Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» Өмірдің мәні (8 сынып, I тоқсан )

 Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» Өмірдің мәні (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» Өмірдің мәні
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
Сабақ мақсаты: Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Сұрақтар жаңбыры
Оқушылар Йасауидің өмірі мен шығармашылығы бойынша пайымдау және талдау сұрақтарына жауап береді.
 Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы не білесіз?
 Ақынның лирикалық шығармалары несімен құнды?
 Өмір сүрудің мәнін қалай суреттейді?
 « Даналық кітабы» әрбір адамды неге бағыттайды?
 Йасауи қандай әдебиеттің өкілі?
 Йасауи сепкен ізгілік дәнін тағы қай ақындардан кездестіруге болады?
 Йасауи шығармасында қандай нәрселерден сақтану керектігін ескертеді?
 Автор «Қам көңілдің қайғысына дауа болғын» деп нені меңзейді?
 Уа, дариға, махаббаттың дәмін татпай,
Жар да сүймей, үйді ойлап, дүние таппай.
Ойсыз, қамсыз, шайтандықтан бойды тартпай,
Жан берерде жанталасқа түстім, міне.
Кәміл пірім қызметінде тынбай жүрдім,
Дамыл таппай, көз ілмей, зырлай жүрдім.
Әзәзілдің арбауына қыңбай жүрдім,
Сосын да мен қанат қағып ұштым, міне,- деген шумақтарда автордың эпифораларды қолдану ерекшелігіне тоқталыңыз.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды.
1-тапсырма. Салыстыру кестесі
Мұғалім әр топқа «Даналық кітабынан» үзінділер және Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мәтінін таратып береді. Оқушылардан хикметтердің идеясын, тақырыптарын, стилін, әдеби құралдарын талқылауды және бұл өлеңнің көркемдік құндылығын Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен салыстыруды сұрайды.
1.Жұптар стиль, идея және тақырыптар және тарихи, көркемдік құндылықтар бойынша ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтауы қажет.
2. Мұғалім осы екеуін салыстыру үшін оқушыларға кесте береді. Кейбір оқушылар елеусіз заттарды анықтай алса, дифференциация мен шығармашылыққа мүмкіндік беретін тағы бір бағана қосады.
Шығарма
Салыстыру
нысанасы Даналық кітабы Ғылым таппай мақтанба
сюжет
тақырып
идея
стиль
әдеби құралдары
тарих
басқа
3. Сынып талқылауында ақын жалпы не туралы жазғаны, ол шығармаларды қалай жазғаны қорытындыланады.
2-тапсырма. Бұрыш
Бөлменің төрт қабырғасына «Даналық кітабының» тарихи және көркемдік құндылығына қатысты тұжырымдар ілінеді. Оқушылар қабырғада ілініп тұрған тұжырымдарды аралап оқиды. Өздері талқылауға лайықты деп тапқан тұжырым тұсында қалып, сыныптастарымен топтасады.
Оқушылар өздері таңдаған тұжырым бойынша «Даналық кітабының» тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, талдау жүргізеді.
1-бұрыш: «Қожа Ахмет Йасауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді, сондықтан «Даналық кітабының» тілі бай, сөздік қоры мол. Оған хикметтердегі кірме ...
2-бұрыш: Ақынның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті, сондықтан «Даналық кітабының» көркемдік құндылығы басым, оны мына көркемдегіш ...
3-бұрыш: Йасауи Фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері болды. Сонымен қатар Шығыс әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды, сондықтан «Даналық кітабы» эпикалық тұрғыдан құндылығы жоғары, неге десеңіз...
4-бұрыш: «Даналық кітабынан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады, сондықтан ол баға жетпес тарихи жәдігер. Оны мына мысалдармен ...
Топтық бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Әдеби шығарманың жанрын, сюжеттік желісін,
эпилог, прологтарды анықтайды Сұрақтарға жауап береді
Сұрақтарға талдау жасайды
Йасауи хикметтері мен Абай өлеңін салыстырады
идея мен тақырып және тарихи, көркемдік құндылықтар бойынша екі шығарманың ұқсастықтарын анықтайды
идея мен тақырып және тарихи, көркемдік құндылықтар бойынша екі шығарманың айырмашылықтарын анықтайды
екі ақынның не туралы жазғанын, шығармаларды қалай жазғанын қорытындылайды
тұжырымдарды оқиды
таңдаған тұжырымға талдау жасайды
шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 752



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!