Тұңғыш ғарышкер «Тоқтар батыр» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, III тоқсан)

  Тұңғыш ғарышкер «Тоқтар батыр» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Тұңғыш ғарышкер «Тоқтар батыр» Тұманбай Молдағалиев
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу;
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем
-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді түсініп оқиды, өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
Көптеген оқушылар: өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді, кейіпкерге хат жазады;.
Кейбір оқушылар: кейіпкерге хат жазады, өз ойын дәлелдеп, қорытынды жасайды.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды 4 топқа біріктіреміз.
І топ – «Тікұшақ»
ІІ топ - «Ұшақ»
ІІІ топ – «Зымыран»
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1- 1-тапсырма
(МК, Ұ) «Миға шабуыл» әдісіне сүйеніп суретке қарап өткен сабақты еске түсіру,
1. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
2. Ол қашан ұшты?
3. Қай жылы ұшты?
Қосымша мәлімет: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.[1]
Автор жайлы мәлімет: Тұманбай Молдағалиев (20 наурыз 1935 жыл, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозы - 10 қазан 2011, Алматы қаласы) — қазақтың біртуар ақыны.
Бүгін біз осы ақынның «Тоқтар батыр» өлеңімен танысамыз.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.
«ООО»- тамаша
«МММ» - жақсы
«Сұқ саусақ» -келісемін
«Екі саусақты» -сұрағым бар
2-тапсырма
(Ө,ЖЖ,Т) «Бірлескен оқылым» әдісі арқылы
өлеңді түсініп оқиды. Түсініксіз сөздерді белгілеп, стикерге жазады. Жазған стикерлерін сандықшаға жинайды (салады, жабыстырады). Сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды.
Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
Сұрақтар:
-Есімін әлем білетін ғарышкеріміздің есімі кім?
-Неге қазақтың тұңғыш ғарышкер деп атаймыз?
-Зымыранды көрдің бе?
-Сен кім болғың келеді?
-Ұшқыш болуды армандайтындар бар ма? Кейіпкерге хат жазып, жұпта қатесін тексереді.
Сөздікпен жұмыс:
Зымыран – ғарыш кемесі.
Моделі- бейнесі, үлгісі.
Ғарыш- ауасыз кеңістік
Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(ҚБ)
 өлеңді түсініп оқиды;
 өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
 өз ойын көркем сөздерді қолданып жеткізеді;
 кейіпкерге хат ажазды;
 орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзейді;
 сауатты, қатесіз жазады.
3 - тапсырма
(Ө, Т, ЖЖ) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі өлеңді тыңдайды. Мұғалім мәнерлеп оқып береді.
(Ө) (Ойлан) – Өлеңдегі ғарышқа байланысты сөздерді анықтап, стикерге жазып алады.
Мыс: (зымыран, моделі, ғарыш) .
(ЖЖ) (Жұптас) – Өлең бойынша балалар ойнын туралы әңгімелеп айтады.
Мыс: ( доп қуу, аққала соғу, асық ату)
(Т) (Бөліс) – Анықтаған сөздерді ортақ топта талқылап, салыстырады. Әр топтан ортақ бір пікір шығарыңдар.
«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.
4 - тапсырма
(Т) «Еркін талқылау» әдісімен оқушылар тақырыпқа сәйкес өз ойын жүйелеп жеткізеді.
Ғарышкер болу үшін ......
Ғарышкер болсам .......
Ұстаз тілегі:
Ғарышкер болғысы келетіндерге!
Барлығы да армандаудан басталатынын ұмытпаңдар.
Армандаудан қорықпаңдар!
Жалқаулыққа салынбаңдар!
Сәттілік тілеймін!
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма -барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе
5 - тапсырма
(МК, Ұ) Берілген сөздерді қолданып, «Ғарышкер» тақырыбына өлең құрастыру тапсырылады.
Үлгілер:
Көкке ұшамын
Ұшқыш болар баламын.
Соңына ерем
Ер ғарышкер ағаның.
Керекті сөздер: ғарышкер, ұшамын, ұшқыш
Мен ғарышкер боламын,
Аспан көгін шоламын.
Зымыранын игеріп
Батыр Тоқтар ағаның (Г.Оразбекова)
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі
(Б) Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен бағалау............


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 887



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍