Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

 Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.
Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Миға шабуыл
«Атаулар туралы үш сұрақ»
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша «оқымысты», «даналық», «тәлім-тәрбие» деген үш сөзді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынадай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:
1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестірдіңіз?
2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Оқушылар сұрақты үй тапсырмасымен (Йассауидің өмірі,
Хикметтер жайлы оқып келгендері) байланыстырып жауап береді.
Оқушылар хикмет шумақтарымен төрт топқа бөлінеді.
Мағынаны тану
1- тапсырма ЖЖ/Т.
Оқушыларға «Даналық кітабынан» үзінділер таратылады. Әр топ үзіндіні жұппен (1-жұп 1-үзіндіні, 2-жұп 2-үзіндіні) оқып, негізгі ойды, сюжеттік желісін анықтайды.
1-қадам. Оқушылар үзінділерді жұппен оқып, хикметтердің ғұмырбаяндық сипатын анықтайды.
2-қадам.Үзіндіде көтерілген мәселе, басты идеяны анықтап, дәлелдер келтіреді, қандай ғибрат алуға болатынын жазып, кесте толтырады.
Үлгі:
1-Хикмет
1-үзінді
Үзіндінің сюжеттік желісі Үзіндіде көтерілген мәселе, басты идея қандай? Үзіндіден қандай ғибрат алуға болады?
2-үзінді
Үзіндінің сюжеттік желісі Үзіндіде көтерілген мәселе, басты идея қандай? Үзіндіден қандай ғибрат алуға болады
3-қадам. Оқушылар толтырған кестелері бойынша топта пікір алмасады. Толықтырулар, түзетулер енгізеді.
4-қадам. Әр топтан екі оқушы басқа топтарға барып, өздері оқыған хикметті кесте бойынша баяндайды. Басқалар қажеттісін жазып алады.
2- тапсырма ЖЖ/Т.
«Блум түймедағының» әр күлтешесі ретімен cұрақтар қояды.
1. Қарапайым сұрақтар. «Не?..», «Қашан?..», «Қайда?..», «Қалай?..» сұрауларына жауап бере отырып, оқушылар шығарма мазмұнын қаншалықты меңгергендерін танытады.
2. Анықтаушы сұрақ. «Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?», «Менің түсінуімше, сіз ...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сіз былай айтқан сияқты болдыңыз...» деген сияқты сұрақтар қойып, анықтау мақсатында бір-бірімен пікірлеседі.
3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ.«Неліктен?» деп басталатын жауабын оқушылар білетін сұрақ.
4. Шығармашылық сұрақтар: «егер», «болса», «қалай болар еді» деген сұрақтарды қояды.
5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл былай, ал...?», «.. несімен ерекшеленеді?» деген сұрақтар бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталады.
6. Тәжірибелік сұрақтар. «Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?», «Кейіпкердің орында болсаңыз, не істер едіңіз?» деген сипаттағы сұрақтар теория мен практиканы ұштастыратын сұрақтар қояды.
Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды аралай жүріп, стикермен бағалайды.
3-тапсырма ЖЖ.
Тапсырма орындауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін әр топ өз пікірін қорғайды. Басқалары келісетін/келіспейтінін дәлелмен түсіндіреді.
Қалыптастырушы бағалау.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 865



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі