» » » » Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әлемнің кереметтері Вавилонның аспалы бағы (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әлемнің кереметтері Вавилонның аспалы бағы (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әлемнің кереметтері  Вавилонның  аспалы бағы  (3 сынып, II тоқсан) казакша Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әлемнің кереметтері  Вавилонның  аспалы бағы  (3 сынып, II тоқсан) на казахском языке
Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Әлемнің кереметтері Вавилонның аспалы бағы
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып сын тұрғысынан бағалап оқу;
3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқи алады.
Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты таба алады; көркем шығарманы сурет нұсқасымен салыстыра алады.
Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты ақпаратты тауып, салыстырады; көркем шығарманы сурет нұсқасымен салыстырып, қорытынды жасайды.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
Оқушыларды ескі қалалармен атауларымен «Мозайка» әдісі арқылы 4 топқа біріктіреміз.
1-топ: «Отырар»
2-топ: «Ақмешіт»
3-топ: «Сауран»
4-топ: «Сығанақ»
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК, Ж, ОТ) Өзіңді тексер. “Ой қозғау” әдiсi арқылы тапсырма орындалады. Әлемнің жеті кереметі туралы естіп, білгендерімен жұпта ой бөліседі. Баланың басынан өткен бұрынғы тәжiрибесiне сүйене отырып, берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жеке
Саралау: өздігінен ізденіп, өз ойларын айтуға үйренеді.
(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
«Сана аллеясы» стратегиясына сүйене отырып, өз білімдерін YouTube желісінен «Әлемнің жеті кереметі» видеосымен танысу арқылы толықтыру.
2- тапсырма
(Т, С, Қ) «Әлемнің 7 және 37 кереметі» атты кітаптан алынған «Вавилонның аспалы бағы» мәтінін «Бағытталған оқу» әдісі бойынша іштей саналы түрде түсініп оқиды. «Мұнара тұрғызу» әдісімен оқушылар өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып парақшаларға жазады. Оқыған мәтіні бойынша таңдаған көркем бейнелі сөздерін талқылап, пікір білдіреді. Әр топ өз жұмысын баяндайды. Топтар пікір алмасады.
«Суреттеуші» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен үзіндідегі аспалы бақты қазіргі аспалы бақтың суреттегі нұсқасымен салыстырады
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау:
• мәтінді түсініп оқиды;
• мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
• көркем шығарманы иллюстрация нұсқасымен салыстыра сипаттайды;
• суреттердің ұқсастығын анықтайды;
• суреттердің айырмашылығын сипаттайды.
3-тапсырма (шығармашылық жұмыс)
(ОТ, МК, Т) «Суреттеуші» әдісі бойынша мәтінге сүйене отырып (судың сылдыры, тас төсейді, қамыс жаяды) көркем-бейнелі сөздерді қолданып, бақты сипаттап жазады.
(Ескерту: Сурет салу қабілеті бұл жерде басты емес; мәтін мазмұнындағы басты табиғилықты суреттеп жеткізе алуы маңызды.)
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
4-тапсырма (дәптермен жұмыс)
(ОТ,Ұ,МК) «Нұсқаумен оқу» әдісі бойынша берілген жалқы атаулардан сөздік құрастырады және дәптерге жазады.
Үлгі:
Вавилон-ежелгі мемлекет.
Мидия-тарихи аймақ. Б.з.б. 7 – 4 ғасырларда Әзірбайжанның оңтүстігі мен Иранның солтүстік-батыс бөлігінде өмір сүрген қуатты патшалық
Ефрат- Түркия, Сирия және Ирак елдерін кесіп өтетін арна, Батыс Азиядағы ең ірі өзендердің бірі
Амитис-Мидия ханының қызы
Навуходоносор-желгі дәуірде билік жүргізген Вавилон патшасы
Семирамида- Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі.
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта, топта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 127 |



Загрузка...
Читайте также
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Халық поэзиясының алыбы Д. Жамбылова «Жәкем» (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Халық поэзиясының алыбы Д. Жамбылова «Жәкем» (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күй атасы Ахмет Жұбанов «Құрманғазы» (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күй атасы Ахмет Жұбанов «Құрманғазы» (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күй құдіреті (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күй құдіреті (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ат -ер қанаты «Атқа міндім» Қастек Баянбай (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ат -ер қанаты «Атқа міндім» Қастек Баянбай (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Оқу түрлерін қолдану Әлемнің кереметтері  Вавилон аспалы бағы (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Оқу түрлерін қолдану Әлемнің кереметтері Вавилон аспалы бағы (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Абайдың қара сөзі (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Абайдың қара сөзі (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Сапарғали Бегалин «Есеннің кірпісі» (3 сынып, I токсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Сапарғали Бегалин «Есеннің кірпісі» (3 сынып, I токсан)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Әлемнің кереметтері Вавилонның аспалы бағы 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Әлемнің кереметтері Вавилонның аспалы бағы, сабақ жоспары Әлемнің кереметтері Вавилонның аспалы бағы 3 сынып әдебиеттік оқу әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары Әлемнің кереметтері Вавилонн, Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әлемнің кереметтері Вавилонның аспалы бағы (3 сынып, II тоқсан)