Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 5-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

 Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 5-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 5-сабақ
Сабақ мақсаты: А/И4. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушылар алдымен терминдермен жұмыс істеу барысында сипаттау мен суреттеу тәсілдерінің синонимдес ұғым екенін түсініп, түрлерін ажыратады
Суреттеу — әдебиетте әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл.
Жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиғаның болған жерімен, оқиғаға қатысушы кейіпкерлермен, олардың жеке басына тән өзгешеліктерімен, оларды қоршаған ортамен таныстырып өтеді. Бұл көбіне суреттеу(сипаттау) жолымен жүзеге асады.
Мағынаны тану кезеңі
1-топ тапсырмасы
«Көктем шыға колхоз жұмысына біз де араласқанбыз.
Ортасына сым темір салып өртеген бір-бір дойыр қамшыны қолымызға алып, өгіз жеккен соқаның басына міндік.» 7-8 жасар балалардың ауыр жұмысын, ішкі сезімдерін, жасымай алға ұмтылуын сипаттап жаз.
2-топ тапсырмасы
«Кей күні ойыннан кейін мен кешкі тамақты ішіп ап, Бапайдың үйіне
баратынмын. Мен келгенде Аян ылғи темір пештің аузында от жағып
отырады.» Бапай үйін сипатта.
3-топ тапсырмасы
«Осы тұста Аян көзі шарасынан шығып, бізді жаңа ғана көргендей
бәрімізге бір-бір қарап өтті. Жалғыз көзді дәу естіп қоймасын дегендей
даусын бәсеңдетіп сыбырлай сөйлейді.» Аянның ертегі айтқан кездегі және ертегі тыңдаушылардың эмоциясын сипаттап жаз.
4-топ тапсырмасы
«Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, көпке
дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның
иісі сияқты жақсы иіс.» Жусан иісін сипаттап жаз.
«Қызық еді Аянның мінезі. Бірде, түн ортасында, дәл ұйқыға жатардың
алдында далаға шыққам. Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп
барады екен.» Аян мінезін сипаттап жаз.
5-топ тапсырмасы
«Алғашқы күндері күндізгі ойын кезінде Аянға шанамызды кезекпе-кезек сырғанауға беріп жүрдік те, келе-келе шетімізден сараңси бастадық.» Шанасыз Аянның, әр баладан шана сұраған Аянның ішкі сезімін сипаттап жаз.
6-топ тапсырмасы
«Аңызақ жел ұйтқи соққан ыстық күннің бірінде біздің
ауылға тағы бір қаралы қағаз келді. «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге кешегіден де қызық ертегі айтамын», – деп жалына дауыстай жүгірген Аянға келген еді.» Аянның сезімін сипаттап жаз
Оқушылар 120 сөзден тұратын сипаттама жазғаннан кейін, жазбаларын басқа топппен ауысады. Топ мүшелері бір-бірін бағалайды
Қолдауды қажет ететін оқушыларға сипаттау мәтінін жазу үшін тірек сөздер ұсыну керек. Мысалы: «Екі атаманның екеуі де оны өз топтарына алудан
бас тартты.
– Ой, қой, сен жүгіре алмайсың шойтаңдап, – деді олар. » Аянның сезімін суреттеп жаз деген тапсырмаға аяғын сүйреткен күйде, еңсесі түсіп, иығы салбырап, ауыр жаза, өмірлік өапе, тағдыр тәлкекі, көз жасын алақанымен сүртіп, жасқанбай алға қарап тсс тірек сөздерді беру оқушыда өзіне деген сенім арта түседі, әрі бағыт беруші тіркестерге синонимдес тіркестер қолдану да оқушыға қосымша сенім ұялатады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 398



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!