмбақтар сіздерге тақырып туралы қандай ой шақырады?
-Бүгін біздің қаламызда қандай ауа райы?
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?
Тақырыпқа қатысты терминдердің маңыздылығын анықтайды. Тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Мұғалім қолайсыз атмосфералық құбылыстар жайлы ақпарат және суреттер ұсынады.
1) Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды біледі;
2) Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды ажырата алады;
3) Тақырыпқа қатысты терминдерді біледі.
ІІ. «Жоспар аялдамасы» Сабақтың тақырыбы және жетістік критерийлермен таныстыру. Лексика мен терминологиямен таныстыру. Жаңа терминдерді дәптерге түсіру. Ағылшын және орыс тілінде аудармасын глоссарий дәптеріне жазу, сонымен бірге мұғалім сабақтың тақырыбын және оның өзектілігін оқушылармен бірге анықтайды.
1) Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың анықтамасын және мағынасын біледі;
2) Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың өзектілігін біледі;
3) Тақырыпқа қатысты маңызды терминдерді біледі.
Сабаққа қатысты терминалогиямен танысады.
ІІІ. «Қолайсыз атмосфералық құбылстар» Оқушыларға сұрақ. Қандай қолайсыз атмосфералық құбылыстарды білеміз?
Мұғалім оқушылардың жауабын тындайды, қажет болса түзетіп тұрады.
Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың тұстарын анықтай отырып тақырыптың өзектілігін анықтайды.
1) Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың тұстарын анықтай алады;
2) Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды біледі;
3) Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды ажырата алады;
«Достық аялдамасы» Жұптық жұмыс. Оқушылар оқулықтарын пайдалана отырып үсік, анызақ, көктайғақ, жел, шанды дауылдар, қуаңшылық, құрғақшылық ұғымдарын өздері оқып бір-біріне түсіндіреді. Мұғалім атмосфералық қолайсыз құбылыстардың зияндылығының әр түрлі салаларға (шаруашылыққа, өнеркәсіпке, жолға, баспанаға )әсер етуіне баға берудің жолын көрсетеді.
1) Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды салаларға әкелетін зиян әсерін біледі;
2) Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды ажырата алады;
3) Тақырыпқа қатысты терминдерді мағынасын біледі.
Оқушылар бір-біріне түсіндіру арқылы түсініксіз тұстардын анықтайды.
Бірін-бірі стикер арқылы бағалайды. «Маған ұнады... себебі», «түсінікті болды......өйткені.....» «түсініксіз болды......себебі....»
1) Атмосфералық қолайсыз құбылыстардың зияндылығын біледі;
2) Әр түрлі салаларға (шаруашылыққа, өнеркәсіпке, жолға, баспанаға) әсерін біледі.
Мұғалім қорытынды жасайды.
ІV. «Тапсырмалар аялдамасы» Бекіту кезеңі
Тапсырма №1
Жамбыл облысындағы қуаңшылық қаупі қылаң бере бастады. Тындалым дағдысы бойынша тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
1. Қуаңшылықтың себебі неде?
2. Табиғи апаттың салдары қандай болуы мүмкін?
3. Тапсырыстың қандай бөлігі келіп тұр?
4. Орын алған қуаңшылықтан шешу жолы бар ма ? Ұсыныс.
5. Оқушылар бір біріне сұрақ қояды.
Қабылеті жоғары оқушыларға арналған тапсырма.
Қосымша дифференцациялық тапсырмалар:
6. Орын алған мәселенің шешу жолын ұсыну. Трансшекаралық өзендердің басқа проблемаларын көрсету
Кері байланыс.
Like of like.
1. Қуаңшылықтың себебін біледі;
2. Видеоны көріп шешу жолын ұсынады;
3. Табиғи апаттың салдары қандай болатынын біледі.
Оқушылар қуаңшылықтың себеп салдарын анықтайды, қажет болса мәселенің шешу жолын ұсынады.
Тапсырма №2
Мәтінмен жұмыс. Бұл тапсырма екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде (Ауызша) «Стратегия минута» әдісі қолданылады. Мұғалім оқушыларға мәтінді оқымай тұрып үш ашық сұрақ қояды.
1. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз;
2. Қуаңшылықтың кері әсерін сипаттаңыз;
3. Қуаңшылықтың әсерін азайту үшін қандай стратегия қоланылады.
Қуаңшылықтың пайда болу себебі, аймақта жауын-шашынның жылдық орта көрсеткіштен төмен мөлшерде түсуі. Қуаңшылық бірнеше жылдар бойы жалғасса да, қысқа мерзімді, бірақ қарқынды қуаңшылық экожүйелерге және жергілікті экономикаға, әсіресе, жайылымдық территориялардың экожүйелері мен экономикасына орасан зор зиян тигізуі мүмкін. Экономиканың нашар дамуымен қатар жүретін қуаңшылық мәселесі, құрғақ жерлердегі жиі кездесетін сценарий болып табылады. Бұл азық түлік қауіпсіздігінің жоқтығының ең негізгі себебі, бірақ саяси орта, ұлттық және аймақтық саясат, ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибе, су айырығын мемлекеттік басқару, сонымен қатар денсаулық сақтау мен тамақтану мәселелері де қуаңшылықтың үдеюіне әсер етеді. Дамушы елдердің құрғақ территорияларында өмір сүретін халықтың көпшілігі табиғи қорларға тәуелді, дәл сол адамдарға баламалы шешімдер жетіспейді және олар азық түлік қауіпсіздігін кепілдендіру үшін қоғамдық қауіпсіздіктің жоқтығын бастарынан кешуде. Қуаңшылық әсерін азайту стратегиясы бірнеше әдістерді біріктіреді, оларға қуаңшылық мониторингі, ақпарат жинақтау, жер пайдалануды тұрақты басқару, ауыл шаруашылығын сақтау және жауын суын жинау жатады.
1. Қуаңшылықтың пайда болуын және салдарын біледі;
2. Қуаңшылықтың әсерін біледі;
3. Мәтінді оқып қауіпсіздік шараларын ұймдастырады.
Мұғалім оқушыларға үш сұрақтың жауабын интарактивті тақтада көрсететеді.(Оқушы өзінің жауабы қаншалықты мұғалімнің жауабына сай болуын көреді, оқушы өзін бағалайды, және сыныптастарының жауаптарын білетін болады)
Екінші тапсырма «Жазбаша» «Формула ПОПСА» әдісі бойынша жүргізіледі. Оқушыларға сұрақ қойылады «Сіз тұратын аймақта қуаңшылық кездесе ме?»
Жауап беруге төрт-бес минут беріледі, мұғалім жауаптарды жинап алады.
Оқушылар оқылым дағдысы арқылы мәтінге сараптама жасады. Сараптма жайсай отыра оқу мақсатына қатысты қажетті ақпарат алады. Жауаптарды салыстыру арқылы өзін бағалайды.
Тапсырма № 3
Берілген мәтінді оқып сақтану шараларын ұсын. Жадынама сурет ретінде берілсін.
Мұғалім оқушыларға А-2, А-3 қағаздарын, түрлі түсті қалам таратып береді. Оқушылар қысқы мезгілдегі көктайғақ кезіндегі сақтану шараларын ұсыну кажет. Оқушылар топқа біріктіріледі. (төрт-бес адамнан).
Қыстың көзі қырауда жазатайым сүрініп кетіп, құлап, жарақат алғандардың саны артып кетеді. Осы мезгілде түнгі аяз жердің бетін қатырып, кеше ғана жүріп өткен жолымыз айнадай жарқырап, көктайғаққа айналады.
Мұндайда ғимараттардың алдындағы тепкішек¬тер¬ден алаңсыз адымдау да қатерлі. Жерасты жолдарының тепкішектері аязды күні мұз құрсанып қалса, ол да жаман. Жүргіншілердің табанымен тапталып, көк мұзға айналған аялдама алдында көлікке ілігем деп ұмтылып, оңбай құлап ондалап жатқанды да көрдік.
– Асылы, жалпы ережелерді есте ұстаған жөн. Мысалы, көктайғақта сыртқа шығар кезде, аяқ киіміңізді дұрыс таңдаңыз. Оның өкшесі биік емес, табаны қалың әрі бұ-дырлы болып келгені жақсы. Ал, көшеде жүргенде жерді нық басып, қолыңызды қалтаға салмай, тепе-теңдікті сақтаған дұрыс. Мұз¬ды жерді айналып өту мүмкін болмаса, мысық табандап, қысқа адыммен жүруге тырысыңыз, – дейді Республикалық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының дәрігері Ертісбай Молдагелдинов. – Қыс басталғалы бері біздің бекетке келіп, алғашқы медициналық көмек алып жатқандардың басымы – көшеде құлап, жарақаттанғандар. Олардың жарасын таңып, гипстеп, күрделілігіне қарай ауруханаға жатқызамыз.
– Түрлі жағдайда қол-аяғы сынып, жарақаттанғандар дәрігер көмегі келіп жеткенше қозғалмай жатуы тиіс. Себебі, сүйек сынғанда, жұмсақ етті езіп, не болмаса қан тамырларын қиып кетуі мүмкін. Біздер ашық жара болса, залалсыздандырып, жарақатын байлап тиісті жерге жеткізем, – дейді Алтынбек Мәмбетов.
Боз кілем үстінде күш сынасқан балуандар қанша жығылса да, ешбір жарақат алмайтыны таң қалдырады. Мамандар да осы спорт¬шылардың тәжірибесіне жүгін-генді жөн санайды. Бар мә¬селе дұрыс құлай білуде екен. Кей¬біреулер «жұмсақ жерге жы¬ғыл¬ғандар аяқ-қолын шығарып не сын¬-
дырып алмайды» деп уәж айтады. Сенбеңіз. Егер дұрыс құлай біл¬сеңіз, қандай биік¬тен құласаңыз да, еш жарақат алмайсыз.
Аяқ астынан аяқ-қолы сынып, сіңірі созылып, не буындары орнынан тайғанды адамның бейнеті деп айтқанмен, соққының қатты болуына өзіміз де кінәліміз. Яғни, құлап бара жатып, жанталасып қолымен жер тіреп қалуға тыры¬самыз. Нәтижесінде, дененің бар салмағы тірек болған қолға түседі.
Мамандардың айтуынша, құлау¬дың үш түрінің зардабы болмайды. Олар – ішпен түсу, бір бүйірлеп құлау және арқасымен жығылу. Барлық жағдайда сіздің дұрыс шешім қабылдауыңызға небәрі үш секунд қажет. Яғни, қас-қағым сәтте қол-аяғыңызды жинап, басыңызды қалқалап үлгеруіңіз керек. Егер қолыңызда ауыр сөмке болса, лақтырып жіберіңіз. Сіз үшін де, сөмке үшін де пайдалы екеніне сосын көзіңіз жетеді. Се¬бебі, адамдар құлап бара жатып өзінің халін емес, сөмкенің жайын ойлайды. Ақыры құлаған екенсіз, онда орныңыздан тез тұрып кетпей, ауыр жарақат алмағаныңызға көзіңізді жеткізіңіз. Жедел жәрдем шақыртып, дәрігер көмегіне жүгініңіз.
1. Көктайғақтың салдарын біледі;
2. Мәтінді оқып қауіпсіздік шараларын ұймдастырады;
3. Жадынама ретінде ұсына алады.
Оқушылар өздерінің жұмыстарын таныстырып сынып алдында қорғайды. Мұғалім қажет жағдайда түзеп, жағымды тұстарын көрсетеді. Кері байланыс береді.
Қыс мезгілінде орын алатын оқиғалардан сақтану шаралары қарастырылады. Жадынама сурет ретінде беру арқылы қолдану дағдысы қамтылады. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 098



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!