Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 2-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 2-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С3. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
Сабақ мақсаты: Көркемдік-идеялық құндылыққа гуманистік тұрғыдан талдау жасап, әдеби эссе жазу.
Сабақ барысы:
«Болжау»
Оқушылар « Невада – Семей» қозғалысы» бейнебаянын көріп, ой бөліседі.
• Осы бейнебаяннан қандай тарихи кезеңді көруге болады? Шығармамен үндестігі бар ма?
• Адамдарға полигонның қандай зияны болды?
• Сенің ойыңша, елді мекендерде осындай сынақтар жасау адами құндылықтарға қалай әсер етеді?
• «Ядролық сынақтар- адам өмірін жалмаушы аждаһа» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
1-тапсырма «Бірге ойлаймыз» әдіс-тәсілі
Барлық оқушылар бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әрқайсысы шығармадағы кейіпкер өмірі мен бейнебаяндағы тарихи оқиғаны салыстырады. Кейіпкерге портреттік мінездеме, шығарманың көркемдік –идеялық құндылығына баға береді.
2-тапсырма «Талдап білу»
Оқушылар әңгіме мен ән мәтінін топта бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір- бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.
Талқылаушы- мазмұны мен тақырыбын талқылайды.
Белгілеуші- мазмұны бойынша сұрақ дайындайды.
Байланыстырушы-шығарманы тарихи шындықпен байланыстырады.
Топ шешені- көтерілген мәселені «Семей полигонының зардабы әлі жойылған жоқ» деген тақырыппен үндестіреді.
Қорытындылаушы- шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдап қорытындылайды.
3-тапсырма «Карусель» әдісі
Әдеби эссе жазуға дайындау үшін үлгі сұрақтары:
• Шығармада ұлт трагедиясы қалай көрініс тапқан?
• Кейіпкерлердің бойындағы адамгершілік қасиеттер қалай сипатталған ?
• Шығармадағы жеке тұлғалық болмыс туралы ойыңыз қандай?
• Шығарма сізге қалай әсер етті?
Әдеби эссе сұрағының үлгісі:«Автор ұлт трагедиясын қалай суреттеген?»....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 183



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі