Астанаммен мақтанам Ермек Өтетілеуов «Мақтанышым -Астанам» (3 сынып, II тоқсан)

  Астанаммен мақтанам Ермек Өтетілеуов «Мақтанышым -Астанам» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Астанаммен мақтанам Ермек Өтетілеуов «Мақтанышым -Астанам»
Оқу мақсаты: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;
3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: өлеңнің мазмұнын түсінеді;
Көптеген оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпарат таба алады, өлеңді мәнерлеп оқи алады;
Кейбір оқушылар: ақпаратты сызба түрінде бере алады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды Астананың жаңа көрікті жерлерін «Мозайка» әдісі арқылы құрастыртып 4 топқа біріктіреміз.
1-топ: «Нұрлы жол»
2-топ: «ЭКСПО шары»
3-топ: «Атырау көпірі»
4-топ: «Лазер сағат»
Оқушылар қима суреттерді таңдап және оны құрастыру арқылы топтарға бірігеді.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1- 1-тапсырма
(МК, Ж, ОТ) «Жалғастыр...» әдісі бойынша берілген дыбыстардан басталатын сөйлемдер ойластырып жазады. Үлгі:
А- алып- Ханшатыр
С- символы- Бәйтерек
Т- тұғырлы- Туы
А-асқақтаған- Әнұраны
Н-нұр шашқан- Қазақ елі монументі
А- арман қала- Астана
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.
(Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
Суретпен жұмыс
Ермек Өтетілеуов – балалар ақыны, аудармашы.
1938 жылы 1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. Республикалық «Жалын», «Жазушы», «Балдырған» баспа журналында еңбек істеген. Осы үш көркем әдебиет баспаларында жиырма жылдан астам уакыт жұмыс жасаған баспагердің қолынан жүздеген жинақтар мен жеке кітаптар жазған. Ақынның шығармашылығы бірыңғай балаларға арналғандықтан, оның редакторлық қызметі де жас оқырмандар үшін жазылған көркем әдебиетпен тікелей байланыста болады.
"Баспа және полиграфия ісінің қайраткері" құрмет белгісімен марапатталған.
2- тапсырма
(Ө, С, Қ) Ермек Өтетілеуовтің «Астанаммен мақтанам» өлеңін «Болжау» стратегиясы бойынша өлеңді мәнерлеп, қажетті ақпаратты тауып оқиды, тақырыбын болжайды. Оқи отырып, шығарманың негізгі ойын, «ашық» сұрақтар арқылы шығарманың идеясын анықтайды.
Үлгі:
1. Арқаны бойлай Есіл жағасында орналасқан қала?
2. Ашық аспан астында күн санап қала қалай өзгеріп келеді, жаңа ғимараттарды атай аласың ба?
3. Қаланы көркейткен зергерлер қай жақтардан келген?
4. Ақын неге Астананы алып көрмеге теңеді ?
Осы ретпен сұрақтарға жауап алынады, болжамымен салыстырылады. Өлеңді қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.
Астана - арман қала. - iTube - Qazaqstan бейнебаянды тамашалап, өлең мазмұнымен салыстырады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
• өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
• өлең бойынша сұрақтарға жауап береді;
• өлеңнен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
• өлең мазмұнына сәйкес мәліметтер табады;
• ақпаратты сызбаға түсіреді.
3-тапсырма Суретпен жұмыс
(ОТ, МК, Т) Әр топқа 5-тапсырмадағы суреттер таратылып беріледі. «Ой бұлты» әдісіне сүйене отырып «Көрікті Астанам» тақырыбына топта бірлесе отырып, мәтін құрастырады (8-10сөйлем)
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды.
4 - тапсырма (кестемен жұмыс)
(ОТ, Ж) Тапсырма жұппен орындалады. Оқушылар берілген тапсырманы орындау үшін оқушылар дереккөздерден (кітап, ғаламтор т.б.) мәліметтер жинастырады. Онан соң жұппен ақылдасып, жинастырған мәліметтерін кестеге сүйеніп толтырады.
Астананың бұрынғы атауы Қай жылы Астана атанды? Бәйтеректің биіктігі қанша метр және неге солай? Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан?
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұптар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау
5-тапсырма (дәптермен жұмыс)
(Ө,Т) Өлең жолдарын ақын ойымен өрбітіп әңгімелеп жазады. 1,2- топ 1- өлең жолына, 3,4-топ 2- өлең жолына жазады.
Өлең жолдары Ақын ойын өрбітіп әңгімеле
1. Қызу еңбек қайнаған,
Алып құрылыс айналам.
2.Астана – алып көрмесі,
Әсем сәулет өнері
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді.
(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау
6-тапсырма
(ОТ, Ж ) «Бір сөзбен» әдісі бойынша бір ауыз сөзбен оқушылар Астанаға айтар тілегін білдіреді.
Саралау.уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар өз ойларын еркін айтады.
(Б) мұғалімнің топтарды бағалауы........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 218



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі