Алтын балта ертегісі (жалғасы 2-сағаты) (3 сынып, II тоқсан)

  Алтын балта ертегісі (жалғасы 2-сағаты) (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Тарау: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Алтын балта ертегісі (жалғасы 2-сағаты)
Оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың жанрын біледі, ертегінің құрылымдық бөліктерін табады.
Көптеген оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшілкітерін ажырата алады, шығарманы логикалық бөліктерге бөледі, ат қояды.
Кейбір оқушылар: өз ойын дәлелдейді, қорытынды жасайды, шығарма бойынша жоспар құрады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
Оқушыларды құрылыс материалдары аттарымен өз қалауы бойынша 4 топқа біріктіреміз.
Үлгі:
1-топ: «Балға»
2-топ: «Ара»
3-топ: «Бұрғы»
4-топ: «Қалақ»
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
1- тапсырма суретпен жұмыс
(МК, ЖЖ) Оқушылар жұптаса отырып «Суреттер сөйлейді» стратегиясы бойынша суретке зер салып ертегінің қай бөліміне сәйкес келетінін анықтайды, ойын дәлелдейді.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір жұптарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
2-тапсырма
(МК,Ж,ОТ) Кестемен жұмыс «Кубизм» әдісі арқылы кейіпкерді сипаттайды, салыстырады, бағалайды немесе кестеге салуына болады.
Мәтіннен үзінді Кімнің мінездемесі?
1.Дүниеқоңыз емес,ақпейіл, адал, құлшына еңбек етеді, еңбегімен күнелтеді.
2. Құлқыны тоймаған, көре алмайды, күндейді, берекесі кеткен.
Саралау: Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
3-тапсырма
(МК,Т,ОТ) Оқушылар ертегіні толық оқып шығады. Әр топқа мұғалім көмегімен «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы бойынша оқылған ертегіні логикалық бөліктерге бөліп, әр топқа өз бөлігі бойынша ат қойып, жоспар құру ұсынылады. Жұмысты қорғау. Шығарма жанрын анықтайды. Нақыл сөз немесе мақал –мәтелді анықтайды.
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
• шығарманың жанрын ажыратады;
• шығарманы құрылымдық бөліктерін ажыратады, ат қояды;
• шығарма бойынша жоспар құрады;
• нақыл сөзді анықтайды.
4-тапсырма
(МК,Т,ОТ) «Кейіпкерге хат» стратегиясы бойынша шығарма кейіпкеріне хат (оқығаны, көргені бойынша) жазады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 571



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?