Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» (4 сынып, III тоқсан)

  Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Сәкен Сейфуллиннің  «Көкшетау» (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау»
Оқу мақсаттары: 4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
Көпшілік оқушылар: нақыл сөздерді пайдаланып, туған жер туралы ойын айтады;
Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы: Сынып оқушылары мақал-мәтелдер жазылған қағаздар арқылы топтарға бөлінеді
Әрбір топ мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіреді
Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» өлеңін тыңдау , жетелеуші сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбына болжам жасау. (С.Сейфуллин "Көкшетау". Оқыған Мукашева Жанель)
• Мына өңір сендерге таныс па?
• Отбасылық немесе сыныппен барғандар бар ма?
• Көкшеде өздерің болған жерлерін атап беріңдерші?
Сабақтың ортасы
Қосымша мәлімет «Өзіңді тексер» әдісі
Қызметі ақын
қоғам қайраткері
Туған күні 5 мамыр 1894
Туған жері №4 ауыл, Ақсу волості, Жетісу облысы, Ресей Империясы
Қайтыс болған күні 26 ақпан 1938 (43 жас)
1-тапсырма
(ЖЖ,Т) «Үштік» әдіс (Ойлан, жұптас, бөліс)
«Көкшетау» өлеңін оқу үшін топтағы оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді: бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.
Саралау: Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады
Б «Бас бармақ»
Оқушылар өлеңді оқып болған соң, қаншалықты түсінгендерін бағалау.
2-тапсырма
(Т) «Даналық ағашы» әдісі
Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады.
Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақпен берілген жауап бағаланады.
Үлгі: Өлеңнің екінші шумағында табиғатты қалай суреттеген?
Өлеңнің үшінші шумағында аталған Оқжетпес туралы не айта аласың?
Көкшетауды барып көргендегі әсеріңмен бөлісші.
Өлеңнен қандай әсер алдың?(өмірмен байланыстыру)
Саралау:Сыныптастарының жауаптарын ықылас
Б «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды
3-тапсырма
(Т,Ұ)«Данышпан үкілер» әдісі
І топ Өлеңмен жұмыс істеудің негіздері.
Өлеңнен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.
І І топ Маңызды өмірлік даналық.
Өлеңнің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.
ІІІ топ Иллюстрациялық бейнелеу.
Өлеңнің негізгі ойын сурет арқылы бейнелеп көріңіз.
ІҮ топ Үлгі боларлық қорытынды.
Өлеңге сүйеніп кестені толтырыңдар.
Эпитет Теңеу Кейіптеу
Көркем тоғай
Бура тастар
Момақан тау
Масаты көл Ағын судай өлең
Көк жібек жапырақ
Айдыны ала шұбар Маужыраған көркем тоғай
Кеудесін көкке сермеген
Саралау: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.
Б «Смайликтер»
4-тапсырма
(Ұ) «Пазлдар» әдісі
Әр топ «Миқатырғыш пазлдар» арқылы жаңа кейіпкер қосады.
Берілген сөздерді жинайды.
Мен, таумын, мен таумын, жомарт, шипа. Сөз бөліктерді жылдам жинайды. Сөйлем құрастырады, рөлге еніп, өз ойын сахналап жеткізеді. Тапсырманы тиімді орындауға үйренеді
Саралау: Топта тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.
Б «Екі жұлдыз,бір тілек»
Екі жұлдыз - Жұмыстарындағы ұнағаны
Бір тілек - Жақсартуға болады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 845



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!