» » » » Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың мазмұнын түсіну №2 (3 сынып, I тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың мазмұнын түсіну №2 (3 сынып, I тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың мазмұнын түсіну №2 (3 сынып, I тоқсан) казакша Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың мазмұнын түсіну №2 (3 сынып, I тоқсан) на казахском языке
Пән: Әдебиетттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Шығарманың мазмұнын түсіну №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып және жауап береді, өз бетінше орфографиялық қателерді тауып және түзетеді
Көптеген оқушылар: сұрақтарға жауап беруде өз ойларын қосып, жауаптарын нақтылай алады.
Кейбір оқушылар: өзін немесе достарынның әрекеттерін қоса әңгімелеп, көркем әдеби тілде сұрақтар құрай алады.
Сабақтың басы
Ширату. «Иә және жоқ» ойыны. Мұғалім оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, допты лақтырып келесі сөздерді оқиды. Оқушылардың жауаптары бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
«Күн сары бола ма?»
«Шөп жасыл ма?»
«Роза гүлі қызыл ма?»
«Қанатттың ақ екені рас па?»
«Бұлтттың сары түсін көрдің бе?»
-Сұрақтар қандай болды?
-Қалай жауап бердіңдер?
-Қандай жауаптар бердіңдер?
-Бұлар қандай сұрақтар болды? (жабық) (Оқушылар сұрақтардың өздеріне таныс болғандықтан оңай, жеңіл жауап бергендерін айтады.)
-«Күн сары бола ма?» сұрағын ашық сұраққа айналдырыңдар.
Сабақ мақсаты: Біз бүгінгі сабақта шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып, жауап береміз және өз бетінше орфографиялық қателерді тауып, түзетеміз.
Сабақтың ортасы
Оқиық. (Ө,Ұ). «Стоп кадр» әдісін қолдана отырып, Қ.Баянбайдың «Жақсы мен жаман» өлеңін оқу тапсырылады. Өлеңді оқуда «стоп-кадр» сөзі қолданылатыны айтылып, түсіндіріледі. Өлеңді оқып отырған кезде мұғалім оқушыларды бақылау арқылы, бір іс-әрекеттің аяқталған тұсынан кез келген оқушыны «стоп кадр» деп тоқтатып, не болып жатқанын оқушы айтып, түсінгенін айтады.
Мыс: Жақсы мен жаман
Қайыр күтпе баладан
Өз мысығын сабаған.
Кім алдаса анасын,
Оған қалай нанарсың?
Мұғалім осы тұста бір оқушыны «стоп кадр» деп тоқтатады, оқушы осы шумақ бойынша не түсінгенін айтып береді.
ҚБ «Бағдаршам» әдісі
Жасыл түс – барлығын оқып үлгердім, өлеңнің кейбір тұстары түсініксіз болды.
Қызыл түс – оқып үлгермедім, өлеңді түсінбедім
Сары түс – барлығын толық оқыдым, түсіндім
Сұрақ құрастырайық. (Т) «Сұрақтар жаңбыры» әдісі.
1. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топтың өздеріне арналған әр түрлі түстегі қағаздар беріледі. ( 1 топ-ақ, 2 топ-сары, 3 топ –жасыл, 4 топ-қызыл).
2. Өлең мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады. (Мыс: Өз мысығын сабаған балаға қанадай ақыл айтасың? Ойнап жүріп жылауға неге болмайды?).
3. Осындай ашық сұрақтар құрастырып, өздерінің түстеріне жазады. Жазған қағаздарын ортадағы себетке салады.
4. Әр топтан бір оқушы ортадағы қағаздарың біреуін таңдап (өз түстерінен басқа) алады.
5. Алған сұрақтарына топпен талқыланған жауап жазылып, кері екінші топқа лақтырады.
6. Жауап жазылған парақты қағып алған топ, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады.
ҚБ «Бас бармақ» әдісі.
Сұрақтарға жауап бере алдым, сұрақты қайта құрастыра алдым.
Сұрақтарға жауап бердім, сұрақ құрастыра алмадым.
Сұрақтарға жауап бере алмадым, сұрақ құрастыра алмадым
Жазайық. «Жүгірме диктант» әдісі (ЖЖ).
1. Сынып қабырғасына өлең шумақтары жазылған қағаздар жабыстырылады.
1-шумақ:
Добын қимас ойнауға,
Ұят сараң болған да.
Кім мақтанса көбірек,Д
Жасайды мінез жөні жоқ.
2-шумақ:
Адал болса досына,
Азаматың осы да.
Ойнатса кім інісін,
Мақұлдаймыз мұнысын.
2. Оқушылар жұпқа бөлінед. 1- жұп қабырғадағы өлең шумақтарын оқып, 2-жұбына айтады. 2-жұп сол айтқан шумақтарды жазады. Жазып болған соң, жұптар ауысады.
3. Жазылған шумақттардың «Жақсыға» не «Жаманға» жататынын анықта. Неге олай таңдағаныңды түсіндір.
ҚБ «Шапалақ» әдісі
Үш шапалақ – өлеңнің барлық жолын жаздым
Екі шапалақ – өлеңнің екі жолын жаза алдым
Бір шапалақ – өлеңнің бір жолын жаздым
Тексерейік. (ЖЖ.) Жазған өлеңнің қатесін тексер.
1. Оқушылар жазған өлеңдерін жұптарына береді.
2. Жұбының жазған өлеңінің орфографиялық қателерін тексереді.
3. Тексеріп болған соң жұмыстарды жұбына береді.
4. Мұғалім өлең шумақтарын тақтаға шығарады, оқушылар өз жұмыстарын тексереді.
ҚБ «Қолшатыр» әдісі
Жасыл түс –қате жоқ
Сары түс- 1-2 қате бар
Қызыл түс – 3-4 қате бар......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 50 |



Загрузка...
Читайте также
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Нені үйрендім? (бөлімді қайталау) (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Нені үйрендім? (бөлімді қайталау) (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ)  Қатені табу және түзету (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) Қатені табу және түзету (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Қайталау Нені үйрендім? (жазба жұмысы) (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қайталау Нені үйрендім? (жазба жұмысы) (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету  Д Қасенов «Ең ұзақ күн» (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету Д Қасенов «Ең ұзақ күн» (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Шығарманы мазмұндау №2 (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау №2 (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне» (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне» (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың мазмұнын түсіну (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың мазмұнын түсіну (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау (3 сынып, I тоқсан)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Шығарманың мазмұнын түсіну №2 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Шығарманың мазмұнын түсіну №2, сабақ жоспары Шығарманың мазмұнын түсіну №2 3 сынып әдебиеттік оқу әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары Шығарманың мазмұнын түсіну №2, Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың мазмұнын түсіну №2 (3 сынып, I тоқсан)