Көркем шығарма элементтерін салыстыру «От пен су» ертегі (3 сынып, IV тоқсан)

 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  «От пен су» ертегі (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Көркем шығарма элементтерін салыстыру «От пен су» ертегі
Оқу мақсаттары: 3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау;
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды және өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады, түзетеді
Көптеген оқушылар: шығарма құрылымын жетілдіреді, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді сұрақтар құрастыруда қолдана алады.
Кейбір оқушылар:сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтап, қателереді тауып және түзеткенде өзіндік пікірін дәлелдей алады .
Сабақтың басы
(Ұ) «Ассоциация» жаттығуы
Сабақтың тақырыбына байланысты «от және су» сөздері жазылады. Барлық оқушыларға парақ таратылады. Бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынылады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Жазған сөздерді қатармен бірігіп оқуға ұсынуға болады. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойлары қорытындыланады. Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды және өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады, түзетеді. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
1-тапсырма
(ЖЖ) «Суреттер сөйлейді» әдісі.
Суреттегі от пен судың не жөнінде айтып отырғандарын болжа. Оқиғадан кейін не болуы мүмкін?
1.Оқушылар оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтау үшін, сурет бойынша топта ойларын бөліседі.
2. От пен судың арасындағы диалогты құрастырады.
3. Топтар құрастырған диалогтары бойынша шағын сахналық қойылым қояды.
Саралау: Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Топтағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.
Қ/Б: «Смайликтер». Оқушылар тақырыпқа қатысты алған білімдерін білдіру үшін смайликтерді көрсетеді.
2-тапсырма
(Ө) «Үш сөз және сөйлем» әдісі. «От пен су» ертегісі
Оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтап, ертегіні іштей түсініп оқы.
1. Мұғалім ертегінің басын дауыстап оқып береді. Оқушылар тыңдап отырады. Мұғалім оқыған бөліктегі оқиғаны бірігіп анықтайды.
2.Оқушылардың ертегіні әрі қарай жалғастырып оқып шығуы үшін уақыт беріледі. Оқи отырып оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтап отырады.
3.Оқиғаның дамуындағы өзгерістер жайлы жинағандарын, ортада талқылап өз пікірлерін ортаға салады.
4.Мазмұнды түсінгендіктерін тексеруге арналған сұрақтар:
-Су неден шаршады?
-Оттың ашуланып не істеді?
-От пен судың іс әрекеттері дұрыс па?
5. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін әңгімені қайта шолуды тапсырыңыз.
Саралау: Қарқын тәсілі арқылы. Іштей түсініп оқуда оқушылардың деңгейіне байланысты уақытты белгілеу жоспарланады.
Қ/Б: «Күншуақ». Оқушылар жұппен жұмыс жасау барысында талқыланған мәліметтердің түсінгендігін былай көрсетеді:
Барлығын түсінсе - күнді
Жартылай түсінсе – күн мен бұлтты
Ештеңе түсінбесе – бұлтты
3-тапсырма
(Т) «Пирамидалық талқылау» стратегиясы арқылы оқушыларға судың отқа айтқаны және оттың ашуланғаны туралы суреттелетін эпизодтарды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау тапсырылады.
Саралау: Диалог жəне қолдау көрсету. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады. Оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюға болады.
(ҚБ) Oқyғa дeгeн қызығyшылығын apттыpy мaқcaтындa «Жapaйcың!», «Кepeмeт!», «Тaмaшa!» дeгeн cөздepмeн ayызшa мaдaқтay apқылы оқушылар ынтaлaндыpылады.
4- тапсырма
(Т,Ұ) Ертегі үзіндісінен мағынасы сәйкес келмейтін қателерді тауып, дәптеріңе түзетіп жаз.
Карточкаға жазылған келесі мәтін оқушыларға таратылады. (Су бар жерде ну бар. Әлі-ақ бәрі қалпына келеді. Екеуміз де Адамзатқа керекпіз. Ауызбірлікте болайық. Енді қателік жасап алудан сақтанайық.)
Алдымен олар топтарында ойларын бөлісіп, қандай қателер бар екенін анықтайды. Топтарға флипчарт қағаз таратылады. Оқушылар қағазға дұрыс нұсқасын жазады. Топтар өз жұмыстарын қорғайды.
Саралау: Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.
Қ/Б: «Білім ағашы» Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедім», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «көп қателестім» .......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 943



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!