Асыл сөз (3 сынып, III тоқсан)

 Асыл сөз (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: Асыл сөз
Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.
Көпшілік оқушылар: Әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды
Кейбір оқушылар: Вербалды емес тілдік құралдарды қолданады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Шаттық шеңбері»
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз
Топқа бөлу:
1-топ Кішіпейіл
2-топ Мейірімді
3-топ Әділетті
4-топ Тілалғыш
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.[code][/code]
Сабақтың ортасы
Автормен танысу
Абдырахман Асылбек-1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. 1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысып келеді. Көптеген байқаулардың жеңімпазы, жүлдегер.
1-тапсырма
(Ж,Т) «Галереяны шарлау» әдісі
Оқушыларға өлеңнің бөліктері таратылады. Топтағы оқушылар өлеңнің бөліктерін оқиды. Өз бөліктеріне сай суреттерді таңдайды.
Қабырғаға дайындалған суретер ілінеді. «Галереяға саяхат»-топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі. Топтағы оқушылар өз тақырыбына сай суреттерді таңдайды. Таңдаған суреттері бойынша өз ойларын айтады. Сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды.
Саралау:Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады. Ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.
ҚБ «Смайликтер»

2-тапсырма
(Ө) Семантикалық карта
Әрбір топқа семантикалық карта таратылады.
Атаның ақылдары 1-шу
мақ 2-шу
мақ 3-шу
мақ 4-шумақ 5-шу
мақ
Кішіпейіл бол
Мейірімді бол
Әділетті бол
Үлкенмен сәлемдес
Тілалғыш бол
Саралау: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.
ҚБ «Қол шапалақтау»
Тапсырманы өте жақсы деңгейде орындаған оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау
3-тапсырма
(Т,Ұ) «Ой жалғау» әдісі
Мұғалім мәтінді жартылай оқиды, ары қарай 1-топқа - қайғылы, 2-топқа – көңілді, 3-топқа – юмормен 4-топқа көркем оймен жалғастыруға, аяқтауға тапсырма беріледі. Жұмыс аяқталған кезде топ мүшелері белгі береді. Спикер шығып оқиды.
Саралау: шығармаларды салыстыру арқылы айырмашылықтарын анықтап, қорытынды жасайды.
ҚБ «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды
4-тапсырма
(Т ) «Бірге ойлаймыз» әдісі
Топтардан 1-2 оқушыдан ортаға шығып отырады.
Мәтінге байланысты сөздер беріледі. Басқа топтағы оқушылар сөзді ым-ишара арқылы көрстеді. Ортаға шыққан оқушы жасырынған сөзді тауып айтады
Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.
ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»
Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны
Бір тілек-Жақсартуға болады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 073



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі