» » » » Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қысқы кеш суреттері (Бекіту сабағы) (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қысқы кеш суреттері (Бекіту сабағы) (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қысқы кеш суреттері (Бекіту сабағы)  (3 сынып, II тоқсан) казакша Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қысқы кеш суреттері (Бекіту сабағы)  (3 сынып, II тоқсан) на казахском языке
Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Қысқы кеш суреттері (Бекіту сабағы)
Оқу мақсаттары: 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
Сабақ мақсаттары: - шығарманы дауыстап түсініп мәнерлеп оқиды.;
- шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- шығармадан көркемдегіш құралдарды
табады;
-көркемдегіш құралдарды анықтайды;
- өз ойын білдіруде көркем сөздерді қолданады;
-орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетеді. .
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту. Оқушыларға топтастыру және жұмбақты шешу мақсатында: қар, аяз, мұз, жыл он екі ай, боран сөздері жазылған карточкалар таратылады. Сынып қабырғасына жұмбақтар ілінеді. Оқушылар берілген уақыт ішінде сыныпты аралап жүріп, қолындағы карточка қай жұмбақтың жауабы болу мүмкін деп ойласа, сол жұмбақтың қасына тұрады. Бір жұмбақ бір бетке шығарылады. Нәтижесінде 5 топ құрылу керек. Топ мүшелері жұмбақты дауыстап оқиды, неліктен жауабы сол екенін дәлелдеуге тырысады.
1. Қыста бар да, жазда жоқ. (қар)
2. Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп оюсалады. (аяз)
3. Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр – қатты ақ. (мұз)
4. Қанаты жоқ- ұшады.
Аяғы жоқ – желеді.
Ауызы жоқ – ұлиды. (боран)
5. Бір кісінің он екі баласы бар,
Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.
Әр баласы сапарға шыққан сайын,
Отыз шақты серігін ала шығар. (жыл он екі ай)
Осы сөздердің барлығы қай тақырыпқа байланысты? Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау. Балғалау критерийлерімен тансытыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ө; ЖЖ; Т) Өлеңді тыңда, мәнерлеп оқы.
Оқулықтағы А. Пушкиннің Т.Жароков аударған «Қысқы кеш» өлеңін үнтаспадан тыңдатыңыз немесе өзіңіз мәнерлеп оқып беріңіз. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Сөздіктен түсініксіз сөздердің мағынасын қарайды, дәптерлеріне жазады.
Тыңдап болған соң оқушылар өздері жеке түсініп оқиды, жұпта өлеңді мәнерлеп оқиды, бірін-бірі тыңдап, бағалайды.
Бағалау. Оқушылар жұпта бірін- бірі өзара «Нысана» әдісі арқылы бағалайды.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, бағалайды, кері байланыс беріледі.
2 –тапсырма
(Ө, ЖЖ, Т) Өлеңді оқы, белгі қой. Тапсырма топта орындалады. Оқушылар өлеңді тағы бір рет жеке оқиды, боранға қатысты сөздердің үстіне «+» немесе «құсбелгі» қояды. Белгілеген сөздерін топта салыстырады, өз ойларын ортаға салады. Топ атынан бір оқушы шығып, ортақ ойды білдіреді. Басқа топтар мұқият тыңдап отырады, толықтырады, сұрақтар қоюға болады.
-Осы сөздерді басқаша қалай атауға болады?
-Ақын суреттеген қысқы боран нені елестетеді? – сұрақтарын қою арқылы мәтіннен теңеу мен эпиттерді тапқызу.
(ҚБ) дескрипторлар:
- Боранға қатысты көркемдеуіш құралдарды тауып, белгіледі;
- Эпитет пен теңеуді ажыратады;
- Өз ойын жеткізуде көркем сөздерді қолданады;
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
- Автор өлеңінде тағы қандай образдар бейнеленген?
- Оларды немен салыстырып отыр?
Қабілеті жоғары оқушыларға автор кемпірін немен салыстырып отырғанын анықтауға болады. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап,бағалайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
3-тапсырма
(Т) Топтарға: лашық, құйын, сабан, сыңсу сөздері беріледі. Анықтамалардың реті бойынша топтар берілген сөздерді партаның үстіне дұрыс ретпен сәйкестендіріп орналастыру керек.
Уақытша тұруға арналған төбесі шошайтып жасалған баспана. (лашық)
Ауаның жер бетінен топырақты, қарды, суды үйіре көтеріп, айналмалы қозғалып, ұйтқи соғатын екпіні қатты жел (құйын)
Дәнді және ірі бұршақты дақылдарды бастырғаннан кейін қалатын құрғақ сабағы.(сабан)
Ұзатылған қыздың, туған-туыс, елімен қоштасар кезде әндетіп айтатын өлеңі; тұрмыс-салт дәстүрлерінің бірі. (сыңсу)
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті жоғары оқушыларға карточкадағы сөздерді бермей, мәтіннен тапқызып орындатуға болады.
Бағалау: «Басбармақ» әдісімен презентациямен салыстырып тексереді, бағалайды.
5 –тапсырма
(Ө,ЖЖ,Т) Әр оқушы дәптерде жеке кестені толтырады. Өлең жолдары бойынша өз ойларын жазады. Жұпта сөздердің сауатты жазылуына, сөйлемдердің дұрыс құрылуына назар аударып, бірін-бірі тексереді. Өлең шұмақтарын 5 топқа бөліп беруге болады. Жеке орындап болған соң, жұпта талқылайды, топқа ұсынады, ортаға бір жолды ұсынады. Мысалы:
Өлең жолдары Өз ойы
Қарлы боран көкті жапты,
Қарлы құйын қуалай. Қыста боран жиі соғады. Боран соққан кезде алай –дүлей жел қарды биікке ұшырып, тіпті аспан көрінбей кетеді.
Кейде ұлыған аң сияқты,
Кейде жылайды баладай
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға тағы шұмақтар беруге болады.
Бағалау. Оқушылар жұпта бірін бірі өзара «Нысана» әдісі арқылы бағалайды. ......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 94 |



Загрузка...
Читайте также
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Нені үйрендім? (бөлімді қайталау) (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Нені үйрендім? (бөлімді қайталау) (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жарық жұлдыз Ғафу Қайырбек «Алғашқы қоңырау» (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жарық жұлдыз Ғафу Қайырбек «Алғашқы қоңырау» (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: «Өнер-білім бар жұрттар» Ыбырай Алтынсарин (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: «Өнер-білім бар жұрттар» Ыбырай Алтынсарин (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ)  Қатені табу және түзету (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) Қатені табу және түзету (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Қайталау Нені үйрендім? (жазба жұмысы) (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қайталау Нені үйрендім? (жазба жұмысы) (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне» (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне» (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау (3 сынып, I тоқсан)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Қысқы кеш суреттері (Бекіту сабағы) 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Қысқы кеш суреттері (Бекіту сабағы), сабақ жоспары Қысқы кеш суреттері (Бекіту сабағы) 3 сынып әдебиеттік оқу әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары Қысқы кеш суреттері (Бекіту сабағы), Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қысқы кеш суреттері (Бекіту сабағы) (3 сынып, II тоқсан)