Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №4 (8 сынып, III тоқсан )

 Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»  ұлағаты №4 (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №4
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;
Сабақ мақсаты: автор бейнесі мен шығарма кейіпкерлерінің қарым-қатынасын тілдік бірліктерге сүйене отырып талдау.
Сабақ барысы:
1.Қызығушылықты ояту мақсатында «Фамилиясы жоқ ұлы қазақ» мәтінінен үзінді беріледі. Оқушылар үзіндіні оқып, қарамен берілген сөздердің астарлы мағынасын талдайды.
Жазушы А. Бек Баукең атамызбен алғаш қалай танысқаны туралы осы кітаптың «Фамилиясы жоқ адам» (Человек, у которого нет фамилий) атты I бөлімде: «Танысқан кезінде ол аты-жөнін айтты. Жөнді есіте алмай, қайта сұрадым.
- Бауыржан Момышұлы, – деді ол тәптіштеп. Кәдімгі тілшінің әдеті бойынша дәптерді қолыма алып:
- Ғафу етіңіз, фамилияңыз қалай жазылады? – деп сұрадым.
- Менің фамилиям жоқ, – деді ол. Мен бетіне таңдана қарап едім, ол:
- Атым - Бауыржан. Әкем - Момыш, мен соның ұлымын, баласымын, түсіндің бе?-деді.
Оның үнінде астарлы бір зіл бардай, кейістіктің лебі жатқандай сезілді. Кейін, әбден танысып, сыр алысқан кезде ғана, оның не себепті өзін фамилиясыз адам деп есептейтінін ұқтым».
2. Үзінді арқылы сабақ тақырыбы анықталып, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
3. Жаңа сабақты меңгерту.
Т. 1-тапсырма.
1-қадам: Оқушылар романдағы автор бейнесі туралы ойларымен топ ішінде бөліседі: автор оқиғаны нешінші жақта баяндап отыр, оның белгілі бір кейіпкерге деген көзқарасы қандай, оны қалай анықтауға болады т.т.
2-қадам: Өзара талқылаудан соң топ спикерінің жауабы мына үлгіде болады:
• Біздің ойымызша, романдағы автор бейнесі ...
• Ойымызды былай дәлелдейміз:
1-аргумент -
2-аргумент -
3-аргумент –
• Топтың ойын дәлелдей отырып мынадай қорытынды жасағым келеді: ...
3-қадам: топ спикерлерінің жауабын оқушылар бағалау критерийіне сай құрылған дескрипторлар арқылы бағалайды.
4. Мұғалім сындарлы кері байланыс береді.
Дескриптор
- үзінді мазмұнын талқылайды;
- сабақ тақырыбымен байланыстырады;
- автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне мысалдар келтіре алады;
- талдау, тұжырым жасай алады.
Қабілеті жоғары оқушылар автор мен кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты мәтінге сүйене отырып талдайды, ал қабілеті төмендеу оқушылар үзінді мазмұнын баяндаумен шектеледі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 008



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі