Бейтаныс планетаға жету №2 (4 сынып, IV тоқсан)

 Бейтаныс планетаға жету №2 (4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Ғарышқа саяхат»
Сабақ тақырыбы: Бейтаныс планетаға жету №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау.
4.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу, тыңдағаны бойынша пікір алмасу.
Сабақ мақсаттары: Тыңдаған материал бойынша өз ойларын айту.
Сабақтың басы
(Ұ) Мәтіннің мазмұнын болжау.
Оқушылар ғарыш тақырыбында әңгімелеседі.
Сабақ ортасы
(МК),(Т) «Миға шабуыл» әдісі арқылы жұмбақ шешу
Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,
Екеуі қызықтырған талайыңды.
Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса,
Тұрады нұрға малып маңдайыңды.
(Ай, күн)
Су ішінде екі жайын,
Бірі кетсе, бірі дайын.
(Ай, күн)
Төңірегі тең көрініп,
Теген жатыр төңкеріліп,
Жас та сиған, кәрі сиған,
Астына оның бәрі сиған.
(Аспан)
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын ,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. Жаһанның жерін,суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын.
(Көк, аспан)
(МК), (ҚБ) «Сен білесің бе?» бейнежазбасын мұқият көру және мазмұнын айту.
(Ө) Бейнежазба мазмұны бойынша етістіктерді теріп жазу.
Ұтшы, аттанды, айналды, болды,басталды.
(Ж) Жазылған жұмыстарын «Әткеншек » әдісі арқылы тексеру. Жазылған етістіктерді үш жақта айту.
(Т) «Сен білесің бе?» бейнежазбасын мұқият көру. Бейнежазба мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру және жауап беру.
• Ең алғашқы ғарышкер қай ғасырда ұшты?
• Қазақстаннан кім ғарышқа аттанды? т.б.
• Зымыранды кімдер құрастырады?
(Ж), (Қ) «Сұхбат» ойынын ойнау. «Бейтаныс планета» Пікір алмасу. Сұхбат айтуда жауабын жазу, кездескен етістіктерді белгілеу. Етістіктің шағын анықтау.
(Б) Бейтаныс планета туралы фильм қарау. Оқушылар қонған кейіпкерлерді қиялдайды. Оқушылар фильм көріп жатқан кезде кейіпкерлердің не көретіндері, еститіндері, иіскейтіндері және сезетіндері туралы жазып отырады.
(ЖЖ) Оқушылар жұпта , жаңа жерге қонған және зерттей бастаған кейіпкердің әңгімесін ойынан шығарады. Оқушылардың назарына кейіпкерді естеріне сақтауды ескерту. Олар кейіпкер рөлінде әрекет жасайды.
(Б) Планетаны көрсететін фильмнен кішігірім кадрды көрсету. Сия жұмсаушы ойынын қолданып, оқушылардың фильмнің қай тұсында қиялға беріліп , ойландырған сөздер қатарын жазуды ұсыну.
Оқушылар қарап отырған кезде олардың ойларына келген сөздер мен тіркестерді жазады. Өздерін ойландырған немесе қызықтырған сөздерін сыныппен бөліседі. Сөздер тізімін жасайды.
(Дифф.) Оқушыларды топтарға бөлу. Әрбір топқа карта жинақтарын беру, әр картада сөздер тізімінен бір сөз берілген. Оқушылар планетаны сипаттайтын ең үздік сөз туралы келіседі. Маңыздылық аймағы тақтасын қолданып, ең маңызды деген сөзді ортасына жазып, қалғандарын маңыздылығы кему тәртібі бойынша айналасына орналастырып береді.
(Б) Сынып болып бірге маңыздылық аймағын талқылайды және оқушылар қалай және неліктен сөздер солай орналасқанын түсіндіреді...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 856



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!