» » » » Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау Ж Әлмашев «Күн тәртібі» (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау Ж Әлмашев «Күн тәртібі» (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау Ж Әлмашев «Күн тәртібі» (3 сынып, II тоқсан) казакша Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау Ж Әлмашев «Күн тәртібі» (3 сынып, II тоқсан) на казахском языке
Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау Ж Әлмашев «Күн тәртібі»
Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау
3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне,оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, кейіпкерлердің портретін сипаттайды, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын біледі.
Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды, кейіпкердің іс-әрекетін бағалай отырып сиптаттайды;
Кейбір оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің портретін сипаттайды, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын анықтайды, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, өз ойың өмірмен байланыстыра дәлелдейді.
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы
(Ұ) «Венн диаграммасы»
Тақтаға «Венн диаграммасы» ілінеді. Оқушыларға мәтіннен қарама-қарсы сөздер ұсынылады. Ол сөздердің қарама-қарсы мағынасын тауып жазу, тақтаға жапсыру тапсырылады. Жазған сөздерін бірігіп оқуға ұсынылады. Мысалы: жақсы, жаман, үздік, нашар.
Оқушылармен бірге жазылған сөздер қорытындыланады.
- Бұл сөздердің адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне байланысты болуы мүмкін бе?
Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.
Оқу мақсатын хабарлау:
Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжай отырып, оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, кейіпкерлердің портретін сипаттап, оның іс-әрекетін, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалаймыз. Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма.
(Ұ;Т) «Кейіпкерлер әлемі» әдісі қолданылады.
Ж.Әлмашев «Күн тәртібі» әңгімесін үш бөлімге бөліп, «Бірлескен оқылым» тәсілімен оқып сұрақ құрастыру ұсынылады.
Шарты: оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ бір-бірлеріне әңгіме мазмұныны бойынша оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтауға байланысты сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады.
Үлгі сұрақтар:
1. Досалы мектептен үйіне неге көңілсіз қайтты?
2. Сыныптастары неліктен Досалымен дос болғысы келмеді?
3. Досалы өзіне қандай ой түйді?
Оқу мақсатына сәйкес кейіпкердің мінез-құлқын сипаттап, іс-әрекетіне баға беруде, сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамытылады. Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға бере отырып, оларға сипаттама бере отырып, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиеленеді.
Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, кейіпкерлерге сипаттама беруі әртүрлі болатыны болжанады.
ҚБ: «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды.
2-тапсырма.
(Ө)«Допты лақтыру» әдісі
Мұғалім доп лақтырып оқылған мәтін мазмұны бойнша кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез құлқын бағалауға байланысты сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді. Мысалы:
- Апасы неге бәйек болды деп ойлайсың?
- Досалы неге шайын ішпей жатып қалды?
- Досалы сабақ үстінде нені аңғарды?
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) «Шаршылар» әдісі
Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса, сарымен, тақырыпты өте жақсы түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды.
Сергіту сәті
Күн тәртібіне қатысты қимыл-қозғалысты жаттығулар орындау
3-тапсырма.
(Ұ) «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша Ж.Әлмашев «Күн тәртібі»шығармасындағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау тапсырылады. Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:
1. пікір Досалының мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. дәлел Мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп өз күн тәртібінің үлгісін жазады
3. мысал Мәтіндегі оқиғаларды өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен мысал келтіреді.
4.қоры тынды Досалыға күн тәртібін жасай отырып, өмірінің қалай өзгергенін, бір сөйлеммен қорытындылайды .
Педогогикалық тәсілдемеге сүйене отырып, ширату жаттығуы кезінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытамын, ұжыммен жұмыс болғандықтан ынтымақтастық құндылығы дарытылады.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
4-тапсырма.
(Т; МК) «Қатені тап» әдісі
Ойын шарты:
Үш топқа өз қалаулары бойынша бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасын алады. Тапсырманы орындауға белгілі уақыт беріледі.
1-топ тапсырмасы: мәтіннің кез келген үзіндісін әңгімелеп жазу арқылы ұсыну. Әңгімелеуде міндетті түрде 1-2 қате болуы керек.
2-топ тапсырмасы: мәтіннен бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жазу керек.
3-топ тапсырмасы: мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру керек. Сұрақтарда 1-2 қате болуы керек. Тапсырмалар жазылып болған соң, топтар бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері керек.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетемін.
(ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 125 |



Загрузка...
Читайте также
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Шығармадағы оқиғаны болжау  «Ерекше сурет» Жәди Шәкенұлы  (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау «Ерекше сурет» Жәди Шәкенұлы (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ойнай білу де -өнер «Елдестің ойыны» Оспанхан Әубәкіров (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ойнай білу де -өнер «Елдестің ойыны» Оспанхан Әубәкіров (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Еңбекке жастан өнерге бастан Алтын балта (ертегі) 1-сабақ (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Еңбекке жастан өнерге бастан Алтын балта (ертегі) 1-сабақ (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күн тәртібі (Жаңа тақырыпты меңгеру) (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күн тәртібі (Жаңа тақырыпты меңгеру) (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау №2 (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау №2 (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Том мен Бекки Марк Твен (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Том мен Бекки Марк Твен (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау (3 сынып, I тоқсан)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Шығармадағы оқиғаны болжау Ж Әлмашев «Күн тәртібі» 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Шығармадағы оқиғаны болжау Ж Әлмашев «Күн тәртібі», сабақ жоспары Шығармадағы оқиғаны болжау Ж Әлмашев «Күн тәртібі» 3 сынып әдебиеттік оқу әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары Шығармадағы оқиғаны болж, Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау Ж Әлмашев «Күн тәртібі» (3 сынып, II тоқсан)