Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 7-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

 Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 7-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 7-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау;
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды;
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.
Сабақ барысы:
Топқа бөлу. «Смайликтер» арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасы: «Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау сұрақтарын қою.
Қызығушылығын ояту:
Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдатып, бүгінгі тақырыпты анықтау.
1 – тапсырма. «Алтын микрофон» ойынын ойнату арқылы күй мен поэманың арасында қандай байланысты сезгенін сұрау.
2-тапсырма. Топтық жұмыс
1-топқа:табиғат суреттелетін үзінділерін табу, талдау;
2-топқа: аққудың әсемдігін суреттейтін сөздерді табу, талдау;
3-топқа: оқ тиген аққудың мүшкіл халін сипаттайтын деталдарды жазу, талдау.
4-топқа: Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды. Табиғат суреттелетін үзінділерді анықтайды
Аққудың сұлулығын суреттейтін сөздерді анықтайды
Жаралы аққу бейнесіне талдау жасайды
Баяндау, пейзаж, суреттеулерге мысалдар келтіреді.
Аққу мен кейіпкер арасындағы психологиялық параллелизмді анықтайды.
Риторикалық сұрақты кейіпкер монологының ішінен табады.
Қалыптастырушы бағалау
Топтар бір-бірін бағалайды.
3-тапсырма.«Мен үшін аққу...» тақырыбында постер қорғау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру; Шығармадан 3факт келтіреді.
Өмірден 1 мысал арқылы дәлелдейді.
Мақал-мәтел, дәйек сөз, нақыл сөздер қолданады.
Креативті бейнелейді.
Қалыптастырушы бағалау
Сергіту сәті: «Импульс» ойыны.
Сабақты қорыту:«Автор орындығы». «Егер мен автор болсам...». Оқушылар автор бейнесіндегі оқушыға шығарманы оқу барысында туындаған сұрақтарын қояды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 960



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі