» » » » Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету Д Қасенов «Ең ұзақ күн» (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету Д Қасенов «Ең ұзақ күн» (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету  Д Қасенов «Ең ұзақ күн» (3 сынып, II тоқсан) казакша Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету  Д Қасенов «Ең ұзақ күн» (3 сынып, II тоқсан) на казахском языке
Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Қатені табу және түзету Д Қасенов «Ең ұзақ күн»
Оқу мақсаттары: 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар мәтінді түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мұғалімнің көмегімен шығармадан қателерді табады, түзетеді.
Көптеген оқушылар: шығармның маңызды тұстарын анықтауға сұрақтар құрастырады, және оған жауап береді, шығарманың құрылымын ажыратады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді нұсқау бойынша табады және түзете алады
Кейбір оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын ашық сұрақтар қою және жауап беру арқылы анықтайды, өз бетінше шығарманың құрылымын, стилін ажыратады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзете алады.
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы
(Ұ, МК)
«Заряд алу» жаттығуы
Оқушылардың барлығы шеңберге тұрып, қолдарынан ұстап, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады. Шеңбер бойындағы тұрған оқушылар саны аяқталғанша қолдарын қысу ретімен жалғаса береді. Жаттығу бастапқы бастаушыға жеткенде тоқтайды. Бастаушыға қанша заряд жібергені қайта оралып керек.
Бастапқы білімді қайталау
(Ө, Ұ). «Ашық микрофон» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау. Өткен сабақта өткен мәтіннің авторы туралы деректер жинастырып, әңгімелеу тапсырылады. Мұғалімнің бастапқы білімге байланысты сөз тіркестері жазылған парақтарды ұсынады. Сыныптан оқушылар қалауларынша микрофонды қолына алып, ұсынған тіркестердің біріне байланысты сұрақты ұжым ішінде кез-келген оқушыға қояды. Жауап беретін оқушы алдыңғы сабақта өткен мәтіндегі ақын туралы деректермен бөліседі.
Үлгі сөздер мен сөз тіркестері:
ақынның туған жылы; Әкесінің аты; туған жері; оқыған мектебі; өлеңдері; әңгімелері т.б.
Оқу мақсатын хабарлау.
- Сынып бөлмесінде уақыт машинасымен саяхаттап бекеттерде тапсырмалары орындаймыз. Мақсатымыз, өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойы, құрылымын анықтап, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып және түзетіп үйрену.
Сынып бөлмесіне бірқатар бекеттер қойылу керек. Әр бекетте белгілі дереккөзімен жұмыс жасау ұсынылады. Әр топқа өз бекетіндегі дереккөздерді талқылауға 10 минут уақыт беріледі. Оқушыларға өз идеяларын флипчартқа немесе тақтаға жазу ұсынылады. Уақыт аяқталған соң келесі бекетке ауысады. Барлық топтар бекеттерді өтіп, ұсынылған түрлі дереккөздерден ақпарат алады.
Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-бекет
(МК, Ө, Ж) «Уақыт машинасы» стратегиясы арқылы Д.Қасеновтің «Ең ұзақ күн» әңгімесін оқып, талдау жүргізу ұсынылады. Таңдауына қарай уақыт машинасы ұғымын қызықты етіп таныстыру және әрекетті жүргізу үшін белгі тірек сөздер пайдалану ұсынылады. Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар қою тапсырылады. Жауаптарды тақтаға жазуды ұсынуға болады.
Сұрақтар үлгісі:
1. Қанат пен Жасұланның уақыт туралы түсінігі бірдей ме?
2. Жасұлан ойын ойнаған кезде жайлаудың күні қандай деп айтты? Ал қозы баққан кезде не деді?
3. Жасұланның «Жайлаудың күні әртүрлі болады екен. «Кейбір күні
ұзақ, кейбір күні қысқа болады» деген сөзімен келісесің бе? Неге?
Сынып оқушылары тапсырманы жұппен орындауға болады. Орындауға 5-7 минут уақыт беріледі.
Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай сұарқатрды құрастырып, оқиғаны әңгімелеу әртүрлі болатыны күтіледі.
(ҚБ) Бағдаршам көздері арқылы бағалау.
қызыл = түсінген жоқпын
сары = әлі де дайындық қажет
жасыл = барлығы түсінікті
2-бекет
(Т, МК) «Сұрақтар аялдамасы» ойыны
Оқылым дағдысының ақпаратты сызба түрінде беру мақсатына сәйкес әңгіме бойынша үш ашық сұрақ құрастырып жазу тапсырылады.
Мәтін мазмұны бойынша үш аялдамаға «Неге? Неліктен? Қалай?» сұрақтар жазылған парақтар ілінеді. Топ ішінен бір оқушыға парақты алып сол сұрақтың қай аялдамасына барса, соны қатыстырып, мәтін мазмұнына сәйкес ашық сұрақ құрастыру ұсынылады.
Реті:
1. Сұрақ аялдамасын таңдайды.
2. Сұрақ жазылған парақшаның артына топтаса отырып, бір немесе бірнеше сұрақ қатыстырып жазады.
3. Бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.
Оқушылардың ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану дағдыларын дамыту көзделеді.
Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішінде сұрақтар құрастыруда немес жауап беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады.
Сергіту сәті. Тик-Так әні. Әннің сүйемелдеуімен қимыл-қозғалысты жаттығулар орындау.
3-бекет
(МК, Ө, Ж) «Шатасқан оқиғалар» әдісі
Оқушыларға Д.Қасеновтің «Ең ұзақ күн» әңгімесі бойынша орны ауысқан оқиғаларды тауып, түзету тапсырылады. Оқушылар бір-екіге санап жұпқа бөлінеді. Әр жұпқа оқиға реті шатасып жазылған парақтар таратылады. Берілген парақшалардағы тарихи оқиғаларды жұптарымен бірлесе отырып, ойланады, түзетіп, ретімен қойып шығады, себебін түсіндіреді.
Кесте үлгісі:
1. Түс болмай қозыларды қораға айдап келді.
2. Әсіресе бүгін ең ұзақ күн болды, – деп қозыны тастай сала тұра жөнелді.
3. «Жайлаудағы күн неге қысқа болады екен?» деп іштей налыды.
4. Жасұлан мен Қанат жазда атасына жайлауға барды.
5. Ертеңіне ертемен қолына таяқ ұстап, қозыларды өріске шығарды.
Саралау: Қарқын тәсілі арқылы. Қарқыны жылдам кейбір оқушыларға мазмұны бойынша қосымша кейіпкердің мінезіне баға беруді тапсыруға болады. Біршама уақытты талап ететін оқушыларға тапсырма терең түсіндіріледі.
(ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау.
«Түрлі түсті жиектер» әдісі
Оқушылар жазба жұмысын орындау барысында дәптер жиегіне түрлі түсті қарындашпен белгі салып отырады. Мағынасы: «қызыл – тексеріп, барлық қателерін түзетіңізші», «жасыл – барлық қателерді белгілеңізші, мен барлығын өзім түзетемін», «көк – қате санын көрсетіңізші, мен өзім тауып түзетемін», «қара – бұл жұмысқа баса назар аудармаңыз, мен оны асығыс орындадым» және т.б......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 46 |



Загрузка...
Читайте также
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу “Табиғат” Ақселеу Сейдімбек (4 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу “Табиғат” Ақселеу Сейдімбек (4 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету Ә. Ысқабай «Тайғақта» (4 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету Ә. Ысқабай «Тайғақта» (4 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Нені үйрендім? (бөлімді қайталау) (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Нені үйрендім? (бөлімді қайталау) (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ)  Қатені табу және түзету (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) Қатені табу және түзету (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Қайталау Нені үйрендім? (жазба жұмысы) (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қайталау Нені үйрендім? (жазба жұмысы) (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың мазмұнын түсіну №2 (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың мазмұнын түсіну №2 (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне» (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне» (3 сынып, I тоқсан)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Қатені табу және түзету Д Қасенов «Ең ұзақ күн» 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Қатені табу және түзету Д Қасенов «Ең ұзақ күн», сабақ жоспары Қатені табу және түзету Д Қасенов «Ең ұзақ күн» 3 сынып әдебиеттік оқу әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары Қатені табу және түзету Д, Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету Д Қасенов «Ең ұзақ күн» (3 сынып, II тоқсан)