» » » » Географиядан сабақ жоспары: Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуы (7 сынып, I тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуы (7 сынып, I тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуы (7 сынып, I тоқсан) казакша Географиядан сабақ жоспары: Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуы (7 сынып, I тоқсан) на казахском языке
Пән: География
Бөлім: Географиялық зерттеулер әдісі
Сабақ тақырыбы:Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуы
Сабақтың мақсаты: • Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуын картадан көрсетіп, сипаттау;
• Географиялық шартты белгілерді қолдана отырып, карталарды оқу.
Сабақтың басы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып, көңіл - күйін сұрау.
Өткен сабақты қайталау ретінде «Cheek List» парақшасы арқылы сұрақтарға «Ия», «Жоқ» жауаптарын алу
Сабақтың ортасы
ІІ. Психологиялық ахуал орнату арқылы сабақтың тақырыбына шығу:
Оқушыларға түрлі түсті фишкалар беру арқылы топқа бөліп отырғызу (жасыл, сары, қызыл, көк).
Мұғалім жаңа сабақты бастау үшін оқушылардың назарын суретке аударып сұрақ қояды:
• Литосфералық тақталар қалай қалыптасады?
Оқушылар өздері білетін литосфералық тақталардың қалыптасуына әсер ететін факторларын атап шығады. Сыныппен өз ойларын бөліседі, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді.
Оқушыларға Тақталар тектоникасы бойынша бейнематериал көрсетіледі. Бейнематериал көріп болған соң, бұл арқылы не ойлайтындығы сұралады:
 Сіз бейнеролик арқылы не байқадыңыз?
 Жер қыртысы қандай литосфералық тақталалардан тұрады?
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, жұппенен өз ойларын бөліседі.
ІІІ. Оқушылардың іс-әрекеті.
Жұптық жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс
1- тапсырма: Литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын анықтайды. (дрейф, субдукция, коллизия, спрединг).
«Ойлан–жұптас-бөліс» әдісін ұйымдастыру. 2 оқушы литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын суреттерге қарап талқылайды, суретті қолдану арқылы литосфералық тақталалардың қозғалыс түрлерін жазады. Бұл жұмыста оқушылар сурет арқылы бір-бірінің ойын тыңдайды, жұптасып жұмыс жасай алады. Тыңдалым, айтылым және жазылым дағдысын қалыптастырады.
Бағалау: «Бағдаршам» арқылы бағалау
Жеке жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс
Кескін картамен жұмыс:
2- тапсырма. Кескін картаға литосфералық тақталардың шекараларын және негізгі қатпарлы аймақтарын түсіреді. Оқушылар литосфералық тақталар бойынша алған білімдерін қолдана алады. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады. Жеке әр оқушыға кері байланыс беріліп отырылады.
Бағалау: Бірін-бірі тексеру кезінде стикерлер арқылы бағалайды. «Жасыл» стикер дұрыс, «қызыл» стикер дұрыс еместігін білдіреді.
Оқушыларға «Жердің тектоникалық құрылымы» бойынша бейнематериал көрсетіледі. Бейнематериал арқылы келесі тапсырманы орындайды.
Топпен жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс
Картамен жұмыс:
3- тапсырма. Атлас картаны пайдалана отырып, жоспар бойынша литосфералық тақталарды анықтаңыз.
/Еуразия тақтасы, Африка тақтасы, Солтүстік Америка тақтасы, Оңтүстік Америка тақтасы, Үнді-Австралия тақтасы, Тынық мұхит тақтасы, Антарктида тақтасы, Наска тақтасы/
Тақтаның атауы
Шекараласатын тақталар
Қозғалу жылдамдығы
Қозғалу бағыты
Мұғалім оқушыларға Жердің тектоникалық құрылымы картасымен жұмыс жасауды ұсынады.
Оқушылар карта бойынша литосфералық тақталардың атаулары мен шекараларын анықтайды, шекараласатын тақталарды көрсетеді, литосфералық тақталардың қозғалу жылдамдығы мен қозғалу бағытына сипаттама береді. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады.
Тапсырманы қорғау
Оқушылар топпен өздерінің зерттеген литосфералық тақталар туралы зерттеулерін ұсынады. Топпен өз ойларын бөліседі, тыңдалым, айтылым дағдысын қалыптастырады.
Бағалау: Топтар бір-бірін «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 208 |



Загрузка...
Читайте также
Географиядан сабақ жоспары: Сараптама әдісі (10 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Сараптама әдісі (10 сынып, I тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы №2 (9 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы №2 (9 сынып, I тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы №1 (9 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы №1 (9 сынып, I тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның басты орографиялық нысандары (9 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның басты орографиялық нысандары (9 сынып, I тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Климаттық белдеулер (8 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Климаттық белдеулер (8 сынып, I тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Литосфералық катаклизмдер (зілзалалар) (7 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Литосфералық катаклизмдер (зілзалалар) (7 сынып, I тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы (7 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы (7 сынып, I тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары  (7 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары (7 сынып, I тоқсан)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуы 7 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуы, сабақ жоспары Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуы 7 сынып география географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке география кыска мерзимди сабак жоспары Жердің тектоникалық, Географиядан сабақ жоспары: Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуы (7 сынып, I тоқсан)