» » » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны 8-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны 8-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:  Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны 8-сабақ (8 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:  Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны 8-сабақ (8 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны 8-сабақ
Оқу мақсаты: Т/Ж2. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып түсіндіреді.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
Интерактивті тақтадан «Еңлік –Кебек» дастанының нұсқасы көрсетіледі.(https://kk.wikibooks.org/wiki/%D0%95%D2%A3%D0%BB%D1%96%D0%BA-%D0%9A%D0%B5%D0%B1%D0%B5%D0%BA).
Оқушылар «Емтихан сұрақтары» тәсілі арқылы алдымен дастандағы автордың көзқарасы, ойы нақты көрінетін шумақтарды тауып оқып, жұбымен талдайды. Талдап болғаннан кейін шумақтар бойынша сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарын екінші жұпқа береді. Екінші жұп сұрақтарға жауап бере отырып дастандағы негізгі идеяны анықтайды. Жауаптарын сұрақ құрастырған бірінші жұпқа көрсетеді. Бірінші жұп екінші жұптың жауаптарын өз жауаптарымен толықтырады да, екі жұп бірігіп топ құрайды. Топ мүшелері «Шығарма идеясы мен пафосы» бойынша құрастырған сұрақтары мен жауаптарын постерге түсіріп, келесі топқа береді.Олар өз ойларын айтады. Оқушылар сұрақтар мен жауаптарын постерге түсіріп жатқанда Әли Оқаповтың орындауындағы «Еңлік – Кебек» әні баяу ойнап тұрады.
Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіре алады. 1.шығарманың идеясы мен пафосын анықтайды;
2. ұлттық мүддемен байланыстырады;
3.дастан идеясы негізінде сценарий жазады;
3.заман сипатын бағалайды;

2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма «Кубизм» әдісі
Оқушылар шеңберге тұрғызылып, сағат тілі бойынша «1 ,2, 3, 4, 5, 6» сандары арқылы үлкен топқа бірігеді. Бір топта алты оқушы болады. Топ мүшелеріне дастан үзіндісі жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар алдымен үзіндіні жеке оқиды, екінші оқығанын жұбымен талқылайды, үшінші эпизодтарды сюжеттік бөлшектерге бөліп, жауап береді. Оқушылар тапсырманы «Кубизм» тәсілі арқылы орындайды. Топтағы алты оқушы кубтың алты қыры арқылы өз ойларын айтады.
1- оқушы:Білу – оқиға алдындағы жағдай қалай берілген?
2-оқушы: Түсіну – дастанның идеясы не?
3-оқушы: Қолдану – шығармадағы оқиға желісінің дамуын ой картасына түсіріңдер.
4- оқушы: Анализ – Еңлік пен Кебек арасындағы диалогқа талдау жасаңдар.
5-оқушы: «Синтез- Еңлік пен Кебектің аяусыз жазалануының себебін дәлелде.
6-оқушы: «Бағалау- Дастанда заман сипаты қалай көрініс тапқан?
Деңгейі жоғары оқушыға кубтың «анализ, синтез, бағалау», деңгейі орта оқушыға «білу, түсіну, қолдану» қырлары беріледі. Талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері бағалау критерийі бойынша бірі -бірі бағалайды.
3. Мағынаны тану
2-тапсырма «Тоқта, хатшы мырза!» әдісі
Бұл тапсырманы орындағанда «Тоқта, хатшы мырза!» әдісі қолданылады. Сынып оқушылары алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Топтағы екі оқушы дастан бойынша оқиғалы сценарий құрастырып жазады, белгіленген уақытта топтағы қалған екі оқушыны «Тоқта, хатшы мырза!» әдісі бойынша өз жұмыстарымен таныстырады. Сценарий нұсқасымен топ мүшелері толық танысып болғаннан кейін жазғандарын келесі топқа көрсетеді. Осылайша барлық топтар жұмыстарымен өзара алмасып, ең жақсы сценарийді таңдап алады. Таңдап алынған сценарийді рөлге еніп көрсетеді.
Деңгейі жоғары оқушыға топ жұмысын бағалайды, деңгейі орта оқушы көріністен алған әсері жайлы ой бөліседі.
3-тапсырма
Бұл тапсырма «Сіздің білгіңіз келетін сұрақтар» тәсілі арқылы орындалады. Интерактивті тақтадан дастанның эпизодтық үзіндісі көрсетіледі. Сынып оқушылары эпизодтарды өз қалаулары бойынша таңдап алады. Сол таңдаған эпизодтар арқылы топқа бірігеді. Бір топта төрт оқушы болуы керек. Бір оқушыны топ спикері етіп сайлайды. Оқушылар бірінші топ ішінде өздерінің жеке ойларын айтады, екінші жұппен дастанның өздері таңдаған эпизодтары бойынша сұрақ құрастырады,үшінші топпен ой бөлісіп оқиға шешімін шығарады. Топ мүшелері оқиға шешімін шығарғаннан кейін топ спикері сынып алдына шығып жұмыстарының қорытындысын айтады.
Мұғалім қабілеті орта оқушыларды топ спикері болуға бағыттайды, қабілеті жоғары оқушылар эпизодтар бойынша сұрақ құрастырады.
4. Бекіту
4-тапсырма
«Ұшқыр ойлар кілемі» әдісі
«Ұшқыр ойлар кілемі» әдісі бойынша оқушылар жұппен дастан үзінділеріндегі жер атаулары бойынша Еңлік пен Кебектің жүрген жерлерге болжау картасын сызады. Бірінші жұп өз жұмысын екінші жұпқа көрсетеді. Екі жұмыстан бір жұмысты таңдап алады. Сызған карталарын сынып қабырғаларына апарып іледі.
5. Салыстыру
5-тапсырма «Галарея»
Топтар «Галарея» әдісі бойынша бір-бірінің жұмысымен танысып, жұмыстарды салыстырады. «Өте жақсы» жұмысқа жасыл, «жақсы» жұмысқа көк, «толықтыруды қажет ететін» жұмысқа қызыл стикер жапсырылады.
6.Бағалау
6 - тапсырма «Маған үш нәрсені айт...» әдісі
Оқушылар алдыңғы тапсырма бойынша бөлінген үлкен топтан шағын топқа бөлінеді. Бір топта үш адам болады. Топ мүшелері «Маған үш нәрсені айт» әдісі бойынша «Еңлік- Кебек ғашықтық трагедия ма?», «Ру адамдары неліктен екі жасты өлімге бұйырды?», «Кебексіз қанатымды қалай жаям?!» тақырыптарын шығарма идеясы мен пафосындағы ұлттық мүдде тұрғысымен байланыстырып шағын топта талқылайды. Топ мүшелері бірінші оқиға желісі бойынша тақырыптарды жұппен, екінші ойлары мен пікірлерін топ ішінде талдайды. Топта үш тақырыпты біріктіріп тұтас оқиғалы әңгіме құрастырады да, әңгімелерін келесі топқа оқуға ұсынады. Басқа топтар тапсырмаларды «Біз бүгін білдік...», «Біз жақсы меңгердік...», «Топ жақсы меңгерді...», «Біз 50 минут бұрын білмегенімізді білдік...» деген кері байланыс парағы арқылы бағалайды......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 109 |



Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 6-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 6-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:  Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны 10-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны 10-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 3-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 3-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 5-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 5-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 6-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 6-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны 8-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны 8-сабақ, сабақ жоспары Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны 8-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебе, Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны 8-сабақ (8 сынып, II тоқсан )