Үйрен білім жастықта Мағжан Жұмабаев (3 сынып, II тоқсан)

 Үйрен білім жастықта Мағжан Жұмабаев (3 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Үйрен білім жастықта М.Жұмабаев
Оқу мақсаттары: 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: - шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын қояды және оған жауап береді;
- өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды;
- өз ойын вербалды емес тілдік құралдарды қолданып жеткізеді;
- өлең бойынша өз ойын жазады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы «Ыстық картоп» әдісі.
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, өткен сабақтағы Ы. Алтынсариннің «Бақыт құсы» мәтіні бойынша сұрақтар қояды, қолына доп түскенде сұрақтарға жауап береді.
Үлгі:
- Мәтіннің авторы кім?
- Әмзе әкесіне не тапсырды?
- Ол сапарда қанша жүрді?
- Әмзе не іздеп шықты?
- Жолда оған кім кезікті?
- Ертегіден өзіңе не түйдің? ...сияқты сұрақтар қойылады.
«Бақыт құсы» мәтіні сабақтың «Үйрен білім жастықта» тақырыбымен қалай байланысты болды? Бүгін де біз осы тақырыпты жалғастырамыз. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийі оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім таныстырады.
Сабақтың ортасы
Топтастыру.
Оқушыларға мақал-мәтелдердің сөздері таратылады. Олардан мақал-мәтел құрастыра отырып топтарға бөлінеді.
1. Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
2. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
3. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
4. Оқымаған бір бала, оқыса екі бала.
5. Күш- білімде, білім – кітапта.
1-тапсырма
(ЖЖ, Т) М. Жұмабаевтың «Балалық шақ» өлеңін аудиотаспадан тыңдатыңыз немесе өзіңіз мәнерлеп оқып беріңіз.
-Балалық шақтың қадірі туралы ақын қандай өсиет сөздер айтып кеткен?
Оқушылар жұпта, топта талқылайды, алдыңғы сабақта құрастырған «Ассоциацияны» толтырады, салыстырады. Өлеңді мәнерлеп оқиды.
Патшаның тағы Бағалауға тіл
жетпейді
Үйрен білім Бос өткізбе
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Топтың құрамына қарай, мықты оқушылары басым топтар өз ойларын өмірмен байланыстырып дәлелдейді. Тапсырманы ауызша орындайды.
(Б) Топтар өз ойларын ортаға шығып таныстырады. Басқа топтар мұқият тыңдап, «Басбармақ» әдісімен бағалайды, кері байланыс береді.
Оқушылар өлеңнің авторы туралы оқулықтан оқиды, мұғалім қосымша мәліметтермен толықтырады.
2- тапсырма
(Ж,ЖЖ,Т) дәптермен жұмыс.
«Қосжазба күнделігі» әдісі бойынша өлеңде берілген үзіндінің мағынасын ашады.
Өлеңнен үзінді Менің пікірім
Балалық шағың-
Патшаның тағы,
Тіл жетпес оны бағалап
Иә, менің ойымша адамның балалық шағы -ең бақытты кез. Оны бағалап айтуға адамның тілі жетпейді, себебі балалық шақта адамда өз білімін жетілдіруге, оқуға, жан-жақты болуға патшадай мүмкіндіктері бар
Көп өтпей жыл,
Тек жүрмей, біл,
Ілгері күнді сағалап.
Бірдей үзінді таңдаған оқушылар топтарға бірігеді, бірін-бірі тыңдайды, талдайды, ойларымен бөліседі. Осында оқушылар әртүрлі үзінділерді таңдауы мүмкін, топқа бірікпей қалған оқушылардың да пікірі құнды екенін ескеру керек.
Саралау: тапсырма барлық оқушыларға бірдей ұсынылады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Оқушылар өз ойларын жазуда сөйлемдерді қатесіз жазуына назар аударылады.
(Б.) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.
3 тапсырма (Т) Оқушылар топта түймедақтың бір күлтесін таңдайды, сол сұраққа ойланып топта жауап береді.
«Блум түймедағы» әдісі бойынша сқрақтарға жауап алады. Блум түймедағының алты күлтесі- сұрақтар типінің алты түрі.
1. Қарапайым сұрақтар. Өлеңнің авторы кім?
2. Анықтауыш сұрақтар. Өлеңде не туралы айтылған?
3. Интерпретациялық сұрақтар. «Үйрен білім жастықта» дегенді қалай түсінесін?
4. Шығармашылық сұрақтар. Өз балалық шағыңды қалай өткізіп жатырсың?
5. Бағалау сұрақтары. Өлең арқылы автор неге шақырады?
6. Тәжірибелік сұрақтар. Өлеңге басқаша қандай тақырып қоюға болады?
(Б) Дескрипторы:
- сұрақтарға жауап берді;
- өз ойын жүйелі жеткізеді;......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 183



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!