Жыл санау Жыл басы (Бабалар сөзі Жүз томдық 73 том) (3 сынып, II тоқсан)

 Жыл санау Жыл басы (Бабалар сөзі  Жүз томдық 73 том) (3 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Жыл санау Жыл басы (Бабалар сөзі Жүз томдық 73 том)
Оқу мақсаттары: 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру;
3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка(күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру
Сабақ мақсаттары: - Мәтіннің мазмұнын түсінеді;
-Сұрақтар құрастырады және оған жауап бере алады;
-Мәтіннің маңызды тұстарын анықтай алады, ашық сұрақтар құрастырады;
-Шығарманы басқа нұсқасы иллюстрациямен салыстырады, өз ойын дәлелдеп айтады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
Презентациядағы суреттер ішінен мұғалім өзінің туған жылын білдіретін жануардың суретін таңдап алады және балалардан неліктен осы суретті таңдағанын сұрайды? (мұғалім таңдап алған жануарды сипаттап кеткені абзал) Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау. Өздерінің туған жылдарына байланысты жануарлардың суреттерін таңдап сипаттайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, кері байланыс береді.
Топтастыру
Оқушыларды «Жануарлар» әдісі бойынша 5 топқа бөлу. Мұғалім оқушыларға жан-жануарлардың суреттері салынған карточкаларды таратып беріп, карточкадағы жануардың қылықтарын қайталап отырып, бірін-бірі тауып, шағын топтарға бөлінуін тапсырады. Бұл жерде дыбыс шығаруға болмайды. (жылқы, сиыр, қоян, жылан, тышқан суреттері). Оқушылар шеңбер жасап тұрады, әр оқушы карточкадағы жануардың қимылын көрсетіп тұрады, ұқсас белгілері бар оқушылар топқа бірігеді. Мысалы, жылан- жорғалайды, жылқы-шабады, қоян-секіреді, сиыр- сүзеді, тышқан-кеміреді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстыралыды. Бағалау критерийі оқушылармен бергі құрастырылады немесе мұғалім таныстырады.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
«Жыл санау» ертегі
(Ө,ЖЖ, Т) Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Сөздіктен түсініксіз сөздердің мағынасын қарайды, дәптерлеріне жазады.
(Ө, ЖЖ,Т) «Пікір алмасу» стратегиясы бойынша мәтінге 5 сұрақ құрастыруға ұсынылады. Мәтін бойныша сұрақты жеке құрастырады, жұпта талқылайды, топта талқылайды.Үлгі:
- Неге хайуандар жыл басы болуға таласты?
- Жылқы қандай дәлел айтты?
- Сиыр қандай дәлел келтірді?
- Қой не айтты?
- Ит неге басқалармен келіспеді?
- Тауықтың айтқанымен келісесің бе?
- Тышқан қандай амал тапты? Неге?
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
- ертегінің мазмұнын түсінеді;
- ертегі бойынша сұрақтар құрастырады;
- құрастырған сұрақтарға жауап береді
2- тапсырма
(Ө) Жыл он екі айдың қазақша атауларын суретпен меңзер арқылы сәйкестендіріп, сипаттап айту.
Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға мұғалім қодау көрсетеді.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау.
3-тапсырма
(Т) Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін нақыл сөздерді, мақал –мәтелдірді табу.
Үлгі:
Алуан – алуан жүйрік бар, өз әлінше шабады.
Түйенің бурасы жақсы,
Сөздің турасы жақсы.
Саралау.Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
(Б) Топтардың бірін –бірі бағалауы.
4- тапсырма (дәптермен жұмыс)
(Ө) Сөздер қатарын толықтыр.
Жыл, ай, күн ....
Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Қабілетті оқушылар мен қабілеті төмен оқушылар бірлесе жұмыс жасайды.
(Б) «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 299



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі