Шығармадағы оқиғаны болжау Қали Сапарбаев «Туған жердің ыстығы-ай» (4 сынып, III тоқсан)

 Шығармадағы оқиғаны болжау Қали Сапарбаев «Туған жердің ыстығы-ай»   (4 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған ортаны қорғау
Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау Қали Сапарбаев «Туған жердің ыстығы-ай»
Оқу мақсаттары: 4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: - мәтінді түсініп оқиды;
- тақырыбы мен қорытынды бөлімі бойынша сюжеттің дамуын болжай алады;
- сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, нақыл сөздерді қолданады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
Оқушылар берілген сөз тіркестерінен шағын әңгімені жеке дәптерде жазады: қызықты оқиға, Амудария өзені, нар, бота, суға түсті, тізесі дірілдеп.
Құраған әңгімелерін жұпта оқиды. Топ алдында оқушылар өз еркімен әңгімесін оқып береді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлері оқушылармен бірлесе құрастырылады немесе тасныстырылады.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
Қали Сапарбаев «Туған жердің ыстығы-ай» әңгімесін 3 бөлімге бөліп оқиды.
(Ж; ЖЖ;Т) Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Оқу барысында түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Түсініксіз сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды: буыны қатпаған (жас), тізесі дірілдеп (қорқып), сүйрей (тартып), қаққан қазық (қақиып қатып қалу), маңқия (түйенің бір дүркін тұншыққан дыбысы), ілмиіп (әбден арықтап, жүдеуі) дәптерлеріне жазады.
Оқушыларға үш бөліктен тұратын кесте таратылып беріледі.
Не болады? Дәлел Қорытынды
Оқушылар кестенің бірінші бөлігін толтырады.дәлелін жазады және қорытынды бөлімін жазады. Жеке, жұпта, топта талқыланады,өз ойларымен бөліседі. Осыдан кейін мәтіннің бірінші бөлігі оқылады. Толтырылған кестемен салыстырылады. Сұрақтар қойылады.
- Автор қандай оқиғаның куәсі болды?
- Неге нар түйе ботасын суға сүйреледі?
- Неліктен жалғыз өркешті түйе өзендегі суға қойып кетті?
Оқушылар оқиға қалай дамитыны туралы өз ойларын айтып, кестені толтырады. Кестені толтыруға уақыт беріледі (2мин). Сұрақтар қойылады.
- Неліктен нар түйе ботасын суға қарай итермеледі?
- Неге Еркембейдың әкесі түйенің қайтарып әкелмеу туралы кеңес берді?
Оқиға әрі қалай өрбиді ек? Әңгіменің үшінші бөлімінде не болады деп ойлайсыңдар? Оған қандай дәлел бар? Оқушылар кестені толтырады. Әңгіменің үшінші бөлімін оқып, болжамдарымен салыстырады.
Саралау. Қабілеті жоғары 1-2 оқушыға дауыстап оқытуға болады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
(Б) Оқушылар өзін –өзі бағалайды.
2- тапсырма
(Т) Оқушыларға мақал – мәтелдің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіру ұсынылады.
1. Туған елдей ел болмас,
..................................... (Туған жердей жер болмас)
2. Кісі елінде сұлтан болғанша,
............................................(Өз елінде ұлтан бол)
Ел іші - алтын бесік
Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.
Саралау: үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағаланады.
3-тапсырма
(ЖЖ,Т) Әңгімеден нар мен ботаны сипаттайтын сөздерді теріп жазады.
Нар - ботасын тістелеп, суға сүреді, мойнынан қапсыра тістеп, ары – бері сілкіледі, от- жемінен қалған, шөгіп қалыпты, боздауын қойды.
Бота – судан қорықты, тізесі дірілдеп, суға түсуге батылы жетпеді, қаққан қазықтай табан тіреп,сұлқ құлап, ілмиіп оңалмайды.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) Жұптардың бірін – бірі бағалауы.
4 -тапсырма
(Ө;ЖЖ;Т) Еркін жазу жазады. «Мен-нар түйемін», «Мен - ботамын», «Мен-автормын»
«Автордың орындығы» Әркім өз еркімен еркін жазуларын оқып береді.
(Б) « Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.
(ҚБ) дескриптор:
-сөйлеу барысында мақал- мәтелдері, нақыл сөздер қолданады;
-өз ойын айтады;
-сөйлемдерді байланыстырап жазады;
-орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 933



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!