Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №7 (8 сынып, III тоқсан )

 Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №7 (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №7
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау;
Сабақ мақсаты: Романның сюжеттік желісімен, ондағы танымдық, тағылымдық ой-пікірлерімен танысу.
Сабақ барысы:
1. Ми шабуылы.
Дана халқымыздың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қанатты сөзінің астарында не жатыр? (өмір шындығы, қазақы философия)
2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
3. Жаңа сабақты меңгерту.
а)Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
Бауыржан Момышұлының жауынгерлік, қолбасылық, шығармашылық ғұмырының мағыналы болуының сырын ұшқан ұя, өскен ортасымен байланыстыруға болады. Әжесінің бесік жыры мен әлдиін тыңдап өскен, үлгі-өнеге, ақыл-кеңестерінен нәр алған батыр Бауыржан қазақтың мақтанышына айналды.
Ж/Т. Оқушыларға шығарманың алғашқы тарауы бөлініп беріледі. Үзіндіні белгіленген уақытта оқып болғаннан кейін «INSERT» (түртіп алу) кестесімен жұмыс жасайды. Әуелі бірінші бағанын, қалғанын рет-ретімен толтыруы сұралады.
Мен мұны білемін Мен үшін жаңа Мен басқаша ойладым Қызықты
Кестемен жұмыс аяқталғаннан кейін жазғандарын топ ішінде дауыстап оқып талқылайды.
Қабілеті жоғары оқушылар ойлана отырып оқиды әрі кесте бөліктерін толтырады, ал қабілеті төмендеу оқушылар жалпы мазмұнын білуге тырысады.
Дескриптор
- шығарма мәтінін оқиды;
- INSERT кестесімен жұмыс жасайды;
- жазғандарын топта талқылайды.
4. Топ мүшелерінің жауабы критерийге сай бағаланады, мұғалім сындарлы кері байланыс береді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 788



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі