Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 3-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

 Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 3-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 3-сабақ
Сабақ мақсаты:
Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Сыныптағы оқушылар шеңбер болып тұрады. Мұғалім қолына тоқыма жібін алады. Жіптің ұшын қолына ұстап, «Прописка» әңгімесінің бір эпизодын әңгімелеп айтқан айтқан оқушының қолына жіпті бір рет орайды. Ары қарай жалғастырып айта алған оқушы да жіптен ұстайды. Осылайша жауап берген әр оқушы қолына жіпті бір рет орай береді. Мұғалімнің қолындағы жіп азайған сайын, шеңбер болып тұрған оқушылардың қолындағы жіп те өрмекші торы секілді шиеленісе береді.
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
«Пирамидалық талқылау» әдісі бойынша төмендегі тапсырманы орында.
1.Негізгі кейіпкер,тақырып. 1 сөз не сөз тіркесі
2.Тақырыпты ашу (жасы,мінезі,сапасы,сырт тұлғасы) 2 сөз не сөз тіркесі
3.Оқиға орны (қоғамдық ортасы,оқиғалар қайда өтеді?)
4.Мәселе тарихы (мысалы: қаржы, жоқшылық, кездейсоқтық)
5.Бірінші оқиға.(көтерілген мәселелер)
6.Екінші оқиға (кейіпкерге не болды? Қоршаған орта ықпалы)
7.Үшінші оқиға (мәселені шешу үшін жасалған әрекеттер туралы)
8.Шешімі. 8 сөз не сөз тіркесі
1.Асхат
2.Бірбеткей, ұлтжанды
3.Алматыда, желтоқсан оқиғасы, Алтайдың ауа райы
4. Қала тәртібі, пропискаға тұра алмау, құқықтың бұзылуы, билік басындағылар
5.Әскерден келуі, декабрь оқиғасының әсері, жұмысқа тұра алмауы, Николай бригадирдің жаласы, жазылған донос
6. Күршімге сапар, туған жерге оралу, боранды күнгі сапар, жамалған жол, ауыр ойлар, өзектегі өкініш
7. жолда тоқтап қалған автобус, балалы келіншек, қардан жолды аршу, боранның артын күту, сынған автобусты күтпей кеткен екеу, жолдағы ойлар, алдағы белгісіз тағдыр.
8. Асхаттың ойлары, белгісіз тағдыр, кетіп қалған екі жолаушының белгісіз тағдыры, жөнделмеген жолдар, аяқсыз қалған прописка мәселесі, Көздеген жеріне жетпей қалуы, Алматыға оралмау туралы шешім
«Пирамидалық талқылау» әдісін кейіпкер бейнесін ашу үшін де қолдануға болады. Мысалы, Асхат бойындағы қасиеттерді (рухани дүниесінің дамуы) өсу ретімен жаз
2- тапсырма
Табиғат көрінісін сипаттап жаз
3- тапсырма
Оқиға орнын сипаттап жаз
4- тапсырма
Кейіпкер бейнесін сипаттап жаз
Мұғалім қолдауын қажет ететін оқушыларға сынып бөлмесін, үйінің ішін немесе сыныптасын сипаттап жазу тапсырмасы беріледі. Оқушының сенімін арттыра түсу үшін тірек сөздерді қоса берген дұрыс Мысалы адамды сипаттау үшін тепсе темірүзетін, үлпілдеген, қара қылды қақ жарған әділ, ұзын бойлы, сабырлы т.б....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 8 246



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!