Қорқыт Ата «Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

 Қорқыт Ата «Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт Ата «Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И1. Әдеби шығарманың композициясы
8.А/И1. Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.
Сабақ мақсаты: Көркем шығарманың композициясын жан-жақты талдайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
«Көңілді әуен»
Оқушылар ортаға шығып шеңбер бойымен тұрады. Көңілді әуен ойнала бастағанда, мұғалім қалпақ береді. Оқушылар әуен ырғағымен қалпақты жылжыта отырып, бастарына киеді. Әуен тоқтаған кезде, кез келген оқушы басында қалпақ қалып қойған оқушыға жыр бойынша сұрақ қояды. Оң жақта тұрған оқушы сұраққа жауап береді.
Мағынаны тану
Оқушылар сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.
Мұғалім оқушыларды Қорқыттың нақыл сөздері жазылған парақшалар арқылы 4 топқа бөледі:
1-топ.
Тәңiрге сыйынбаған адамның тiлегi қабыл болмайды.
2-топ.
Сулар қанша тарам-тарам болып, тасып аққанмен, теңiздердi толтыра алмайды.
3-топ.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман.
4-топ.
Ата даңқын шығарып, өзiнiң тегiн қуған балаға ешкiм жетпейдi.
1-тапсырма ТЖ. «Суретті тосынсый»
Топтар жеребе арқылы «оқиғаның басталуы мен дамуы», «оқиғаның шиеленісуі», «оқиғаның шарықтау шегі», «оқиғаның шешімі» деген сөздерді алады. Әр топ жырдан сюжеттің өзіне тиген бөлігін анықтап, сол сюжет бөлігінен сурет салады. Тапсырманы орындау мерзімі аяқталғаннан кейін әр топ өз суретін тақтаға іледі. Топтар басқалардың суретіне қарап, сюжеттің қай бөлігі екенін анықтауы тиіс. Соңынан барлық сурет рет-ретімен қойылады.
2-тапсырма ТЖ.
Оқушылар «Ақыл-ой картасын» жасайды.
А тобы – Тәңірден бала сұрау, балажандылық, бала тәрбиесіне қатысты ұлттық ұғым-түсініктер;
Ә тобы – жырда бейнеленген ежелгі батырлық, ерлік дәстүрлері;
Б тобы – жырда үйлену тойына байланысты бейнеленген ежелгі қазақы салттар;
В тобы – өлім-жітімге байланысты бейнеленген ежелгі қазақы салттарды жыр жолдарынан тауып, «ақыл-ой картасына» топтастырады. Жырдан көрініс тапқан қазақы ұғымдардың маңызына тоқталады.
Белгіленген мерзімнен соң топтар «ақыл-ой карталарын» қорғайды. Басқалар өз карталарын қорғап жатқанда, әркім өзін толғандырған мәселелер мен сауалдарды дәптеріне түртіп алып отырады.
3-тапсырма Ж.,ТЖ.
«Жуан және жіңішке сұрақтар»
Топтар барлығының пікірлерін тыңдағаннан кейін жырдың композициясы бойынша өзге топтарға қоятын «Жуан және жіңішке сұрақтар» сұрақтар құрастырады және басқалардың сұрақтарына жауап береді.
Қалыптастырушы бағалау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 143



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!