Судың да сұрауы бар В. Сухомлинский «Нағыз адам» (3 сынып, IV тоқсан)

 Судың да сұрауы бар В. Сухомлинский «Нағыз адам» (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су- тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Судың да сұрауы бар В. Сухомлинский «Нағыз адам»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану;
Сабақ мақсаттары: - мәтінді түсініп оқиды;
- мәтіннен қажетті ақпаратты табады;
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- сөйлеу барысында иллюстарцияны қолданады;
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
Оқулықтың 109 бетіндегі «Пікір білдір» тапсырмасын орындайды. Кестеде әр пікірдің дұрыстығына дәлел келтіреді.
Пікір Дәлел
Судың да сұрауы бар
Су бергеннің сауабы бар,
Су төккеннің жауабы бар.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім айтады.
Сабақтың ортасы
1 тапсырма
(Ұ) 109-110 беттегі В. Сухомлинскийдің «Нағыз адам» мәтінін түсініп оқиды. Сұрақтарға жауап береді:
- Мәтін не туралы?
- Жолаушылар атайға не үшін алғыс жаудыратын?
- Мәтіннің негізгі ойы не туралы?
(Б) «Қошеметтер бұрқасыны»
Топтасу
Санау арқылы 4 топқа бірігеді.
2- тапсырма
(Т) Пікірді дәлелде
Қара түспен белгіленген тіркестерді түсініп оқыңдар. Әр топ осы пікірге құрылған оқиғаны әңгімелеңдер.
Үлгі:
І пікір: Бұл- адам емес.
Дәлел: Себебі арбасында шелегі болса да, құдықтан не өзі су алмай, не ата мен немересіне су бермей кетті.
ІІ пікір: Бұны да әлі адам деуге болмайды.
Дәлел: себебі ол шелегін алып, арқанға байлап, құдықтан су алып шықты. Өзі де ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырды. Қалған суды құмға төгіп, шелегін қайтадан арбасына салып, алып кетті.
ІІІ пікір: Бұл- нағыз адамның өзі.
Дәлел: Арбасынан шелегін алып, арқанға байлады, су тартып, сусынын қандырды, алғысын айтып, жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында қалды.
Саралау: тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Галереяны шарлау» әдісі арқылы бағаланады. Әр топ басқа топтардың жұмысын қарап, дәлелдің дұрыс, бұрыстығын бағалап, толықтырады.
Дескрипторы:
- мәтіннің мазмұнын түсінді
- мәтіннен қажетті ақпаратты тапты;
- кейіпкер әрекетін сын тұрғысынан бағалайды;
3-тапсырма
(ЖЖ) Жұптық жұмыс
-Берілген сурет мәтіндегі қандай пікірге сәйкес келеді?
-Сендер жұпта осы мәтінге қандай сурет салар едіңдер?
Тапсырма нәтижесінде, егер оқушылардың суреттері мәтіннің әр бөлігіне сәйкес келсе «Кадр» әдісі арқылы мәтін жоспарын құрып, мазмұндатуға болады.
Жұптар суреттерін топқа таныстырады, топ ішінде үздік суретті анықтап, сынып алдына таныстырады. (Б) «Басбармақ» әдісі.
Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс беріп отырады.
4-тапсырма
(Ж,ЖЖ,Т)
«Суды үнемдеу ережесін құрастыр»
Әр оқушы ережелерді жеке дәптерде құрастырады, жұпта бөліседі, топта талқылайды. Топ атынан ортақ ереже жазады.
Басқа топтардың жауаптарын тыңдай отырып, толықтырады.
(Б) «Екі жұлдыз бір тілек»......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 800



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі