» » » » Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ана тіліне тағзым (Ана тіліне тағзым М. Әлімбаев Сүйемін С. Торайғыров) (3 сынып, IV тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ана тіліне тағзым (Ана тіліне тағзым М. Әлімбаев Сүйемін С. Торайғыров) (3 сынып, IV тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Ана тіліне тағзым (Ана тіліне тағзым М. Әлімбаев Сүйемін С. Торайғыров) (3 сынып, IV тоқсан) казакша Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Ана тіліне тағзым (Ана тіліне тағзым М. Әлімбаев Сүйемін С. Торайғыров) (3 сынып, IV тоқсан) на казахском языке
Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Ана тіліне тағзым (Ана тіліне тағзым М. Әлімбаев Сүйемін С. Торайғыров)
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау.
Сабақ мақсаттары: Барлық: өлеңді түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді, өлеңге тақырып қояды;
Көптеген оқушылар: өлеңнен қажетті ақпаратты түртіп алып оқиды; өлең бойынша сұрақтарға жауап береді;
Кейбір оқушылар: өлеңнен негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Ұйқасын тап» ойыны арқылы топтарға бірігеді.
Мақал - мәтелдердің жалғасын табу
Кішкене парақшалардағы мақал - мәтелдердің ұйқасын табады.
1. Ана тілін білмейтін адам............... (Надан)
2. Бал тамған тілден........... ( у да тамады)
3. Тіл тас жарады........... (тас жармаса бас жарады)
4. Ана тілім -........... (дана тілім)
1,3-топ - «Тіл»
4,2-топ - «Отан»
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
Автормен танысу
Сұлтанмахмұт Торайғыров - (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – ақын, ағартушы.
1-тапсырма
(Ж,Ұ) «Төрт сөйлем» әдісі
Үнтаспадан С.Торайғыровтың «Сүйемін» өлеңін тыңдау
1. Пікір. Тыңдаған материал бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өлеңдегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды.
3. Сұрақ. Өлеңге сүйеніп, ана тілі туралы сұрақ ойластырады.
4. Қорытынды. Өлеңге тақырып қояды.
Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.
(Б) «Мадақтама» әдісі Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау.
2-тапсырма
(Ж, ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз»
Мұзафар Әлімбайдың «Ана тіліне тағзым» өлеңін оқушылар оқи отырып, қажетті ақпаратты белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі. Өлеңнен қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды. Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады. Оқушылар өзінің өлеңнен стикермен белгілеп жинаған мәліметтерін көршісімен бөліседі.
Үлгі: Ана тіл, туған анамыздай сыйлаймыз, ана тілін бағалаймыз, ана тілін аялау, анасынан тілін қорлаған адам безеді.
Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.
(Б) «Түстер(жасыл, қызыл)» әдісі
Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр оқушы өз жұмысында нені толықтыру керек, қандай өзгертулер енгізу керектігін анықтайды
3-тапсырма
(Т) « Жаңалық ашамыз» әдісі
Оқушыларға түрлі дереккөздер ұсынылады. Ғаламтордан немесе энциклопедиядан ақындарымыздың тіл туралы қанатты сөздер, афоризмдер жинастырады.
Үлгі:
Тәрбие басы – тіл (Махмұд Қашқари)
Тіліңді тый – тісің сынбайды (Ахмет Игүнеки)
Басқа пәле – тілден (Жиренше)
Тіл – өткір найза (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)
Тіріде – жанға тыным жоқ, қызыл тілде буын жоқ (Базар Оңдасұлы)
Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды (Абай)
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады (Ахмет Байтұрсынов)
Тілден – зікір, көңілден – пікір (Сұлтанмахмұт Торайғыров)
(ЖЖ, МК) «5 жолды өлең» әдісіне сүйеніп «Ана тілім» деген тақырыпта өлең құрастырады.
Бес жолды өлең (5 минут)
1. Зат есім: Ана тілім
2. Сын есім: құрметті, бағалы
3. Етістік: аялайды, сүйеді, үйренеді.
4. Сөз тіркесі: Ана тілін сүйеді.
5. Синоним: Анам тілі
Саралау: Орындау барысында қарқын арқылы саралау. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
(Б) «Топ белсенділіктерін бақылау» әдісі
Топпен жұмыс және ұжыммен жұмыс кезінде тапсырманы орындау барысында топ мүшелерінің бірлесіп жұмыс жасауы мен белсенділіктерін бақылай отырып тапсырманың орындалуын бағалау.
4-тапсырма
(Ж,Т) «Венн диаграмма» әдісі
Ойлау мен үйренуге бағытталған әрекет мағынаны тану (түсіне білу) деп аталады. Мағынаны ашып, мәнін тану үшін оқушы бұл кезеңде танысқан ақпаратты салыстырады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады (арнайы мәтіндер, тапсырмаларды, түрлі амалдарды қолдана беру, әртүрлі әдістерге сәйкестендіру, т.т.).
Саралау:Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады
(Б) «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.
«ООО»- тамаша
«МММ» - жақсы
«Сұқ саусақ» -келісемін
«Екі саусақты» -сұрағым бар.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 115 |



Загрузка...
Читайте также
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Оқу түрлерін қолдану  «Шілде» Міржақып Дулатов (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Оқу түрлерін қолдану «Шілде» Міржақып Дулатов (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу  «Даладағы жауын» Әдібай Табылды  (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу «Даладағы жауын» Әдібай Табылды (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Шығарманы мазмұндау «Балалар елін бағындыру» Н. Ақышев (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Балалар елін бағындыру» Н. Ақышев (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Отанымды сүйемін (Үш бақытым М. Мақатаев) (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Отанымды сүйемін (Үш бақытым М. Мақатаев) (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Суды қалай ішеді «Жануарлар суды қалай ішеді?» С. Боранбаев (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Суды қалай ішеді «Жануарлар суды қалай ішеді?» С. Боранбаев (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі» (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі» (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Өнерлінің қолы алтын Мұзафар Әлімбаев «Он саусақ» Шона Смаханұлы «Он саусақ» (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Өнерлінің қолы алтын Мұзафар Әлімбаев «Он саусақ» Шона Смаханұлы «Он саусақ» (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Абайдың қара сөзі (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Абайдың қара сөзі (3 сынып, I тоқсан)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Ана тіліне тағзым (Ана тіліне тағзым М Әлімбаев Сүйемін С Торайғыров) 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Ана тіліне тағзым (Ана тіліне тағзым М Әлімбаев Сүйемін С Торайғыров), сабақ жоспары Ана тіліне тағзым (Ана тіліне тағзым М Әлімбаев Сүйемін С Торайғыров) 3 сынып әдебиеттік оқу әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары Ана, Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ана тіліне тағзым (Ана тіліне тағзым М. Әлімбаев Сүйемін С. Торайғыров) (3 сынып, IV тоқсан)