» » » » Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: «Көл жағасында» З. Шүкіров, «Көлде» Ғ. Мүсірепов (3 сынып, IV тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: «Көл жағасында» З. Шүкіров, «Көлде» Ғ. Мүсірепов (3 сынып, IV тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  «Көл жағасында» З. Шүкіров,  «Көлде» Ғ. Мүсірепов (3 сынып, IV тоқсан) казакша Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  «Көл жағасында» З. Шүкіров,  «Көлде» Ғ. Мүсірепов (3 сынып, IV тоқсан) на казахском языке
Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су- тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: «Көл жағасында» З. Шүкіров,«Көлде» Ғ. Мүсірепов
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу;
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану.
Сабақ мақсаттары: - Өлеңді оқып, өлең мазмұнын көркем бейнелі сөздер арқылы жеткізеді;
- Мәтіннен көркем бейнелі сөздерді тауып, кестені толтырады;
- сөйлеу барысында суреттерді қолданады;
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Сұрақ - жауап» әдісі
- Су қоймаларына не жатады?
- Өзен мен көлдің айырмашылығы неде?
- Көлді қандай жануарлар мекендейді?
- Жер бетіндегі ең үлкен көл. (Каспий теңізі)
- Жер бетінде қанша мұхит бар? (4)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім айтады.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ж, ЖЖ) З. Шүкіровтың «Көл жағасында» өлеңін тыңдатады немесе мұғалім мәнерлеп оқып береді. Түсініксіз сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды (раң, кілең, қоғажай,), дәптерлеріне жазады.
«Талқылау әдісі» арқылы оқушылар жұп құрып, оқушылар өздеріне қысқаша тірек-сызбалар немесе сөздер тізбегін құрап алады. Екі жұп бір-біріне мұғалім-оқушы рөлін өткізеді. «Мұғалім» өз орнында қалады, «оқушы» көрші жұпқа ауысады.
Үлгі: Тірек сөздер- Көк кілем, тау етегі, өскен қоғажай, қозы-лақ, үркіп қарайды.
Осы тірек сөздер бойынша өлең мазмұнын өз ойымен жеткізеді.
(Б) «Бағдаршам»
Топтасу Сынып ортасына сөздер жазылған карточкаларды шашады, оқушылар алған карточкасы бойынша топтарға бірігеді:
Су қойма құстары: аққу, қаз, үйрек, шағала, аққұтан;
Су қойма өсімдіктері: қамыс, қоға, тұңғиық, балдыр, құрақ;
Су қойма жануарлары: көксерке, табан, шортан, бақа, алабұға;
Қазақстан көлдері: Балқаш, Алакөл, Зайсан, Сасықкөл, Бурабай;
Қазақстан өзендері; Есіл, Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария;
2- тапсырма
(ЖЖ, Т) Мәтінге сүйеніп, кестені толтыр. Оқушылар мәтінге сүйеніп, берілген кестені жұпта толтырады, топта ойларын ортаға салады.
Өсімдіктер және оған қатысты сөздер Құстар және оған қатысты сөздер; Жануарлар, жәндіктер, оларға қатысты сөздер;
Балауса, раң - шөп кілең,
Қаз сырласып отырғандай
(Б) Топтар бірін-бірі «Галереяны шарлау» әдісі арқылы бағалайды.
3-тапсырма
(Ж, Т) Ғ. Мүсіреповтың «Көлде» мәтінін түсініп оқиды, сурет бойынша VTS әдісі (көре білу стратегиясы)- мәтінге сәйкес (пейзаж) суретін көрсету арқылы ауызша сөйлету.
1 топ оқулықтың 96 беттегі суретті қолданады;
2 топ 97 беттегі суретті қолданады;
3 топ: қосымша 3-те берілген суретті қолданады;
4 топ: қосымша 4-те берілген суретті қолданады;
5 топ: қосымша 5-те берілген суретті қолданады;
(Б) дескрипторы:
- сөйлеу барысында иллюстрациялар мен фотосуреттер қолданады;
- өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді;
Саралау: тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
4 –тапсырма
(Ж) Берілген жоспар бойынша «Көлде» тақырыбына мәтін құрастыр.
1. Көл жағасындағы өсімдіктер.
2. Көлдегі тіршілік.
3. Көлдің пайдасы.
(Б) «Сол жақтағы көрші» әдісі арқылы сол жағында отырған көршісіне дәптерін беріп, өзі оң жақтағы көршісінің дәптерін алып, критерий бойынша 3 баллдық жүйе арқылы бағалайды. Критерийлерін алдын ала беріп қою ұсынылады немесе оқушылармен мәтін жазар алдында құрастыруға болады.
Дескрипторы:
• сөйлемдегі сөздер өзара байланысты;
• ойы жүйелі берілген;
• сауатты жазылған.
Саралау: тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. .....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 40 |



Загрузка...
Читайте также
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  «Жаңбыр жауды» Н. Әлімқұлов  «Нөсер» А. Сопыбеков (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: «Жаңбыр жауды» Н. Әлімқұлов «Нөсер» А. Сопыбеков (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Өзеннің пайдасы «Өзен» Ы. Алтынсарин  (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Өзеннің пайдасы «Өзен» Ы. Алтынсарин (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» 1-ші сабағы  (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» 1-ші сабағы (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Судың қасиеті «Тырнаның ақылы» Пошшо Қожа Аударған Әбдімәлік Жұмабаев (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Судың қасиеті «Тырнаның ақылы» Пошшо Қожа Аударған Әбдімәлік Жұмабаев (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Шығармадағы оқиғаны болжау  «Ерекше сурет» Жәди Шәкенұлы  (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау «Ерекше сурет» Жәди Шәкенұлы (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күзгі уақыт (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күзгі уақыт (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау (3 сынып, I тоқсан)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өзен мен бұлақ (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өзен мен бұлақ (3 сынып, IV тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары «Көл жағасында» З Шүкіров «Көлде» Ғ Мүсірепов 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, «Көл жағасында» З Шүкіров «Көлде» Ғ Мүсірепов, сабақ жоспары «Көл жағасында» З Шүкіров «Көлде» Ғ Мүсірепов 3 сынып әдебиеттік оқу әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары «Көл жағасында» З Шүкіров, Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: «Көл жағасында» З. Шүкіров, «Көлде» Ғ. Мүсірепов (3 сынып, IV тоқсан)