» » » » Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, IV тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, IV тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, IV тоқсан) казакша Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, IV тоқсан) на казахском языке
Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев
Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.2.3.1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды;
Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, мәтінде сипатталған кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады;
Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, өз ойың өмірмен байланыстыра дәлелдейді.
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы
(Ұ) «Жақсы сөз» ойыны
Оқушыларға тақтадағы «Ұлы Отан соғысының ардагеріне» қатысты 10 сөз айту ұсынылады. Оқушылар суретке қатысты сөздерді параққа жазып, айтады. Оқушылармен бірге жазылған сөздер қорытындыланады.
- Бұл сөздердің адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне байланысты болуы мүмкін бе?
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады: Шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды; Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ұ;Т) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі қолданылады.
«9 мамыр-Жеңіс күні» қандай мереке. Не үшін ол мереке тойланады? сұрағына өз білетініңе сүйеніп жауап беріп.
1. Ойлан. Оқушылар сұрақ бойынша жеке ойланады.
2. Жұптас. Өз жұбына не ойлайтынын айтады.
3. Бөліс. Жұптар 9 мамыр мерекесі жайлы өздерінің бір ойын ортаға салады
4. 1941-1945 жылдар туралы бейнежазбаны көреді. https://yandex.kz/video/search?text
Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай сұрақтар беріледі.
Б: «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылардың сұраққа жауап берулері өзара бағаланады.
2-тапсырма
(Ө, Ж, Т) Тұманбай Молдағалиевтың «Жеңіс күні» әңгімесіндегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын әрі қарай болжа.
1. Оқушыларға мәтіннің үзінділерін жеке оқу тапсырылады. Оқып отыра кейіпкерді, оның іс-әрекеті мен мінез-құлын анықтап кестеге жазады.
Кейіпкер Мінез-құлқы Іс-әрекеті
2.Толтырған кесте бойынша өз жұмыстарын топта ортаға салып қорғайды.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі кейіпкерге сипаттама беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.
Б: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім
3-тапсырма
(Ұ) «Болжамдар шеңбері» әдісі
Кестеге сүйеніп сюжеттің дамуын болжа. Әрі қарай кейіпкер бұл мерекені тойлай ма? Ойыңмен бөліс.
1.Оқушылар шеңбер бойына тұрғызылады. Әр оқушы сюжеттің дамуын болжап, өз ойын 1 сөйлеммен жеткізеді. Кезекпен жалғастырып отырады.
2.Барлық оқушылар шеңбер бойында ортақ бір қортындыға келеді.
3.Әңгіменің жалғасын жеке түсініп оқу тапсырылады.
4.Сюжет өз болжамдарына қаншалықты сәйкес/сәйкес еместігін анықтайды.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін.
Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді).
4-тапсырма
(Т, МК) «ҰТМП формуласы» әдісі.
Негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап, келесі кестені толтыр.
1. Оқушылар ортадағы плакатқа кестені сызып, мәтінннің негізі ойын білдіріп тұрған бөлігін анықтап жазады.
Ұ – ұстаным немесе көзқарас «Менің ойымша, .......
Т – түсіндіру немесе негіздеу «Себебі, .........»
М – мысал «Мен мұны келесі мысалдармен дәлелдеймін...»
П – пайымдау немесе нәтиже «Осыларға сүйене отырып, мен мынандай қорытындыға келдім...»
2. Жазған жұмыстарын жалпы топта талқылайды.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қойыла отырып, қолдау көрсетіледі.
Б.: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады. Жасыл түс – барлығын жаздым, түсінікті болды. Қызыл түс –екі бағанын жаздым, түсінбеген жерлерім бар. Сары түс – барлығын жазған жоқпын, түсінбедім......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 47 |



Загрузка...
Читайте также
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау «Жайлау күні» Д. Қасенов  (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау «Жайлау күні» Д. Қасенов (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Шығармадағы оқиғаны болжау «Қазына көтерген бала» Әнуар Жапаров (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау «Қазына көтерген бала» Әнуар Жапаров (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау  Мұхтар Әуезов «Бала Абай» (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау Мұхтар Әуезов «Бала Абай» (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Мүсінші Мысық» Сапарғали Бегалин  (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Мүсінші Мысық» Сапарғали Бегалин (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау Ж Әлмашев «Күн тәртібі» (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау Ж Әлмашев «Күн тәртібі» (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күн тәртібі (Жаңа тақырыпты меңгеру) (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күн тәртібі (Жаңа тақырыпты меңгеру) (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау №2 (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау №2 (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау  (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау (3 сынып, I тоқсан)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев, сабақ жоспары Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев 3 сынып әдебиеттік оқу әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары Кей, Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, IV тоқсан)