Тахуаи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 5-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Тахуаи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 5-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Тахуаи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 5-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
Сабақ мақсаты: 8.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау.
Сабақ барысы:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
1-тапсырма
«Дайындал...Назар сал... Оқыңдар!» әдіс –тәсілі арқылы тапсырманы шығарманың сюжеттік желісіне сай талқылайды.
• Оқиғаныңбасталуы.
• Оқиғаныңдамуы.
• Шарықтаушегі.
• Шиеленісуі.
• Оқиғаныңшешімі.
1. Оқушылар шығарманың сюжеттік желісі бойынша топтарға бөлінеді: басталу,даму, шиеленісу, шарықтау шегі, шешім. Сюжеттік желі шашырай таратылады. Топтар 1 минут ішінде құрастырып,тез орындарын тауып, отырып үлгерулері керек.
2. Топ мүшелері іштей мәтінді бір оқып шығады. Берілген тақырып пен проблеманы талқылап, өз идеяларын келесі топқа айту үшін 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар шығарманы сюжеттік желісіне сай келесі топқа барып мазмұндайды, топтар бір-бірінің идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады
2-тапсырма«Кубизм» әдісі
«Кубизм» әдісі арқылы оқушыларға жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.
• Суретте. Күйші Естеместің портретін суреттеңіз.
• Салыстыр. Күйші Оразымбет пен Естеместі салыстырыңыз.
• Зертте. Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
• Қолдан. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырынан нені аңғаруға болады?
• Дәлелде.Күй неліктен толық шықпады?
• Талда. Нардың күйге елтігенін қай тұстарда байқадыңыз?
3-тапсырма «Талдап білу» әдісі
Оқушылар әңгімені топта бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір- бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.
Талқылаушы- мазмұны мен тақырыбын талқылайды.
Белгілеуші- мазмұны бойынша сұрақ дайындайды.
Байланыстырушы- шығарманы аңызбен байланыстырады.
Топ шешені- « Күйші Естеместің “Заманым өткен екен ғой” деп аһ ұруы нені білдіреді?» өз ойын айтады.
Қорытындылаушы - «Жазушы күй туралы,күйші туралы неге тебіреніп жазды деп ойлайсыңдар?» деген сұрақты талдап қорытындылайды.
4-тапсырма « 6 неліктен?» сұрақтарына жауап бере отырып, шығарманың прологы мен эпилогын жазады.
• Қыз бала неліктен қаймықпай жолаушылардың аттарын белдеуге байлады?
• Неліктен шал жолаушыларға сусын ұсына алмады?
• Неліктен Естемес күйші Жаңылға көз тастай берді?
• АқсақалнеліктенЕстемескеқолқасалды?
• Қызнеліктеннардыңемшегінқысыпұстады?
• ЕстемескүйшінеліктенжолынОразымбеткеберді?
Эпилог пен пролог жазуға ұсынылатын тірек сөздер: екі күйші, боз інген, аяқталмай қалған күй, әке шарты, қыз қулығы.
Кері байланыс: «Мендік пікір» арқылы сабақтан алған әсерін жеткізу
Мені сүйсіндіргені…
Мені қуантқаны…
Менің тілегім…
Мені қызықтырғаны…
Біздің түйгеніміз:.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 204



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!