» » » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.
7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар
• Автор бейнесін анықтайды;
• Шығармадағы көркемдегіш құралдарды біледі;
• Шығарманы талдайды;
• Эссе жазады.
Көптеген оқушылар
• Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды;
• Шығармадағы көркемдегіш құралдарды талдайды;
• Әдеби эссе жазады.
Кейбір оқушылар
• Әдеби эссе жазуда ұлттық құндылықтарды өте жақсы қолданады;
• Шығармадағы көркемдегіш құралдарды талдай отырып, қолданады.
Сабақ барысы:
C. Медетбек Темірханның «Тәуелсізбін» өлеңін оқиды.
Тапсырма №1
Ж/Т. «Тақтамен бөліс» әдісі
Сұрақ:
• «Тәуелсізбін» өлеңін оқу арқылы авторды қандай адам деп ойлайсыңдар? Тақтаға әрқайсысың бір жауаптан жазыңдар. Жауаптарының 1-2 сөзден немесе сөз тіркесінен болғаны жөн екені ескертіледі.
Мынадай жауаптар болуы мүмкін: патриот, өз елін сүйетін, арманына жеткен, бақытты, т.б.
Кері байланыс. Оқушылар жазып болғаннан кейін, мұғалім олардың жазған кейбір сөздерін өздеріне бағыттап сұрақ қояды.
Мысалы, «Неліктен өз ұлтын сүйген ақын деп ойлайсыңдар?» – деген сияқты. Топ мүшелері бір-бірімен сөйлеседі, өлеңнің мазмұнына сүйене отырып, жауап береді.
Бағалау критерийі Дескриптор
оқушы
поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтайды. автор бейнесін анықтайды
өз ойларын дәлелдейді
Тапсырма №2
Т. Топтар берілген кестені толтырады.
1-топқа
Өлеңнен үзінді Үзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш құралдың қай түріне жатады? Неліктен көркемдегіш құралға жатады?
Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім!
2-топқа
Өлеңнен үзінді Үзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш құралдың қай түріне жатады? Неліктен көркемдегіш құралға жатады?
Жаным менің,
қаным менің тәуелсіз.
Арым менің,
жарым менің тәуелсіз.
Заңым менің,
бағым менің тәуелсіз.
Әнім менің,
дәнім менің тәуелсіз.

3-топқа
Өлеңнен үзінді Үзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш құралдың қай түріне жатады? Неліктен көркемдегіш құралға жатады?
Тәуелсізбін –
Өзіме-өзім құдаймын.
Тәуелсізбін –
Нұры –сынды, күн, айдың.
Кері байланыс
Топтар кестелерін сағат тілінің бағытымен өзінен кейінгі топқа береді. Оқып танысқаннан кейін, жауаптарын одан әрі нақтылау немесе түсінбегендерін білу мақсатында кестені толтырған топтарға сұрақ қояды.
Бағалау критерийі Дескриптор
оқушы
көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды көркемдегіш құралдың түрін анықтайды
қолданысын талдайды
Тапсырма №3
Ж/ЖЖ/Т. «Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі
Оқушыларға бір шумақ өлең беріледі. Ол өлеңде не айтылғандығы туралы жеке ойланады. Орнынан тұрып бір сыныптасымен талқылайды. Екеуі келесі жұппен бірігіп, топ болып талқылайды.
Қарсы қарап қатал мынау заманға,
Айналдық біз қайтпас, қайсар қамалға.
Алды бүгін тәуелсіздік тау, тасым,
орман, көлім, далам менен балам да!
Кері байланыс
Мұғалім олардың жауаптарын тыңдай жүріп, кейбір оқушыларға не топтарға жетелеу, ұлттық құндылықпен байланыстыра талдауға бағыттау,тереңдету бағытында сұрақтар қояды.
Тапсырма №4
Ақын Медетбек Темірханның
«Алды бүгін тәуелсіздік тау, тасым,
орман, көлім, далам менен балам да!» -
деп жырлауының себебі неде?
Өз ойыңызды 70-90 сөз көлемінде эссе түрінде жазыңыз.
Бағалау критерийі Дескриптор
оқушы
шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды, әдеби эссе жазады мазмұнды түсінеді
ұлттық құндылықпен байланыстыра талдайды
әдеби эссе жазады
«Ең, ең, ең» әдісі
Оқушылардан ауызша сұрауға болады.
Ең оңай болған тапсырма...
Ең ұнаған тапсырма...
Ең қиын болған тапсырма........



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 106 |



Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А.С. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А.С. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А С Пушкин «Ескерткіш» өлеңі 4-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А С Пушкин «Ескерткіш» өлеңі 4-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр»  жыры 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр» жыры 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 7-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 7-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» / «Зілді бұйрық» / 1-сабақ   (7 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» / «Зілді бұйрық» / 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 2-сабақ 7 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 2-сабақ, сабақ жоспары Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 2-сабақ 7 сынып қазақ әдебиеті қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін, Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )